«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Топырақтың коллоидты бӛлігі және оның сіңіру қабілеті



Pdf көрінісі
бет7/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
1.3 Топырақтың коллоидты бӛлігі және оның сіңіру қабілеті.
 
Топырақтардың сіңіру қабілеттілігі туралы ілімнің іргетасын К.К. Гедройц 
(1955) қалаған. Топырақ ҥш кҥйде болады – қатты, сҧйық және газ тәріздес
сондықтан топырақ – ҥш фазалық кеуекті дене. Ерітінділер мен суспензиялар 
топырақтарда жылжи отырып топырақ бӛлшектерімен ҥйкеліске тҥседі. 
Молекулалар мен иондардың бір бӛлігі тҧтылады және алмасады. Топырақтың 
қатты кҥйде топырақ суспензиялары мен ерітінділерінен әр тҥрлі заттарды 
сіңіріп және олармен алмасу қабілеттілігін топырақтың сіңіру қабілеттілігі деп 
аталады. 


Топырақтың сіңіру қабілеттілігін бес тҥрге жіктейді: механикалық, 
физикалық, физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық. 
Сіңіру қабілеттілігінің барлық тҥрлері топырақтың коллоидты 
бӛлшектеріне тәуелді, ал олардың ішінде екеуі – физикалық және физикалық-
химиялық – топырақтың коллоидтары және олардың қасиеттеріне байланысты 
Топырақ қабатында ӛсімдіктерге қажетті қоректік заттардың жиналуы, оның 
сіңіру қабілетімен тығыз байланысты болады. Топырақтың сіңіру қабілеті деп 
оның ӛз бойында ӛсімдіктерге қажет қоректік заттар мен топырақ ауасын жинау 
қабілетін айтады.Сіңіру қабілеті - әр топырақта әр қилы болады, ол әдетте 
ондағы ҧсақ тҥйіршіктердің мӛлшеріне байланысты. Топырақ сіңіру қабілетін 
кҥшейтетін мҧндай ҧсақ тҥйіршіктерді коллоидты тҥйіршіктер деп атайды. 
Коллоидты тҥйіршіктер негізінен екі жолмен тҥзіледі, олар біріншіден
тау жынысының бҧзылуынан, екіншіден – органикалық заттардың ыдырауынан 
пайда болады. Осы тҥзілу жҧмысының қалай ӛтуіне қарай кейбір коллоиды 
тҥйіршіктердің қҧрамында органикалық, ал қайсы біреуінде минералдық 
тҥйіршіктер басым болады. Сіңіру қабілеті бес тҥрге бӛлінеді: 
1. Биологиялық сіңіру
деп, топырақтың тірі бӛлігі (микроорганизмдер мен 
ӛсімдік тамырлары) арқылы әртҥрлі заттарды сіңіруін айтады. Мҧның 
топырақтағы қоректік заттардың жуылып кетпей сақталып тҧруында ҥлкен мәні 
бар. Бҧл сіңіру ӛсімдіктердің тамырлары мен микроорганизмдер тіршілігіне 
тікелей байланысты, ӛйткені олар топырақтан қажетті заттарды алып, оны ӛз 
мҥшелерін қҧруға жҧмсайды, сӛйтіп ерімейтін кҥрделі органикалық 
қосындылар (мәселен, азот заттарын сіңіргенде ағуыздар) тҥзеді.. 
Органикалық заттар тҥрінде бекіген қоректік элементтер топырақтарға тҥседі 
және оларда жинақтала береді. Биологиялық сіңіру қабілеттілігі азоттың және 
барлық маңызды қоректік элементтердің ӛсімдіктерге тиімді қатынастарда 
бекуін қамтамасыз етеді. Оның эрозиялаған, жас, әлсіз дамыған және 
механикалық қҧрамы бойынша жеңіл топырақтарда ҥлкен ерекше маңызы бар. 
Топырақтың тҥзілу ҥрдістері мен бҧзылу кездерінде әртҥрлі заттардың 
қозғалуы, бекуі, пайда болуы және ыдырауы, топырақтардың маңызды 
қасиеттерін кӛрсететін сіңіру қабілетінің барлық формаларының әсер етуінен 
жҥреді. 
Топырақтардың 
биологиялық 
сіңіру 
қабілеттілігі 
ӛсімдіктердің 
қоректендіру элементтерін таңдап сіңіруімен шартталған.
2. Механикалық сіңіру
қабілеті деп топырақтың басқа тҥйіршіктер 
аралықтарындағы қуыстардың диаметрінен ҥлкен заттарды сҥзіп алып қалуын 
айтады. Механикалық қҧрамы сазды және саздақ болса топырақтың сіңіру 
қабілеті кҥшті болады. Механикалық 
сіңіру 
қабілеттілігі 
– 
топырақ 
суспензиялары 
бӛлшектерін 
топырақтың 
тҧту 
қабілеттілігі. 
Топырақ 
суспензиялары топыраққа судың ағып келуі және сіңуі кезінде пайда болады. 
Топыраққа енетін су ӛзімен бірге қалқыма бӛлшектерді, молекулаларды және 
иондарды ала жҥреді. Бӛлшектер топырақтың кеуек жҥйелері мен жолдар арқылы 
сумен бірге жылжый отырып, біртіндеп ондағы тар аралықтарда тҧтылып қалады. 
Бҧл кӛбінесе бҧрылыстар мен бітеу жерлерде болады. Топырақ кеуектері неғҧрлым 


тар болған сайын онда топырақ суспензияларының кӛп бӛлшектері ҧсталып 
қалады. Мысалы, тастар суспензия бӛлшектерін нашар ҧстайды, қҧмдарда топырақ 
бӛлшектері ҧсталады, саздық топырақтарда – коллоидты бӛлшектер, сонымен бірге 
микроағзалар ҧсталады. Топырақтардың механикалық сіңіру қабілеттілігі топырақ 
ерітінділерін қалқыма бӛлшектерден жоғарғы дәрежеде тазалауды қамтамасыз 
етеді. Олардың бір бӛлігі жоғарғы қабатта қалады да жинала береді, уақыт ӛте келе 
топырақтың механикалық қҧрамы ӛзгереді. Топырақтардың сіңіру қабілетінің бҧл 
тҥрі суару, су суспензияларын ӛндірістік мақсатта пайдалану және ауыз суын 
тазалау кездерінде пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет