«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет6/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Топырақтың механикалық құрамын
- сыртқы белгілеріне қарай және 
қолмен ҧстап кӛру арқылы шамамен анықтайды. Дәл анықтау ҥшін зертханалық 
әдістер қолданады. Егістік басында далалық жағдайда топырақтың 


механикалық қҧрамы, топырақтың ылғалдандыру жағдайына сай анықталады. 
Топырақтың механикалық қҧрамы мынадай тҥрлерге бӛлінеді. 
1. Бос борпылдақ қҧм 
2. Байланысқан қҧм 
3. Қҧмдақ 
4. Саздақ (жеңіл, орта, ауыр) 
5. Саз (жеңіл, орта, ауыр) 
Топырақтың құрылымы деп
- оның әртҥрлі пішінді тҥйіртпекті агрегаттарға 
бӛліну қасиетін айтады. Бҧлардың 3 тҥрі бар. 
1. Куб тәріздес 
2. Призма тәріздес 
3. Плита тәріздес 
1. Куб тәріздес топырақ тҥйіршіктері ӛзара перпендикуляр тік 3 ось 
бойымен топтасып дамыған
2. Призма тәріздес топырақ тҥйіршіктері вертикаль ӛзек бойымен топырақта 
орналасады. 
3. Плита тәріздес топырақ тҥйіршіктері кӛбінесе 2 горизонталь осьтің 
бойында орналасады. 
Қҧрылымның мӛлшері бойынша (П.В.Вершинин) мынадай топтарға 
бӛледі; 
Мегақҧрылым (кесекті) – 10 мм. – ден ҥлкен. 
1.
Макроқҧрылым – 10 – 0,25 мм. 
2.
Дӛрекі макроқҧрылым – 0,25-0,01 мм. 
3.
Жҧқа микроқҧрылым – 0,01 мм-ден ҧсақ. 
Агрегатының кӛлемі 1 мм-н 10 мм-ге дейінгі топырақ бағалы қҧнарлы деп 
есептеледі. Ӛйткені мҧндай топырақ ылғалды ҥнемді жҧмсайды, ысырап 
етпейді, яғни бӛлшегінің қҧрамында Са катионы болады. Топырақтың бітімі 
оның қуыстарымен тығыздығының сыртқы кӛрінісі болып табылады. Ол 
топырақтың механикалық қҧрамына ӛсімдік фаунасының әрекетіне және тҥріне 
ӛсімдіктің тамыр жҥйесінің дамуына байланысты болады. Топырақты 
тығыздығына қарай 4-ке бӛледі. 
1. Біртҧтас ӛте тығыз топырақ.
2. Тығыз топырақ. 
3. Басы бірікпеген топырақ - борпылдақ топырақ 
4. Бос - жылжымалы топырақ. 
1. Біртҧтас ӛте тығыз топырақтар - сортаң және корбанатты жерлерде 
кездеседі, ауа мен суды ӛткізбейді, механикалық қҧрамы ауыр, әрі қҧрғақ 
болады. Агрономиялық тҧрғыдан топырақты ӛңдеуге жарамайды. 
2. Тығыз топырақ жердің жыртылған қабатынан тӛмен орналасқан. 
Сортаңдау және механикалық қҧрамы ауыр балшықты жерлерде топырақ тығыз 
болады. Агротехникалық шаралар қолданылған жағдайда мҧндай топырақты 
ауылшаруашылығында пайдалануға болады. Тығыздау топырақ жердің 
иллювиальді қабатында кездеседі. 


3. Борпылдақ топырақ жердің ҥстіңгі қабатында болады. Онда органикалық 
заттың кӛп болуына байланысты қҧрылымы тҥйіртпекті арасынан ауа, су ӛтетін 
кеуектер кӛп болады. Сондықтан мҧндай қҧнарлы топырақта ӛсімдіктер жақсы 
ӛседі. 
4. Бос жылжымалы топырақ қҧмдақ және қҧмды жерлерде болады. Ауыл 
шаруашылықта пайдалану ҥшін арнайы агротехникалық шараларды қолдануды 
қажет етеді. Топырақ массасы сусымалы болып келеді. 
Топырақтың тығыздылығы
- оның борпылдақ қуысты немесе тығыз болу 
қасиеті, бҧл кӛрсеткіш топырақтың тығыздығы мен жҧмсақтығын және 
қҧрылым бӛліктерінің арасындағы қуыстар дәрежесін білдіреді. Топырақ 
қуыстары ауа мен судың, жылудың жылжуына ықпал етеді. Топырақтың 
тығыздылығы топырақтың қҧрылымына механикалық қҧрамына органикалық 
және минералдық бӛлшектердің мӛлшеріне байланысты. 
Топырақтың кеуектілігі
– топырақта кӛп орын алады. Кеуектердің кӛлемі 
тҥрлі топырақтарда ғана емес, тіпті бір тҥрдегі топырақтың ӛзінде тҥрліше 
болады, ірі қуыстардың тесігі бірнеше сантиметр болуы мҥмкін, уақ 
кеуектердің мм-дің жҥзден, мыңнан бір бӛліміндей немесе одан да тар болуы 
мҥмкін. 
Топырақтағы кірмелер
- топырақта оның тҥзілуі процесіне қатысы жоқ 
бӛтен заттар кездесуі мҥмкін, тас, кірпіш т.б. Бҧлар топырақтағы кірмелер 
болып есептеледі. 
Топырақтағы қосылыстар. Жаңа тҥзілген заттар мен қоспалар. Жаңа 
тҥзілген заттар деп - топырақ қабаттарында жинақталып, қҧралатын әртҥрлі 
химиялық қҧрамды және әртҥрлі пішінді заттардың жинақталуын айтады.
Жаңа тҥзілген заттарға мыналар жатады: жеңіл еритін тҧздардың, 
негізінен NaCl, MgSO
4. 
Na
2
SO
4
-дың жинақталуы. Олар тҧздалған топырақтарда, 
сҧр және қара топырақтарда кездеседі. Бҧлар гипс, ақ тас, темір тотығы және 
жекелеген тҧз кристалдары. 
-
Гипстің (Ca SO
4
∙H
2
O) жинақталуы - кӛмірқышқыл әгінің жинақталуы; 
-
Темірдің, марганецтің, фосфор қышқылының гидраттары мен сілтілерінің 
жинақталуы. 
-
Темірдің қышқылдық қосылыстары - Fe
2
O
3
H
2
O; Mn
2
O
4
; Al
2
(PO)
4
;
Fe
2
SO
4
; Mn
2
O; т.б.
-
Кремний қышқылының жинақталуы - SiO
2
Қоспалар
деп - тҥзілуі топырақ тҥзілу процесіне қаттыссыз топырақ 
қҧрамындағы органикалық және минералдық денелерді айтады. Кейбір 
топырақтардың пішінінде әртҥрлі жаңа қосылыстарды байқауға болады. 
Олардың тҥстерінің топырақтың жалпы тҥстерінен айырмашылығы айқын 
кӛрінеді. Бҧл заттар химиялық немесе биологиялық жолмен пайда болуына 
байланысты екіге бӛлінеді: 
Қоспаларға жататындар - ӛсімдік тамырлары және тағы басқа бӛліктері 
жинағаннан кейінгі қалдық. 
-
жануарлардың қалдықтары, сҥйектер; 
-
тау жыныстарының бӛлшектері, ірі тастар; 


-
кірпіш сынықтары, кӛмір, шыны сынықтары. 
Топырақтағы қосылыстар химиялық немесе биологиялық жолмен пайда 
болуына байланысты екіге бӛлінеді. 
1.
Химиялық қосылыстар тез ерігіш тҧздар NaCl, Na
2
SO
4
∙10H
2
O, MgCl
2
,
CaCl 
бҧл тҧздардың тҥстері ақ, кӛбінесе тҧздалған топырақтарда кездеседі. 
2.
Гипс CaSO
4
H
2
O: Бҧл да ақ сарғыш тҥсті. Топырақтың бос кеуекті 
жерлерінде шоғырланады. Қҧба, сҧр-қҧба топырақтарға тән. 
3.
CaCO
3
– кӛміртегі карбонаты, тҥсі ақ. Бҧл тҧз да топырақ пішінінде 
ерекше кӛрініп тҧрады. HCІ мен қайнаған реакция береді.
4.
Fe
2
O
3
H
2
O, Mn
2
O
4
,AІ
2
(PO
4
)
3
FePO
4
MnO т.б. Қара, қызғылт, тот басқан 
сияқты тҥстерге боянған қосылыстар. 
5.
FeCO
3
, Fe
3
(PO
4
)
2
, 8H
2
O – кӛк, жасыл тҥсті қосылыстар. Батпақты 
топырақтарда кездеседі. 
6.
SіO
2
– ақ тҥсті, кҥл сияқты болып кҥлгінді, орманды-сҧр, сортаң 
топырақтарда кездеседі. 
7.
Қарашірік заттары – жолақ-жолақ қара тҥсті ӛтпелі қабатқа дейін 
жетеді.
2. Биологиялық қосылыстар. 
1.
Капролиттер – жаңбыр қҧрттарының іштерінен шығады.
2.
Кӛр тышқандардың жҥрген жолдары. 
3.
Ҥлкен ағаштардың тамырлары. 
4.
Қҧрттардың топырақтағы іздері. 
Осы айтылған қосындылардың қҧрамы, тҥрлері топырақтың тҥзілу 
қҧбылысына байланысты. Сондықтан да осылар арқылы топырақтың типтері
оның агрономиялық қҧндылығы туралы айтуға болады. 
Тағы бір морфологиялық сипаттамаға қатысы бар нәрсе - ол топырақтың 
НCI тамызғанда болатын реакцияның белсенділігі. Бҧл реакция топырақта 
карбонаттардың бар немесе жоқ екенін кӛрсетеді. 
СаСО
3
+2НСI=СаСI
2

2
О+СО

СО

- қайнап шығады, соның деңгейіне қарап, карбонаттардың бар-жоғын, 
мӛлшерін айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет