«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет171/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Жоңышқа сорттары:Карагандинская 1.
Сортты Карағандының 
облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы жергілікті табиғи буданын 
жаппай іріктеп алу арқылы ӛсіріп шығарған. Бҧтасы кӛлемді, жартылай тік, 
жартылай жатаған. Пішен ҥшін шапқандағы биіктігі 50 см, тҧқым ҥшін 
шапқандағы биіктігі 78 см. 
 
Жапырағы кӛп (43-51%). Қысқа ӛте тӛзімді, қуаңшылыққа тӛзімділігі 
орташа. Баяу ӛседі. Жаз бойы тәлімді жерлерде 1-2 рет, суармалы жерлерде 3-4 
рет шабылады. Ауруға, зиянкестердің залалына аз шалдығады. Ең мол ӛнімді 
сорттардың 
бірі. 
Целиноград, 
Қарағанды, 
Павлодар 
облыстарында 
аудандастырылған.
Марусинская 425.
Сорт Моршанск мелмекеттік селекция станциясында 
ӛсіріліп шығарылған. Сары гибридті сорт типіне жатады. Бҧтасы жартылай 
жатаған және кӛлемді келеді. Ӛсімдігінің пішен ҥшін шапқандығы орташа 
биіктігі 45 см, тҧқым ҥшін шапқандағы биіктігі – 70 см, жапырағы кӛп (45-
55%).
Қысқа тӛзімді сорттардың бірі. Аудандастырылған жерінде ауруға 
зиянды жәндіктердің залалына аз шалдығады. Жаз бойы 1-2 рет шабылады. 
Жақсы пішен мен тҧқымдық ӛнім береді. Солтҥстік облыстардың сорт сынау 
учаскесінде 1 жыл ішіндегі пішен ӛнімі гектарына 27-40 ц. Тҧқым ӛнімі – 3,0-
4,1 ц жетеді. Сорт Кӛкшетау, Қостанай, Солтҥстік Қазақстан облыстарында 
аудандастырылған.
Семиречинская местная
Қазақстанның Алматы және басқа оңтҥстік 
облыстарының жергілікті сорты. Сорт қысқа мерзімдік суыққа шыдамды. 
Қуаңшылыққа біршама тӛзімді, дегенмен ылғалы жеткілікті аудандарда ӛсіруге 
ыңғайлы. Жапырағы ӛте кӛп, кӛлемінің 43-54% алады.
Ауруға шалдықпайды, кейбір жылдарда оған бізтҧмсыз қоңыз 
(фитономус) едәуір кӛп тҥседі. Оңтҥстік облыстардағы ең ӛнімді сорт. Тәлімі 
жағдайда жаз бойы 1-2 рет шабылып, жылына гектарынан 50 ц дейін пішен 
береді, суармалы жағдайда жылына 3-4 рет шабылады да гектарынан 130 ц 
дейін пішен алынады. Оның тҧқым ӛнімі де мол – гектарынан 4 ц және одан 
артық та болады. Сорт Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, 
Павлодар, Семей, Жамбыл, Талдықорған және Оңтҥстік Қазақстан 
облыстарында аудандастырылған.
Уральская зеленая.
Бҧл сорт Орал мемлекеттік селекция станциясының 
ӛсіріліп шығарылған. Батыс Қазақстан мен Ақтӛбе облыстарында 
аудандастырылған. Қуаңшылыққа ӛте тӛзімді және суыққа берік. Пішен және 
тҧқым ӛнімділігі жағынан суыққа берік. Пішен және тҧқым ӛнімділігі жағынан 
Орал облысы Зеленов сорт сынау учаскесінде сыналғанда барлық сорттардан 
асып тҥсті.
Шортандинская 2.
Сорт Шортанды ауыл шаруашылығы тәжірибе 
станциясында ӛсіріліп шығарылған. Жапырағы кӛк. Шауып алғаннан кейін тез 
ӛсіп жетіледі қуаңшылыққа тӛзімді, сонымен бірге ылғалды да сҥйеді. Қысқа 


тӛзімділігі ортадан жоғары. Кӛк шӛбі мен пішенінің ӛнімділігі жағынан 
аудандастырылған Марусинская 425 және Полтавская 256 сорттарынан асып 
тҥседі. Сорт Кӛкшетау, Целиноград облыстарында аудандастырылған.
Жоңышқаның аудандастырылған сорттарынан басқа соңғы жылдарда 
республикамыздың селекция станциялары кӛптеген болашағы зор жаңа сорттар 
ӛсіріп шығарды. Ондай сорттардың қатарында Гримм Приаральский, Қошчи, 
Ертістік сорт, Долиналық 2 т.б. бар.
Эспарцет. Халық шаруашылығндағы маңызы, өсетін аудандары, өнімі. 
Эспарцет жоғары ӛнімді және сапалы кӛп жылдық ӛсімдік. Кӛктей шабылған 
шӛбінде 18,2%, пішенінде – 16,6% қорытылатын протеин болады. Эспарцет – 
мал ішін кептірмейтін, жайылымға тиісті ӛсімдік. Ерте піседі, әр гектарға 100-
120 кг азот жинайды. Жақсы бал береді. Эспарцет Украинада, Кҥнгей 
Кавказда, Орталық Қаратопырақты аймақтарда, Еділ бойында, Сібірде, 
Молдавияда ӛсіріледі. Әр гектарынан 90-100 г пішен, 23-25 ц тҧқым алынады.
Ботаникалық ерекшеліктері. Эспарцет
(Onobrycnіs Sutіva) бҧршақ 
тҧқымдастарға жататын кӛп жылдық ӛсімдік. Тамыр жҥйесі ӛте кҥшті, 
топыраққа 2 м кейде одан да терең жайылады. Сабағының биіктігі 70-100 см, 
бҧтақтанбайды. Жапырағы кҥрделі, дақ бӛлікті жапырақтардан тҧрады. Гҥлі – 
қызыл немесе ашық қызыл тҥсті. Гҥл шоғыры – шошақ. Араның кӛмегімен 
айқас тозаңданады. Жемісі – сопақша келген, дара тҧқымды, сырты торға ҧқсас 
бҧршақ. 1000 тҧқымының салмағы 15-20 г. 
Топыраққа талғамы аз болғанмен Қаратопырақты, әкті жерлерде ғана 
жақсы ӛседі. Қҧрғақшылыққа тӛзімді. Екпе дақыл ретінде тҥрі кӛп болғанымен, 
тек ҥш тҥрінің ғана ӛндірістік маңызы бар.
Егістік эспарцет
(Ohobrychіs Vіcedefolіa). Жапырақтары қоңыр жасыл 
тҥсті, элипс тәріздес, биіктігі 85-90 см ӛсімдік. Бҧршақтары ірі, 1000 дәнінің 
салмағы 18-20 г. Тез пісетіндігімен және қысқа тӛзімділігімен сипатталады. Әр 
гектардан 60-100 ц пішен, 7-10 ц тҧқым береді. СССР-дің Европа бӛлігінің 
далалық және орманды дала аймақтарында егіледі.
Кавказ эспарцеті
немесе алдыңғы азиялық эспарцет (Onob. antasіdtіca), 
биіктігі 145-150 см жетеді. Жапырақтары сҧрғылт немесе сҧрғылт кӛк, 
жҧмыртқа тәріздес. 1000 тҧқымның салмағы 15-16 г. Басқаларына қарағанда 
бҧдан ӛнім кӛп алынады, бірақ қҧм эспарцетімен салыстырғанда қысқы суыққа 
және қҧрғақшылыққа тӛзімділігі нашар. Кҥнгей және Солтҥстік Кавказда, 
Украинаның оңтҥстігінде ӛсіріледі.
Құм эспарцеті
(O. drendrіa). Сабағы қатты, биіктігі 85-100 см. 
Жапырақтары кӛк, жоғарғылары сары кӛк тҥсті. Бҧршағы ҧсақ, 1000 дәнінің 
салмағы 12-15 г. Суыққа ӛте тӛзімді. Солтҥстік Қазақстан, Батыс Сібір, 
Орталық Қаратопырақты аймақта, Украинаның далалық аудандарында егіледі.
Алғы дақыл.
Кейбір аудандарда (Солтҥстік Қазақстан) оны топырақты 
қорғайтын ауыспалы егістерде егеді. Жақсы алғы дақылына кҥздіктер, жаздық 
дәнді дақылдар, жҥгері, мал азықтық тамыр жемістілер жатады.
Тыңайтқыштар.
Басқа кӛп жылдық шӛптерге қарағанда, эспарцет 
тыңайтқыштарды кӛп қажет етпейді. Бірақ егіс мӛлшері аз болғанда Р40 және 


тҧқым себілген кезде Р10 беріледі. Әр гектарға егілетін тҧқымды 200 г 
молибден қышқылды аммоний және нитрагинмен ӛңдеу жақсы нәтиже береді.
Тұқымды себу.
Себуге мҧқият тазартылған тҧқымдарды іріктеп, бидай, 
арпа сияқты бҥркеуші дақылдармен бірге дән-шӛп себетін сеялкалармен егеді. 
Орманды дала және тау беткейлі аймағында әр гектарға 90-100 кг, далалық 
аймақта 70-80 кг тҧқым сеуіп, 3-5 см тереңдікке сіңіреді.
Егістікті күту.
Бҥркеуші дақылдарды 18-20 см биіктікте орысымен 
егістікті олардың сабанын тазартады. Кӛктемде егістікті алғы дақыл 
қалдықтарынан тазалап, топырақтың беткі қабатын қопсыту ҥшін тырмалайды. 
Шӛпті шауып алғаннан кейін де, топырақ ауыр тырмалармен ӛңделеді.
Егістікті жинау.
Эспарцетті шабуды гҥлденуінің бас кезінен бастап 
толық гҥлденгенше аяқтайды. Шӛпті шабу эспарцет биіктігі 6-7 см жеткенде 
жҥргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет