«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет5/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Жіңішке қуысты – 
топырақты тесетін қуыстық диаметірі 1 мм. 
Кӛбінесе лесстерде және одан қалыптасқан топырақтарда кездеседі. 
Б. 
Қуысты –
қуыс диаметрі 1 – 3 мм., лессты топырақтарда ( сҧр 
топырақтар, шымды – кҥлгін топырақтарда ) кездеседі. 
В. 
Губка тәрізді – 
топырақ 3 –5 мм. қуыстарымен 
 
тесілген, кӛбінесе 
кҥлгін қабаттарда кездеседі. 
Г. 
Тесікті немесе танаулы – 
қуыс диаметрі 5 – 10 мм. (сҥр топырақтарда 
кездеседі және жер қазатын хайуанаттарға байланысты). 
Д.
Ұя тәрізді – 
қуыстардың диаметрі 10 мм. (субтропикалы және тропика 
топырақтарында), 
Е.
Трубка тәрізді – 
ҥлкен жер қазғыш тышқандармен тесілген. 
2.Бӛлшектердің қуыстар арасында орналасуынан: 
А. 
Жінішке жарықты – 
3 мм. ден
 
жінішке, қуыстар тік бағытта 
орналасқан. 
Б. 
Жарықты – 
жарықтардың кӛлемі 3 – 10 мм-ден жінішке, призмалы 
және діңгек тәрізді топырақтарда кездеседі. 
В. 
Саңылаулы – 
тік орналасқан қуыстар кӛлемі 10 мм-ден кең, кейбір 
кебір топырақтар діңгекті қабаттарда кездеседі. 
3.Топырақтың қысымы коллоидтарға – кремнезем, аллюминий және темір 
қосындыларының цементтелуіне, механикалық қҧрамына, жануар және ӛсімдік 
тамырларының тіршіліктеріне байланысты қҧрғақ кезінде тӛменгідей 
дәрежелерге бӛлінеді: 
А.
Өте тығыз немесе біріккен
қҧрылыс – топыраққа кҥрек кірмейді (1 см. 
ден артық кірмейді) біріккен қара топырақтарда, кебір топырақта кездеседі. 
Б.
Тығыз жайласу – 
кҥрек немесе пышақ топыраққа зорға кіреді, 4 – 5см 
теренділікке, топырақ қолмен әзер сынады (балшықты топырақтар және кебірлі 
қабаттар). 


В.
Борпылдақ 
қҧрылым – топырақ тҥйіртпекті, кҥрек немесе пышақ 
топыраққа оңай кіреді, тҥйіртпекті агрегаттар ӛз арасында аз цементтелген 
(қҧмбалшықты топырақтар – жоғарғы қабаттар). 
Г.
Үгілшікті 
қҧрылыс – кҥрек және пышақ топыраққа оңай кіреді. 
Топырақ сусымалы (шаңданған топырақ қабаттары). 
Топырақ ылғалдылығы. 
Тҧрақты кӛрсеткіш емес, сондықтан әр тҥрлі 
факторларға байланысты: метеожағдайдан, жер астындағы сулардың 
орналасуынан, топырақтың механикалық қҧрамынан, ӛсімдіктер ерекшелігінен 
т.б. 
Ылғалды топырақ қҧрғақты топыраққа қарағанда кҥңгірт тҥсті болады. 
Топырақ ылғалдылығы оның қҧрлымы мен қҧрлысына әсер етеді. 
Далалық жағдайда топырақ ылғалдылығы бес дәрежеге бӛлінеді: 
1.
Құрғақ топырақ – 
шаңды, қолға ҧстағанда ылғал сезілмейді, қолды 
суытпайды, топырақ ылғалдылығы гигроскопиялық ылғалдылыққа жақын 
(ылғалдылық ауалы қҧрғақ жағдайда) 
2.
Ылғалдылау топырақ – 
қолды суытады, шаңдатпайды кепкенде 
кішкене ақшылданады. 
3.
Ылғалды топырақ –
қолға ылғал айқын сезіледі, фильтрлі қағазды 
ылғалдатады, кепкенде тҥсі ақшылға ӛзгереді және қолмен қысқанда топырақ 
формасын сақтайды. 
4.
Дымқыл топырақ –
қолмен қысқанда топырақ қамыр тҥсті кҥйге 
айналады, су қолды ылғалдандырады. 
5.
Сулы топырақ –
топырақты қолмен қысса бармақтардың арасынан 
су ағады. 
Топырақтың қалыңдығы дегеніміз
- оның тік вертикаль бағыттағы жер 
бетінен санағанда аналық жыныстық ӛзгермейтін бӛлімге дейінгі тереңдігін 
айтады.
Топырақтың түсі 
- бҧл кӛзге бірден тҥсетін негізгі морфологиялық 
белгісі. Бҧл белгі арқылы топырақтың қандай типіне жататындығын бірден 
байқауға болады. Сондықтан топырақтың тҥсіне байланысты топырақтың 
атаулары пайда болған қызыл, сары, қара, сҧр топырақ. Топырақ тҥсінің 
агрономиялық маңызы жоғары. Тәжірибелі егіншілер топырақ қҧнарлығын, 
жердің сапасын, олардың тҥсіне қарай ажыратқан. Сонымен қатар топырақтың 
қҧнарлығы оның қара шіріктің мӛлшеріне тәуелді болады. Топырақтың тҥсіне 
әсер ететін негізгі қҧрамдар мыналар:
1. Гумус заттары - олар топырақты қара немесе қара қоңыр тҥс береді. 
2. Темір және марганец тоттары - топырақта сары, қызыл, сия тҥстер береді. 
3. Кремний қоспалары - әк қосылыстары, каолинит, алюминий гидрооксиді 
немесе суда тез ерігіш тҧздар негізінен ақ тҥс береді (хлоридтер мен 
сульфаттар). 
4. Темірдің шала тотығы - топырақта кӛкшіл, сҧр, сия тҥс береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет