«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Топырақтың механикалық қҧрамы - топырақтың Н.А.Качинский



Pdf көрінісі
бет10/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
1.4 Топырақтың механикалық қҧрамы - топырақтың Н.А.Качинский 
бойынша бӛлінуі (классификациясы) 
Механикалық құрам –
топырақтың механикалық элементтер мен 
фракцияларының жиынтығы. 
Топырақтың механикалы элементтерінің топтануы – механикалы 
элементтердің жіктелуі болып аталады.Топырақтануда К:А:Качинский ҧсынған 
топырақ жіктелуі қолданылады. Бҧл классификация бойынша барлық 
топырақтар қҧрамындағы физикалық балшық мӛлшерімен (0,01мм.ден ҧсақ 
бӛлшектер) бӛлінеді. 
Механикалық қҧрам дегеніміз - топырақтағы механикалық элементтердің 
салыстырмалы қҧрамы. Ал оларды сан жағынан анықтауды механикалық 
анализ-сараптау деп атайды. 
Далалық 
жағдайда топырақтың механикалық қҧрамын сыртқы 
белгілеріне қарай және қолмен ҧстап кӛру арқылы шамамен анықтайды. Толық 
әрі дәл анықтау ҥшін зертханалық әдісті қолданады. 
Механикалық қҧрамы әртҥрлі топырақтың қасиеттері де әртҥрлі болады. 
Қҧмды топырақтар суды жақсы ӛткізеді, бірақ оны кӛп ҧстап тҧра алмайды, 
кӛктемде тез жылиды. Сондықтан оларды жылы топырақ деп атайды. Қҧмдақ 
топырақтар ауыл шаруашылық қҧралдармен тез ӛңделетін болғандықтан - 
оларды жеңіл топырақтар деп атайды. 
Ал сазды топырақтардың қасиеті ӛзгеше болады, олар ҧзақ қызатын 
болғандықтан суық деп, ӛңделуі қиын болғандықтан ауыр топырақтар деп 
аталады. 
Агрономиялық жағынан алғанда механикалық қҧрамы жӛнінен жақсы 
топырақтарға саздақ және қҧмдақ топырақтар жатады. 
Механикалық қҧрам - топырақтың негізгі агрономиялық сипаттамасы. Ол 
топырақтың қҧнарлық деңгейінде сипаттайды. Топырақтың физикалық 
қасиеттері - оның механикалық қҧрамына байланысты - тәуелді болады. 
Топырақтың механикалық қҧрамын білу, жердің жыртылу тереңдігін, 
тыңайтқыштар мен ҧрықты енгізу тереңдігін анықтау, суару, мерзімі мен 
тәсілдерін белгілеу ҥшін қажет. 
Топырақ ерекше табиғи дене ретінде 4 фазадан тҧратын кӛп фазалы 
полидисперсиялық жҥйе. Олар: 
-
қатты-минералды және органикалық бӛлшектер; 
-
сҧйық-топырақ ерітіндісі; 
-
газ тәріздес – топырақтағы ауа;
-
тірі – топырақтағы организмдер. Бҧл ағзалар бір-бірімен тығыз 
байланыста болады. 
Механикалық элементтердің ӛлшемдері әртҥрлі болуы мҥмкін. Тау 
жыныстарының ірі бӛлшектерінен, диаметрі микронның мыңнан бір бӛлігіне 
тең бӛлшектерге дейін, яғни топырақ қҧрамына кіретін әрбір бӛлшектің 
ӛлшемін анықтай беру мҥмкін емес. Сондықтан ӛлшемдері ҧқсас қарапайым 
бӛлшектерді бір топқа немесе фракцияға біріктіреді. Оңай бӛлудің ең кӛп 


тараған тҥрі Н.А.Качинскийдің - ҧсынған тҥрі топырақтың тҥйіршіктік қҧрамы 
ондағы тҥйіршік мӛлшеріне қарай мынандай топқа бӛлінеді. (1-кесте) 
1-кесте Топырақтың механикалық қҧрамы бойынша жіктелуі 
Тҥйіршік мӛлшері, мм 
Фракция 
аттары 
Фракциялар тобы 
1. 
2. 
3. 
>10мм 
3-10мм 
3-1мм 
Тастар 
Тас бӛлшектер 
Шағал 
қиыршық тас 
Топырақтың тас бӛлігі 
4. 
5. 
6. 
7. 
1-0,5мм 
0,5-0,25мм 
0,25-0,05мм 
0,05-0,01мм 
Ірі қҧм 
Орташа қҧм 
Ҧсақ майда қҧм 
Ірі тозаң (шаң) 
Топырақтың қҧм бӛлігі
Физикалық қҧм 
8. 
9. 
10. 
11. 
12. 
0,01-0,005мм 
0,005-
0,001мм 
0,001- 
0,0005мм
0,0005-
0,0001мм 
<0,0001мм 
Орташа тозаң
Ҧсақ майда 
тозаң 
Ірі қалың тҧнба 
Ҧсақ жҧқа тҧнба 
коллойдтар 
Физикалық саз
Топырақтар мен тау жынысының механикалық қҧрамы бойынша
(Н.А.Качинский) бӛлінуі 2-кестеде берілген.
2-кесте. 
Механикалық 
элементтердің 
қҧрамы 
бойынша 
бӛлінуі 
(Качинскийдің классификациясы).
№ 
№ 
Механикалық қҧрамы 
бойынша топырақ пен 
тау жынысының 
аталуы 
Физикалық саз қҧрамы 
Сортаңды 
және 
шӛлейт 
топырақтар 
Дала 
топырақ 
қҧрамы 

Бос қҧм 
0-5 
0-5 
Байланысқан қҧм 
5-10 
5-10 
Қҧмдақ 
10-20 
10-20 


Жеңіл саздақ 
20-30 
20-30 
Орта саздақ 
30-40 
30-45 
Ауыр саздақ 
40-50 
45-60 
Жеңіл саз 
50-65 
60-75 
Орташа саз 
65-80 
75-85 
Ауыр саз 
>80 
>85 
Кӛрсетілген бӛлшектеудегі механикалық тҥйіршіктерді қосып оған 
анықтама береді. Әр топырақта бірнеше механикалық фракциялар болады. 
Физикалық қҧм фракциясына 0,01мм-ден ірі бӛлшектерді, ал «физикалық саз» 
фракциясына - 0,01мм-ден кіші бӛлшектер кіреді. Әр фракцияның байланысына 
қарай топырақты әр тҥрлі механикалық қҧрамды топырақтарға бӛлуге болады. 
Егістегі топырақтың негізгі бӛлігі сол минералды механикалық 
элементтерден тҧрады. Осы екі бӛліктің ара қатынасына қарай Н.А. Качинский 
топырақты былайша топтауды ҧсынды. (3-кесте) 
3-кесте Топырақтың механикалық қҧрамына байланысты топтастыру 
№ Топырақтың аталуы 
Физикалық балшық, 

Физикалық қҧм, % 

Ауыр балшық 
80 

Балшық 
60 
40 

Ауыр балшық 
40 - 60 
55 – 40 

Орта балшық 
30 - 45 
70 – 55 

Жеңіл балшық 
20 - 30 
80 – 70 

Қҧмайт 
10 - 20 
90 – 80 

Қҧмша 
5 - 10 
95 – 90 

Қҧм
0 - 5 
100 – 95 
Бҧл екі бӛліктің қҧнарлығы ауа, су ӛткізгіштік қасиеттеріне қарай 
анықталады. Аталған топырақтың механикалық қҧрамдары бҧл ҥшін ӛте қажет. 
Механикалық қҧрамы жеңіл топырақ қабаты тез жылиды. Себебі жылуды тез 
ӛткізеді, сол сияқты ылғалды тез сіңіреді. Топырақты ӛңдеуге де жеңіл. Ал 
егіншілікте мҧндай топырақтан мол ӛнім алынбайды, себебі сіңген су тез 
дегдейді де, жылынған топырақ лезде суиды. 
Топырақтың механикалық қҧрамының топырақ тҥзуде, топырақты ауыл 
шаруашылығы және басқа мақсаттарға пайдалануда маңызы зор. Топырақтың
механикалық қҧрамымен оның кеуектілігі, су сиымдылығы, ылғал ӛткізгіштігі, 
ылғалды жоғары кӛтеру қасиеті, қоректік заттарды жинау мҥмкіншілігі, ауа, 
жылулық режимдері сияқты қасиеттері тығыз байланысты. Тастар, тас 
бӛлшектері, шағал тау жыныстарының сынықтары болғандықтан оның 
қҧрылымын қасиеттерін сақтайды. Олар топырақтың физикалық қасиеттеріне 
әсер етеді.


Құм (1-0,05мм)
топырақтың аз жылжымайтын бӛлігі. Ол негізінен 
кристалды кремний қышқылдарынан қҧралады. Кейбір жағдайда слюда 
пластинкаларымен басқа минералдың ҥгінділерінен қҧралады. Химиялық 
реакцияларға қатыспайды, ӛсімдіктер ҥшін қоректік зат емес, бірақ топырақтың 
физикалық қасиеттеріне әсерін тигізеді. Қҧм силикатты тау жыныстарының 
механикалық мҥжілуінің нәтижесінде пайда болады. 
Шаң (0,05-0,001мм)
тҧрақты кристалды және аморфты кремний 
қышқылдарынан тҧрады. Шаң фракциясы салыстырмалы тҥрде алғанда
топырақтың инертті бӛлігі, химиялық және физикалық процестер, бҧл 
фракцияда нашар жҥреді. 
Тұнба-(<0,001мм)
бҧл топырақтың ең белсенді және жылжымалы сазды 
бӛлшегі. Тҧнба қҧрамына минералдық және аз мӛлшерде органикалық заттар 
кіреді. Бҧлардың тҥйіршіктерінің бір-бірімен байланысы жақсы серпімді. 
Топырақтың механикалық қҧрамы бойынша оның физикалық қасиеттері 
жайында жуықтап қана айтуға болады. Топырақтың механикалық 
элементтерінің қҧрылымы оның қасиеттерінің жиынтығын бермейді. 
Топырақтардың қасиеттеріндегі ҥлкен алшақтық микроагрегаттық қҧрамының 
әртҥрлілігімен тҥсіндіріледі. Топырақтың микроагрегатты қҧру қабылеті 
тҧнбаның мӛлшеріне байланысты болады. Микроагрегаттық анализ кезінде 
алынған тҧнба мӛлшерінің механикалық анализ кезінде алынған тҧнба 
мӛлшеріне қатынасы дисперстік коэфициент деп аталады. Осы қатынас ҥлкен 
болған сайын топырақтың агрегатты қҧру қабілеті азайып, топырақтың 
микроқҧрылымын, беріктігін тӛмендетеді. Қара топырақтың дисперстік 
коэфициенті 10%-н аспайды, ал сортаң топырақтарда осы кӛрсеткіш 60-80% 
асуы мҥмкін. 
Топырақтың микроагрегаттық қҧрамы динамикалық шама осыған орай 
негізгі физикалық қасиеттері де ӛзгермелі ҥнемі қозғалыста болады. 
Барлық тҥйіршіктерді олардың ӛлшемдеріне байланысты топтарға немесе 
фракцияларға біріктіреді.Осы фракциялардың проценттік ҥлесі топырақтың 
механикалық немесе гранулометрлік қҧрамы деп аталады. Қазіргі кезде 
Н.А.Качинскийдің элементар топырақ тҥйіршіктерінің классификациясы 
қолданылады. 
Уақыт ӛте келе топырақтың механикалық қҧрамы ауырлану жағына қарай 
ӛзгереді, ал элювиальдық қабатта (А
2
) ол салыстырмалы тҥрде жеңілдейді. 
Бҧған осы қабаттан жҧқа дисперсті бӛліктің тӛменге қарай жайылуы себеп 
болады. Механикалық қҧрамға топырақтың сулық, физикалық және физико-
механикалық қасиеттері байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет