«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет13/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
 Топырақтың тірі бөлігі.
Топырақ - тірі дене. Топырақтың қҧрамында, 
жоғарыда айтылғандай, тек ӛлі минералды заттар ғана емес, әр кезде азды-кӛпті 
тірі организмдер, тҥрлі микроорганизмдер мен қарапайым майда жәндіктер 
болады. Бҧлар топырақтың тірі бӛлігін қҧрайды. Микроорганизмдер 
табиғаттың ыстық-суығына да, оттегінің бар-жоғына да, ортаның қышқылдығы 
мен сілтілігіне де қарамайды, барлық жағдайға бейім келеді. Тек оларға қажетті 
ылғал мен қоректік зат болса болғаны, сондықтан олар табиғаттың барлық 
бҧрышында да кездеседі. Олар топырақтың бір бӛлігі болып саналады. 
Топырақтың тірі бӛлігіне ӛсімдіктердің тірі тамырлары да жатады, ӛйткені 
ӛсімдіктің 
тамырынсыз 
топырақ 
пайда 
болмайды.Топырақта 
микроорганизмдердің тҥрлері мен санының әр тҥрлі болуы ондағы табиғи 
жағдайлардың, яғни топырақтың тҥрліше болуына байланысты. Қҧнарлы қара 


топырақтың бір грамында бактерия саны 5 млрд., қҧнары аздау кҥлгін 
топырақта оның саны 1 млрд. екен. Кӛрнекті микробиолог ғалым Н.А. 
Красильниковтың есептеуіне қарағанда, топырақтың қҧнарлы қабатында 
гектарына 5-7 тоннаға дейін тірі бактериялар болады екен (Н.А. Красильников, 
1954). 
Балдырлардың да топырақта негізінен екі тҥрлі жасыл және 
диатамды тҥрі тіршілік етеді. Бҧлар алғашқы топырақ тҥзушілер қатарына 
жатады. Топырақта кӛп тарағандардың бірі – саңырауқҧлақтар. Олар негізінен 
орманды, ылғалды аймақтардың топырақтарында ӛседі.Саңырауқҧлақтардың 
кӛп тараған тҥрі – актиномицеттер (немесе сәулелі саңырауқҧлақтар). Қыналар 
– топырақта кӛп кездесетін, алғашқы топырақ тҥзуші тӛменгі сатылы 
ӛсімдіктердің бірі.Микроорганизмдердің кӛбісі топырақтың жоғары қҧнарлы 
қабатында, әсіресе ӛсімдік тамырларының айналасында, және ӛсімдік 
тамырларының ішінде (тҥйіршік бактериялар) кездеседі.Топырақ қҧрамында 
бҧл микроорганизмдер мен тӛменгі сатылы ӛсімдіктерден басқа, тӛменгі 
сатылы қарапайым жәндіктер: амебалар, тамыраяқтылар, инфузориялар және 
тағы басқалар кездеседі. Бҧлардың саны 1 г топырақта 1 – 1,5 миллионға шейін 
жетеді.Микроорганизмдер мен тӛменгі сатылы организмдер топырақта жай 
ғана ӛмір сҥрмейді, олар ӛседі, ӛнеді, ӛледі, сӛйтіп топыраққа кҥрделі 
ӛзгерістер енгізеді. Микроорганизмдер, ӛсімдіктер мен жануарлардың 
органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып жай қосылыстарға: суға, кӛмір 
қышқыл 
газына, 
аммиакқа 
және 
басқа 
заттарға 
айналдырады. 
Микроорганизмдер органикалық қалдықтарды тек ыдыратып қана қоймайды, 
олар гумус сияқты кҥрделі зат қҧрайды. Сонымен топырақта ӛмір сҥретін 
микроорганизмдер мен тӛменгі сатылы қарапайым жәндіктер оның қасиетеріне 
әсерін тигізетін, тіпті тҥзуші фактордың ӛзі бола тҧрып, оның қҧрамының бір 
бӛлігі болып саналады.Міне, сондықтан да топырақ тірі денеге жақын деп 
танылып, биология ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады.
Микроорганизмдер мен тӛменгі сатылы организмдерден басқа топырақты 
мекендейтін әртҥрлі омыртқасыз және омыртқалы жәндіктер мен жануарлар 
кӛп. Олардың топыраққа тигізетін әсері біраз шамада. Дегенмен, олар тікелей 
топырақ қҧрамына енбейді. Олардың ішінде топырақ қасиеттері мен қҧнарына 
ӛте мол әсер ететін жәндік – жауын қҧрты. Ол топырақ пен топырақ араласқан 
органикалық затттармен қоректенеді де, оны денесінен әртҥрлі тҥйіршіктер 
ретінде шығарып, ӛзіне тән капролитті қҧрылым тҥзеді. Топырақ денесімен 
ары-бері тесіп ӛтетіндіктен, оның топырақтың ауа-ылғал режиміне де әсері 
кӛп.Қазақстанда жауын қҧрттары суармалы егіс алқаптарында, терістік қара 
топырақты аймақта, таулы алқаптарда, әсіресе Шығыс Қазақстандағы Алтай 
таулы аймағында кӛп кездеседі. Алтай аймағында жауын қҧртының ірі тҥрлері 
тіршілік етеді.
Тірі организмдердің топырақ қарашіріндісін тҥзудегі 
рӛлі ерекше. Топырақтың органикалық заттарының ішінде неше тҥрлі шіріген 
немесе толық шірімеген жануарлардың қалдықтары кӛп. Жалпы топырақтағы 
органикалық заттардың кӛзі ретінде топырақтың бетіне тҥсіп, топырақ 
қабаттарында жиналып, топырақтың тҥзілу процесіне қатысатын – биоценоз 
қалдықтары. Биоценоздың мӛлшері, қҧрылымы мен динамикасы табиғи 


зоналардың барлығында бірдей емес. Негізгі органикалық қалдықтар 
ӛсімдіктерден тҧрады. Бҧл биологиялық қалдықтар омыртқасыз жануарлар мен 
микроорганизмдер қалдықтарымен салыстырғанда бірнеше ондаған немесе 
жҥздеген есе артық, ал омыртқалы жануарлармен салыстырғанда мың есе 
артық. Сондықтан ӛсімдіктердің жер бетіне тҥскен қалдықтары және олардың 
тамырлары, ыдыраған ӛсімдіктердің бӛліктері – органикалық заттарды 
қҧрайтын негізгі материалдар.Органикалық заттардың ыдырауы - ӛте кҥрделі 
қҧрылымдар мен молекулалардың жартылай жай молекулаларға ауысуы, оның 
ішінде толық ыдырап кеткен заттарға (СО
2
, NН
3,
Н
2
О т.б.). Органикалық 
компоненттердің ыдырауы ӛте кҥрделі әрі ҧзаққа созылатын қҧбылыс, себебі 
бҧл механикалық немесе физикалық бӛліну, биологиялық немесе биохимиялық, 
химиялық 
қосылыстардан 
тҧрады.Органикалық 
заттарды 
ыдыратуда 
топырақтағы әр тҥрлі ағзалар ҥлкен рӛл атқарады.Барлық топырақтарда 
органикалық заттарды ыдыратуда міндетті тҥрде бактериялар қатысады, 
ӛйткені олар заттарды ыдыратуға ӛте қабілетті. Олар ӛздері шығаратын 
ферменттермен қоректену ҥшін белокттарды, кӛмірсутектерді, органикалық 
қышқылдарды, спирттерді пайдаланады. Бактериялар сияқты актиномицеттер 
де органикалық заттарды ыдыратуға белсенді қатынасады. Топырақта ҧзақ 
уақыт болып, ӛздеріне қолайлы жағдай туғыза отырып, әсіресе қара топырақта 
белседі 
тҥрде 
органикалық 
заттарды 
шірітуде 
ҥлкен 
рӛл 
атқарады.Саңырауқҧлақтарда ферменттердің сан-алуан тҥрлері кездеседі, олар 
органикалық 
заттардың 
ӛзгеруіне 
жан-жақты 
қатысады, 
бірақ 
та 
бактериялармен салыстырғанда әрекеттесу жылдамдығы аз. Ал ароматикалық 
заттарды шірітуде олар белсендірек.Табиғатта лигнин мен таниннің ыдырауы 
осы ағзаларға байланысты. Қара шіріктің тҥзілуі де саңырауқҧлақтардың 
кӛмегінсіз ӛтпейді. Топырақта целлюлозаны, триходерма, фузариум, кейбір 
аспцилиумдерді ыдырататын да осылар. Органикалық заттардың қҧралуына 
балдырлар – автотрофтар қатысады. Балдырлар тҥзген органикалық заттардың 
салмағы, топырақтың жоғары қабатында тҥзілген барлық органикалық 
заттардың 0,05 – 0,2 пайызын қҧрайды. Балдырлар кӛбіне топырақтың беткі 
қабатына тараған, 10-20 см-ден тӛменде, олардың саны жоқтың қасы.
Топырақтағы органикалық заттардың іріп-шіруіне әсер ететін, негізінен 
кҥрделі функциялар атқаратын – омыртқасыз жануарлар. Олар ӛсімдік 
қалдықтарын физикалық немесе механикалық тҥрде бӛлшектеп, майдалап, 
оларды әрі қарай саңырауқҧлақтар мен бактериялардың ыдыратуына дайындап 
береді. Омыртқасыз жануарлар ыдырай бастаған ӛсімдік қалдықтарын 
топырақтың тӛменгі қабатына апарып, онда ауаның алмасуына, қҧрамын 
жақсартуға, органо-минералдық қҧрылымдардың тҥзілуіне жағдай туғызады. 
Олардың тіршілік әрекетінен органикалық заттардың ыдырауы ҥдемелі жҥреді.
Омыртқасыз жануарлардың да топырақтағы биологиялық 
заттардың айналымына (2 % болса да) біраз рӛлі бар. Бҧл жануарлар тҥрлері 
топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруға және де топырақты 
араластыруға қатысады.Барлық жағдайларда да органикалық заттардың 
ыдырауы ферменттердің белсенді қатысуымен ӛтеді. Ферменттер – белок 


молекулалардың ішінде ең ірі және ерекше органикалық қҧрылым.Олардың 
молекулалық салмақтары – 10 мыңнан бірнеше млн-ға дейін.Бҧлар топырақта 
ӛтетін барлық биохимиялық реакциялардың ҥдеткіші – катализаторлары. 
Ферменттер зат алмасуды реттейді. Сондықтан барлық тіршілік ҥрдісінде оның 
маңызы ерекше. Олар топырақта ӛсімдік бойынан, жануарлар мен ҧсақ 
ағзалардың денелерінен тарайды. Ферментер катализатор ретінде органикалық 
заттар ыдырауы мен синтезделуін, химиялық реакцияларының жҥруін 
кҥшейтеді. Барлық ферменттер бір қҧрамды және екі қҧрамды болып екі топқа 
бӛлінеді. Топырақтағы ферменттердің белсенділігі мен қоректік элементтердің 
шоғырлануының арасында тығыз байланыс бар. Олардың белсенділігі сҧр 
топырақтан қара топыраққа жылжығанда артады. Қара шіріктің тҥзілуі де 
ферменттердің тҥрлеріне, белсенділігіне байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет