«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Мал азықтық кӛп жылдық шӛптер



Pdf көрінісі
бет168/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
 
12.3 Мал азықтық кӛп жылдық шӛптер 
Мал азықтық кӛп жылдық бҧршақ тҧқымдас шӛптердің ішінде беде, 
жоңышқа, эспарцет, және тҥйежоңышқа кеңінен таралып отыр. Оларды мал 
азығына кӛктей, пішен ретінде, сҥрлем немесе шӛп ҧны ретінде пайдаланады, 
азық ӛлшемінің қҧрамы қажетті белоктармен толық қамтамасыз етіледі. 
Жоңышқаның бір азық ӛлшемінде 187 г белок, бедеде – 212-237, эспарцетте – 
155-196, тҥйежоңышқада – 163-239 г белок болады. Зоотехникалық талап 
бойынша мал азығының әр ӛлшеміне 110-120 г белок қажет.
Қолайлы жағдайда ӛсіргенде кӛп жылдық бҧршақ тҧқымдас шӛптер әр 
гектардан 40-55 ц, суармалы жерлерде – 100 ц ӛнім береді. Бҧл дақылдардан 
топырақта азотқа бай кӛп органикалық заттар қалатындықтан, кӛптеген дәнді 
және техникалық ӛсімдіктерге теңдесі жоқ алғы дақыл болып саналады. Ал 
бҧршаққа астық тҧқымдастарды қоса себу, топырақты судың және желдің 
зиянды әсерінен жақсы сақтайды. Беткейлерге еккенде оларды су шаюынан 
сақтап, жоғары қабатының жақсы бекуіне жағдай жасайды.
Мал азықтық маңызы зор астық тҧқымдас кӛп жылдық шӛптерге 
еркекшӛп, қылтанақсыз арпабас және т.б. жатады. Бҧл дақылдар бір жерде ҧзақ 
ӛседі және бҧршақ тҧқымдас шӛптермен қоса егілгенде жоғары сапалы кӛк 
шӛп пен қҧнарлы пішен алуға мҥмкіндік береді.
Беде халық шаруашылықтық маңызы.
Беде (клевер) аса бағалы мал 
азықтық ӛсімдік. Оны пішен, кӛк шӛп, сҥрлем, пішендеме, шӛп және пішен 
ҧнын алу ҥшін ӛсіреді. Оның қҧрамында кӛктей шабылғанда 16,8%, пішенінде 
– 15,2% протеин, одан басқа амин қышқылдары, каротин және кҥл элементтері 
кездеседі. 100 кг пішенінде – 51,7, кӛк шӛбінде – 21 азық ӛлшемі бар. Екі-ҥш 
жыл қатарынан ӛсірілген беде танабында топырақтың жақсы қҧрамы 
қалыптасады, сондықтан мҧндай егістік кҥздік және жаздық дәнді дақылдарға, 
зығырға, картопқа, қант қызылшасына және басқа дақылдарға жақсы алғы 
дақыл болады.
Шығу тегі, өсетін аудандары, өнімі.
Беде Африкадан басқа жердегі 
барлық мемлекеттерде ерте кезден бері ӛсіріледі. Біздің еліміз бедені ХVІІІ 
ғасырдың екінші жартысынан бастап ӛсіре бастады. Қазір беде егісі еліміздің 
барлық аймағында орналасқан.
Беде ӛсетін ең қолайлы аймаққа Солтҥстік-Батыс, Орталық аудандардың 
оңтҥстігі, Балтық бойындағы республикалар жатады. Кӛптеген егіс кӛлемі Еділ 
бойы мен Белоруссия, Украинаның орманды-дала аймағын алып жатыр.
Бедені және бедемен астық тҧқымдастарды қосып егетін егістіктің кӛлемі 
12 млн гектарға жетеді. Москва, Ярославль, Пермь облыстары мен Балтық 
бойы республикаларының алдыңғы қатарлы шаруашылықтары әр гектардан 
400-500 ц кӛк шӛп, 100 ц пішен ӛнімін алуда. Беде (Trіfolіum pratense) егіс 
танабында 2-3 жыл ғана ӛсетін кӛп жылдық ӛсімдік. Тамыры – кіндік тамыр, 
топырыққа 2 м тереңге кетеді. Сабағы бҧқтақтанып, ақ тҥкпен қапталады, іші 
қуыс, кӛптеген бҧтақтарды жапырақтар қолтығынан тарайды. Биологиялық 


ерекшеліктеріне және сабақ буынының санына байланысты кеш пісетін 
солтҥстік және тез пісетін оңтҥстік беде тҥрлеріне бӛлінеді.
Солтҥстік беде сабағы 7-9 буынды, биіктігі 1,5 м жетеді. Жаз бойы бір 
рет шабылады. Қысқа тӛзімді, қҧрғақшылыққа шыдамсыз. Қаратопырақсыз 
аймақта, Сібірде және Орал аймағында ӛсіріледі.
Оңтҥстік беде сабағы – 5-7 буынды, биіктігі 1 м шамасында, 
жапырақтары кӛп. Шӛбі нәзік, белокты. Қысқа тӛзімсіз, бірақ солтҥстік бедеге 
қарағанда қҧрғақшылыққа тӛзімді болғандықтан, ол орманды дала аймағында 
Украинада, Балтық бойы республикаларында ӛсіріледі. Жапырақтары кҥрделі, 
ҥш бӛліктен тҧрады, шеті тегіс, тӛменгілері ҧзын, жоғарылары қысқа 
сабақшалы. Гҥл шоғы дӛңгелек немесе ҧзынша келген 30-150 дейін гҥлі бар, 
шашақ бас. Жемісі бір тҧқымды, сирек екі тҧқымды бҧршақ. Тҧқымы 
дӛңгелектен гӛрі сопақшалау немесе ҥшбҧрышты – жҧмырлау, тҥсі сары, 
кҥлгін, ескілері сҧр тҥсті. 1000 тҧқымының салмағы 1,4-2,2 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет