«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет174/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Бой жаздыру
. Ҧзақ уақыт қозғалыссыз байлаулы тҧрған бҧқалар 
самарқау болып, жыныстық кҥйтін жоғалтады. Міне сондықтан да тҧқымдық 
бҧқалар ҥшін кҥн сайын бой жаздыру немесе жеңіл жҧмыс істету ӛте қажет. 
Бой жаздыру ҥшін бҧқаны мал қорасының алдына бір сағатқа бой жаздырып, 


қайтадан ӛрісте бір сағатқа қалдырады. Егер бҧқа асау болса, онда оны жҥргізу 
ҥшін арнаулы таяқ пайдаланылады, оның ҧзындығы 2 метрге жуық болады, 
таяқтың бір ҧшында ілмешегі болады, онымен тҧмсығынан жетектеп отырады.
Бой жаздыру орнына жеңіл жҧмысты қолдануға да болады. Әрбір бҧқа ҥшін 
жеке, дәлме-дәл келетін қамыт-сайман болуы тиіс. 
Күнделікті жұмыс тәртібі.
Жануардың ағзасы белгілі бір дағдыға тез 
ҥйренеді. Сондықтан да бҧқаны азықтандыру және кҥту жӛніндегі бҥкіл 
жҧмысты кҥнделікті жҧмыстың берік тәртібі бойынша қҧру керек болады. 
Қолда бағу кезінде кҥнделікті жҧмыс тәртібінің мынадай ҥлгі тҥрін 
ҧсынуға болады: бҧқаны шағылыстыруға таңертеңгі және кешкі сағаттарды 
пайдаланған жӛн. Азықтандырудан және суарудан кейін 2-2,5 сағат ӛтпей 
жатып, бҧқаны шағылыстыруға жіберуге болмайды. Шағылыстырудан кейін 
бҧқаны 10 минут кездіріп алып, содан кейін қораға қою керек.
Жеке 
шаруашылықтарда 
шағылыстыруға 
жарайтын 
бҧқаларды
пайдалануға жол бермеу мақсатымен әрбір жеке шарруашылықтарда жыл 
сайын жақсы бҧқаларды арнаулы комиссия малдәрігерлік – зоотехникалық 
қараудан ӛткізіледі, комиссияның қҧрамында малдәрігерлік қызметке, 
зоотехник және ферма меңгерушісі болады. 
Сиыр малының төлін өсіру. 
Зоотехникалық шаралардың бҥтіндей 
жҥйесін қолданғанда ғана әрбір сиырдан жыл сайын жақсы ӛскен, дені сау бір 
бҧзау алуға, барлық бҧзауларды аман сақтауға, ал содан кейін олардан жоғары 
ӛнімді ірі мал ӛсіруге болады. 
Бҧл жҥйеніңң негізгі шаралары: дҧрыс азықтандырып, бағу жолымен 
сиырларды және бҧқаларды шағылыстыруға жақсы әзірлеу, сиырларды 
мезгілінде қашыру және буаз сиырларды мезгілінде суалту, буаз сиырларды 
дҧрыс азықтандыру және дҧрыс бағу, жаңа туған бҧзауды қабылдай білу, 
енесін еметін кезінде және одан кейінгі уақытта тӛлді дҧрыс азықтандырып, 
дҧрыс бағу. 
Буаз сиырларды шамамен алғанда бҧзаулауына 60 кҥн қалғанда 
суалтады. Қоңдылығы ортадан тӛмен сиырлар ҥшін ол сияқты жоғары ӛнімді 
сиырлар ҥшін суалтатын мезгіл 10-15 кҥн ҧзарады. 
Малдәрігерлік қызметкерлер буаз сиырларды суалтпастан бҧрын тағыда 
тексеріп шығуы керек. Буаз сиырларды, әсіресе мол ӛнімді буаз сиырлады 
суалтуды кешеуілдетіп алу буаздың ӛзіне және алдағы сҥттену кезінде 
сиырлардың сҥт ӛнімділігіне зиянды әсерін тигізеді. 
Шағылысу жӛніндегі журналдағы жазудан сиырдың қашып кеткен 
уақытын біле отырып, малдың буаздығы туралы календарь бойынша сиырдың 
қашан бҧзаулауы тиіс екенін анықтайды. 
Мысалы, сиыр 5 наурызда қашты, календарьға сәйкес бҧзаулауды 9 
желтоқсанда кҥту керек, демек сиырды бҧзаулауға дейін 2 ай қалғанда яғни 9 
қазанда суалту керек. 
Суалған сиырларды азықтандыру
. Буаз сиырларды суалысымен-ақ 
оларды азықтандыру бірте–бірте кҥшейтіледі, суалтудан кейін 8-10 кҥн ӛткен 
соң толық рацион белгіленеді.. 


Әрбір сиырды тәулігіне 8-10кг жақсы пішенмен, 15-20 кг сулы азықпен, 
оның кем дегенде жартысы сҥрлем және 2-4 кг жеммен азықтандырады. 
Сонымен бірге, оларға қосымша минерал азық 60 грамм тҧз және 40 грамм бор 
береді. Егер шаруашылықта пішенің сапасы жоғары болмаса немесе малды 
сабанмен кӛп азықтандыруға тура келсе, онда сиырда «Д витаминімен 
қамтамасыз ету ҥшін рационға бір кг ӛндірілген сҧлыны немесе 3-4 кг қызыл 
сәбізді енгізген жӛн. 
Сол сияқты буаз сауылған сиырларды қыста кҥн сайын 2-4 сағат бойына 
серуендетіп отырудың ҥлкен маңызы бар. Мҧндай сиырлар ӛрісте қозғалмай 
тҧруы тиіс емес, арнап бӛлінген 2-3 км кішкентай жолмен ӛту керек. 
Сиырлардың денсаулық жайына қарай серуендетуді бҧзауларға 3-5 кҥн 
қалғанда тоқтату керек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет