«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет169/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Өсіру ерекшеліктері.
Біздің елімізде бедені басқа дақылдардың астына 
бҥркемелеп егеді, арамшӛп басып кететіндіктен, таза себу кӛп тарамаған. 
Бірінші жылы ӛте жай ӛсетіндітен, оны арамшӛптен таза отамалы, дәнді 
дақылдардан кейін егеді. Бҥркеуші дақылдарға жаздық бидай, арпа, сҧлы, 
ылғалды аудандарда – кҥздіктер жатады. Топырақты ӛңдеу бҥркеуші 
дақылдардың талғамына сай жҥргізіледі. Кҥзде сыдыра жыртып, 25-27 см 
сҥдігер айдайды. Кӛктемде сҥдігерді тырмалап, қопсытуды тырмалаумен бірге 
жҥргізеді де, мҧқият тегістейді.
Тыңайтқыштар.
Органикалық және фосфорлы калий тыңайтқыштары 
беде ӛнімін молайтады. Сондықтан әр гектарға 20-25 т кӛңді, 30-35 т қорданы 
алғы дақылға, болмаса бҥркеуші дақыл себудің алдында 45-50 кг Р2О5 және 
К2О тыңайтқыштарымен қоса береді. Қатарға Р10 мӛлшерінде енгізілген 
суперфосфат әр гектардан 10-12 ц қосымша ӛнім алуды қамтамасыз етеді.
Беденің танабын екінші және ҥшінші жылы пайдаланғанда кҥзде және 
кӛктемде әр гектарға 1,5 ц суперфосфат және 0,5-0,7 ц калий тҧзын сіңіреді.
Тұқымды әзірлеу және себу.
Тҧқымды себер алдында 1,0-1,5 стакан суға 
салып, нитрагинмен кҥннің кӛзі тҥспейтін жерге қойып ӛңдейді. Кӛктемде, 
кҥздік астықтарды тырмаламастан бҧрын, ҥстіне жоңышқаны шӛп-дәң егетін 
сеялкалармен себеді. Әр гектарға таза себілгенде 12-16 кг, қоса сепкенде 8-10 
кг беде, 4-6 кг атқонақ себіледі. Тҧқымды сіңіру тереңдігі 1-2 см, жеңіл 
топырақта 2,5-3,0 см жеткізіледі.
Егістікті күту.
Беденің жақсы қыстауы ҥшін бҥркеуші дақылды 14-15 
см биіктікке жеткенше орады. Кӛктемде әр гектарға Р30К30-40 және 200-400 л 
суға ерітілген 150-300 г молибден қышқылы аммониймен қоректендіріп 
тырмалайды. Арамшӛптерге қарсы әр гектарға 40-50 кг ДНОК препаратын 
қолданады.
Егінді жинау.
Пішенге шабылатын бедені бойында протеині кӛп 
мезгілде, гҥлденуінің бас кезінде шабады. Одан кешіксе жапырақшаларының 
тҥсуіне, протеиннің азаюына байланысты, шӛптің мӛлшері де, сапасы да 
тӛмендейді. Сҥрлемге, шӛп ҧнына және тағы басқа мақсаттарға да осы кезде 


шабылып, дестеде жатып кепкеннен кейін сақтау орнына тасылады. Ауа райы 
жаңбырлы болғанда шӛпті арнаулы орындарда желдеткіштер арқылы кептіреді.
Тұқымдық бедені өсіру ерекшеліктері.
Кӛп жылдық шӛптердің тҧқымын 
маманданған шаруашылықтарда ӛсіріледі. Қыста суыққа тӛзімді және ӛнімі 
жоғары болу ҥшін, кҥзде беде гістігі фосфор калийлі тыңайтқыштармен 
қоректендіріледі (Р40К40, ол әр гектардан 0,7-1,2 ц қосымша тҧқым алуды 
қамтамасыз етеді. Сабақтана бастағанда 400 л суға ерітілген 100-200 г 
молибден қышқылды аммониймен қоректендіреді. Кӛктемде әр гектарға 2 кг 
әсерлі заты бар бор сіңіру, тозаңдануының толық жҥруі ҥшін әр гектарға 4-5 
ара семьясын шығару, беде тҧқымынан мол ӛнім алудың кӛзі.
Тҧқымдық 
беде 
шашақбасы 
90-95% 
қоңырланғанда 
астық 
комбайындарымен тікелей жиналады. Астық тҧқымдас ӛсімідіктермен қоса 
себілгенде, алдымен астықты дақылдарды, 15-20 кҥн ӛткеннен кейін беде 
жиналады. Жиналған беде тҧқымын ОВА-1, «Петус-Гигантң К-53 
машиналарында немесе СМ-4, КОС-0,5 тҧқым тазалағыштарынан ӛткізіп, 
дымқылдылығын 13% жеткенше кептіреді.
Жоңышқа. Халық шаруашылықтық маңызы.
Жоңышқа (люцерна) ӛнімі 
мол, белокты кӛп жылдық ӛсімдік. Кӛктей шабылған шӛп қҧрамында 20%, 
пішенінде 28% протеин, 100 кг кӛк шӛбінде 17, пішенінде 53,4 азық ӛлшемі 
болады. Олардан басқа кӛптеген витаминдер, минералды тҧздар оның мал 
азықтық қасиетін жоғарылата тҥседі.
Жоңышқаның мәдени жайылымдар жасауда да маңызы зор. Суармалы 
жерлерде жоңышқа 5-7 шабылғанда, әр гектардан 700-1000 ц кӛк шӛп немесе 
150-200 пішен береді. Жоңышқа мақтаға тағы басқа дәнді дақылдарға жақсы 
алғы дақыл. Мақта – жоңышқа ауыспалы егісі мақта ӛнімінің артуына, талшық 
сапасының жақсаруына, тҥрлі мақта ауруының азаюына қолайлы жағдай 
жасайды. Тамырының ӛте кҥшті дамуына байланысты жоңышқа топырақтың 
беткі қабатындағы тҧздарды азайтып, сортаңдануына жол бермейді.
Себілген жерінің әр гектарына жоңышқа тамырымен және сабағымен 
бірге 100-150 кг азот қалдырады, ол осы жерге 30-40 т кӛң немесе 4-5 ц азотты 
тыңайтқыш бергенмен тең. Орта Азияның суармалы жерлеріне 3 жыл 
қатарынан ӛскен жоңышқа әр гектарға 350-400 кг азот жинайды. Жоңышқа 
ӛсіретін негізгі аудандарға – Орта Азия, Кҥнгей Кавказ республикалары, 
Солтҥстік Кавказ, Украина, Молдавия, Еділ бойы жатады. Сібірде жоңышқа 
егісі жылдан-жылға ҧлғаюда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет