«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет167/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
 
(2200) 1138. Бродская 2, 
Броды тәжірибе учаскесінде Орынбордың 
ғылыми-зерттеу институтында бірнеше жыл бойы ӛсіріліп келе жатқан 
жергілікті тҥрінен (популяциясынан) жекелеп іріктеп алу арқылы ӛсіріп 


шығарған. 
Авторлары: 
В.И.Евсеев, 
А.Ф.Слугина, 
1954 
жылдан 
аудандастырылуда.
(2766) 1968. Джурунская 1.
– Ақтӛбе облыстық тәжірибе станциясы және 
Қазақ шабандық-жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірнеше 
мәрте сҧрыптап, белгісіз сорттардан ӛсіріп, шығарған. Авторлары: 
В.С.Шевочкин, Н.Г.Дмитриева. 1975 ж. аудандастырылған.
Камышинская 541.
Камышин мемлекеттік селекция станциясында 
бірнеше рет сҧрыпталып, ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында 
шығарылған. Авторлары: М.Г.Косарев, С.И.Ювенская, И.И.Темченко, 
В.А.Кузнецов. 1969 жылдан бастап Солтҥстік Қазазқстан облысында 
аудандастырылған.
(2424) 1964. Камышинская скороспелая
– Камышин мемлекеттік 
селекция станциясы тез пісетін сорттарды еркін шағылыстыру арқылы 
шығарған. Авторлары: С.И.Ювенская, М.Г.Косарев. 1973 ж. бастап Торғай, 
Целиноград облыстарында аудандастырылған.
Одесская 25.
Бҥкілодақтық селекция-генетика институты морфологиялық 
жағынан ӛзара жақын формаларды топтап іріктеу әдісімен ӛсіріп шығарған. 
Авторлары: А.М.Фаворов, С.И.Венгреновский, 1955 ж. бастап Ақтӛбе, Алматы, 
Жамбыл, Павлодар, Талдықорған, Орал облыстарында аудандастырылған.
Кинельская 100
П.Н.Константинов атындағы Кинель мемлекеттік 
селекция станциясы бірнеше мәрте сҧрыптап, топтап іріктеп ӛсірілген. Ерте 
пісетін формасы Кинельдік 90Хқантты сорго Саратовтық 3 будандастыру 
арқылы шығарған. 1985 ж. бастап Солтҥстік Қазақстан, Целиноград 
облыстарында аудандастырылған.
Ташебинская
– Харьковтың ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы 
бірнеше мәрте сҧрыптап, ерте пісетін Бородская тҥрінен шығарған. 1981 ж. 
бастап Кӛкшетау, Семей, Торғай облыстарында аудандастырылған.
Пензенская ранняя.
Пензаның мемлекеттік облыстық ауыл шаруашылық 
тәжірибе станциясы бірнеше рет жекелеп топтап, сҧрыптап, гибридтік 
материалдан сортаралық еркін будандастыру арқылы шығарған. Авторы: 
А.К.Киселева (Кинельская 90, Бродская 2, Саратовская местная). 1969 ж. 
бастап Шығыс Қазақстан, Жезқазған, Қарағанды, Семей облыстарында 
аудандастырылуда.
Итқонақ Халық шаруашылықтық маңызы, өсірілетін аудандарда, өнімі.
Итқонақ (могар) ӛте сіңімді, аса қҧнарлы мал азығы, одан пішен, сҥрлем, кӛк 
шӛп, дән алынады және ӛскен танабы жайылым ретінде пайдаланылады, спирт 
алу ҥшін де қолданылады.
Итқонақ пішенінде 7,8% протеин, 51,2% азотсыз экстрактік заттар болса, 
әр 100 кг пішенінде – 44,1, 100 кг кӛкшӛбінде – 17,5 азық ӛлшемі болады.
Судан шӛбімен салыстырғанда топыраққа және жылуға деген 
талғампаздығының тӛмендігі, қҧрғақшылыққа ӛте тӛзімділігі оның оңтҥстік-
шығыс, Орта Азия және Кҥнгей Кавказ аймақтарына кеңінен таралуына жол 
ашып отыр.
Әр гектардан 20-60 ц пішен, 15-30 ц тҧқым алынады. 


Итқонақ (Setarіa іtalіca) тарының туысы, одан әлдеқайды қуатты. 
Топырақтың 100-150 см тереңдігіне еніп кҥшті дамыған шашақты тамыр 
жҥйесін қҧрады. Тамырының негізгі кӛпшілігі топырақтың жырту қабатына 
орналасады. Сабағы тік, ҧсақ тҥктермен қапталған. Әр тҥпте 2-7 дейін, биіктігі 
2 метрдей сабақтары болады.
Жапырақтарының ҧзындығы 45-60 см жетеді. Сырты жылтыр, тҥсі қоңыр 
жасыл, кейде кӛгілдір болып келеді. Масақтануы кезінде, жалпы ӛнімнің 50-
60% жапырақтан қҧралады. Гҥл шоғыры масаққа ҧқсас қалың шашақ – сҧлтан. 
Дәні гҥл және масақ қабықшаларымен тығыз қапталған, 1000 дәнінің салмағы 
1,5-3,2. 
Итқонақ жылу мен жарықты сҥйгіш және қҧрғақшылыққа ӛте тӛзімді, 
топырақты кӛп таңдамайтын дақыл.
Өсіру ерекшеліктері.
Итқонақты ауыспалы егістегі бір жылдық шӛптер 
егілетін жерге, ал қҧнарлылығы тӛмен және тыңайтқыштар жетіспейтін 
жағдайда ауыспалы егістің ең соңғы егістігіне орналастырады. Оны етегін 
топырақты әзірлеу, баптау жҧмыстары тарыға ҧқсас. Итқонақ егістігінің әр 
гектарына 15-20 т кӛң немесе N45P30K30 минералды тыңайтқыштарын береді. 
Іріктелген тҧқымын себуді тары жҥгері тҧқымын себумен қатар немесе сәл 
ертерек жҥргізеді. Далалық қҧрғақшылық аймақта әр гектарға 10-12 кг, 
орманды-дала – 15, ал Орталық Қаратопырақты аймақта – 18-20 кг тҧқым 
себеді.
Тҧқымға арналған итқонақтың қатараралығын 45-50 см етіп, әр гектарға 
8-10 кг тҧқымды 2-3 см тереңдікке, жеңіл, тез кебетін топырақта 3-5 см тереңге 
сіңіреді. Итқонақты пішенге деп гҥл шоқтары пайда бола бастағанда, тҧқымға 
дәндері қатайып, масақтары қоңырланғанда орады. Шӛпке шапқанда кесу 
биіктігі 7-8 см тӛмен болмағаны дҧрыс, себебі итқонақтың жаңа сабақтары 
баяу ӛседі, кейде ӛспеуі де мҥмкін.
Жиналған тҧқымды қоспаларынан тазартқан соң, ылғалдылығы 13-14% 
жеткенше кептіреді. 
Итқонақ шөбінің сорттары:Карагандинский 1196.
Сортты Қарағанды 
облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы, Орталық Қазақстанда 
бірнеше жыл бойы ӛсіріліп келе жатқан жергілікті тҥрінен (популяциясынан) 
жекелеп, іріктеп алу арқылы ӛсіріп шығарған. Ӛсімдігінің биіктігі 60-85 см, 
орташа тҥпті, піскенде сабағы жатып қалмайды, механизммен оруға жарамды. 
Сабағының жуандығы 5-7 см, жапырағының кӛптігі орташа, ҧзындығы 30-45 
см және ені 1,5-2,4 см, піскен кезде кӛкпеңбек болады. Масағының ҧзындығы 
10-22 см, сҥйірше жҧмыр келеді, едәуір тығыз, дәні кӛп. 
 
Дәнінің тҥсі кҥрең қызыл, ірілігі орташа. 1000 дәнінің салмағы 
қауызымен қосып есептегенде 2,5-3,1 г, піскенде шашылып тӛгілмейді. 
Тҧқымдық егісі 100-110 кҥнде, пішендігі 55-60 кҥнде пісіп жетіледі. Тҧқымы 
кҥзгі суық тҥскенше пісіп ҥлгереді. Қуаңшылыққа тӛзімді, бірақ ылғал 
жеткілікті болса жақсы нәтиже береді.
Сорт аудандастырылған Семей облысының Ново-Покров сорт сынау 
учаскесінде оның пішен ӛнімі гектарына 39,7 ц, Ново-Шульба сорт сынау 


учаскесінде 53,7 ц, тҧқымының ӛнімі гектарына 7,0-7,9 ц дейін жетті. Сорт 
Ақтӛбе, Жезқазған, Қарағанды, Семей, Торғай, Целиноград облыстарының 
барлық аймақтарында аудандастырылған.
Днепропетровский 15
сорты Украин астық шаруашылығы институтының 
Сенельников 
тәжірибе 
селекция 
станциясы 
Бҥкілодақтық 
ӛсімдік 
шаруашылығы институтының жинағындағы № 182 ҥлгісінен жекелеп топтап, 
іріктеп алу арқылы ӛсіріп шығарған.
Ӛсімдігінің биіктігі 80-130 см, тҥптілігі орташа, піскенде жатып 
қалмайды, механизммен оруға жарамды. Сабағы жіңішке, жапырағы кӛп. 
Жапырағының ҧзындығы 27-40 см, ені 1,5-2,5 см, тҥсі қошқыл кӛк, пісер кезде 
кӛкпеңбек болады. Масағының ҧзындығы 8-17 см, сҥйірше жҧмыр немесе 
домалақ, тығыз, дәні кӛп. Дәні кҥрең қызыл, ірілігі орташа, 1000 дәнінің 
салмағы 2-2,7 г. Сорттың ӛніп-жетілу кезеңінің ҧзақтығы Днепропетровский ІІ 
сортымен бірдей. Сорттың қуаң жағдайда беретін ӛнімі орташа, ылғалы 
жеткілікті, тәлімі және суармалы жерлерден мол ӛнім алынады. Ақтӛбе облысы 
Мартук сорт сынау учаскесінде жыл сайын оның пішен ӛнімі гектарынан 22,5 ц 
болса, соңғы жылдары 45,8 ц жетті. Пішенінің ӛнімділігі жағынан судан 
шӛбінен кемірек. Қуаңшылық жылы тҧқым, ӛнім бермейді, ал судан шӛбі 
қандай жылда да тҧқым береді.
Талдықорған облысының Сарқант сорт сынау учаскесінде ылғалы 
жеткілікті тәлімі жағдайда оның кӛк шӛбінің ӛнімі тӛрт жыл бойы гектарынан 
215 ц, пішен ӛнімі 65,1 ц болды, кей жылдарда 24-26,3 ц тҧқым алынады.
Днепропетровский ІІ
сорты Украин астық шаруашылығы институтының 
Сенельников тәжірибе селекция станциясы, жергілікті тҧқым тҥрінен жекелеп-
топтап іріктеп алу арқылы ӛсіріп шығарған. Ӛсімдігінің биіктігі 70-110 см, 
тҥптілігі орташа, піскенде жатып қалмайды. Жапырағының ҧзындығы 26-28 см 
және ені 1,9-2,7 см аздап иіліп тҧрады, қошқылкӛк, пісер кезде кӛкпеңбек 
болады. Масағының ҧзындығы 10-18 см, жҧмыр немесе аздап сҥйірлеу тығыз, 
дәні кӛп. Дәні алқызыл немесе кҥреңқызыл. Сорт орташа мерзімде піседі, 
тҧқымы 95-110 кҥнде, пішені 55-70 кҥнде пісіп жетіледі. Сорт Ақтӛбе, Шығыс 
Қазақстан, Семей, Талдықорған т.б. облыстарда аудандастырылған, тәлімі 
жерлерде ӛнімділігі жағынан Карагандинский 1196 сортынан тӛмен, ал суарып 
ӛсіргенде гектарынан 6-8 ц артық ӛнім береді. Семей облысының Ново-Шульба 
сорт сынау учаскесінде оның тӛрт жыл ішіндегі пішен ӛнімі гектарына 30,6-
33,4 ц, ал кейбір жылдары 47,9-52,3 ц болды. Жарма сорт сынау суармалы 
учаскесінде оның тӛрт жыл ішіндегі орташа пішен ӛнімі гектарына 45,2-47,7 ц, 
ал қалған жылдарда 58,7-60,6 ц болып жҥрді. Жарма мен Ҥржар сорт сынау 
учаскелері гектарынан 19-22 ц тҧқым ӛнімін алып келеді.
Карагандинский 242.
Сортты Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық 
тәжірибе станциясы Қазақстанда бірнеше жыл бойы ӛсіріліп келе жатқан 
жергілікті тҥрінен (популяциясынан) жекелеп іріктеп алу арқылы ӛсіріп 
шығарған. Пішен және тҧқым ӛнімділігі Карагандинский 1196 сортына 
қарағанда 10-15% артық. Ал қалған биологиялық қасиеттері Карагандинский 
1196 сортына ҧқсас, қуаңшылық пен суыққа тӛзімді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет