«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет182/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қозылар мен саулықтарды сақманға топтау. 
Жаңа туған қозылы 
саулықтарды кішігірім жеке топқа бӛледі, оны сақмандар деп атайды. 
Сақмандар қҧрамында бір кҥні туған, шамамен бірдей ӛсіп келе жатқан және 
денсаулығы бірдей қозыларды іріктеп алады. әлсіз қозыларды сол сияқты егіз 
қозыларды жеке кӛп қоздаған саулықтарды ҥстеп азықтандыруды дҧрыс 
ҧйымдастыруға мҥмкіндік береді.
Қыс кезінде және ерте кӛктемде қой қоздату кезінде 3 кҥннен 5 кҥнге 
дейінгі қозылар ҥшін жалқы қозылы 5 саулықтан немесе егіз қозылы ҥш 
саулықтан сақман қҧрады. 5 кҥннен 10 кҥнге дейінгі қозылар ҥшін 
сақмандарды екі есе арттырады, онда жалқы қозылы 6 –10 саулықты немесе 
егіз қозылы 4-5 саулықты қосады. 10-20 кҥннен астам қозыларды жалқы 


қозылы 12-15 саулықтан қҧралған сақмандарға қосады, 20-30 кҥннен кейін 
сақмандағы қозы екі есе кӛбейтіледі.
Туғанынан бес кҥнге дейінгі қозылары бар, кӛктемде қоздаған 
саулықтарды 10-12 бастық сақмандарға қосады, 20 кҥнге дейінгі қозылардың 
сақманын әрбір 5 кҥн сайын кӛбейтіп отырады, 5 айлығында сақмандарда 
қозылы саулықтар 150-ге дейін болуы мҥмкін. Сақмандарды ірілендіргенде 
саулықтар мен қозылардың қоңдылығын және дені тазалығын есепке алу керек 
болады. Қозылары сергек және жалқы қозылы сақмандарды әлсіз және егіз 
қозылы сақмандардан бҧрын іргелендіруге болады.
Қой қырқу басталу кезеңінде кӛктемгі қой қоздатудағы саулықтардың 
отарында кемінде 4-6 сақман сақталады. Бҧдан кейінгі сақмандарды ірілендіру 
ісі қырқылған саулықтарға қозылар ҥйренген кезде, қойды қырқып болғаннан 
кейін жҥргізіледі.
Қозыларды енесінен айырар алдында қозылы саулықтарды ҥш сақманға 
бӛліп жаяды: бірінші сақманда – неғҧрлым ерте туған және жақсы жетілген
марқа қозылар болады, екінші сақманда – бҧдан гӛрі біраз нашарлау қозылар 
болады, ҥшінші сақманда – кеш туған әлсіз қозылар болады. Жайылымда 
ҥшінші сақман ҥшін қоршалған ашық қораға ішіне дән, тҧз, бор, сҥйек ҧны 
салынған науашық қояды. Енесінен айырғанға дейін бірінші, екінші 
сақмандарды 1-1,5 ай бҧрын жҧмыс қолы жеткіліксіз болғанда, іске нҧсқан 
келмейтін етіп, бір сақманға біріктіруге болады. әлсіз қозылы ҥшінші сақманды 
енесінен айырғанға дейін бӛлек сақманда сақтайды.
Сақмандарды жоюдың ережелері
. Сақмандар жер әбден қызып, шық 
тҥсу аяқталғаннан кейін айылымға шығарылады. Ең алдымен ересек, содан соң 
орташа сақмандар шығарылады. Ең жас сақмандарды тек жақсы, желсіз кҥндер 
ғана кҥндізгі сағат 10-11-де шығарып, кҥн батуға 2-2,5 сағат қалғанда қой 
қораға айдап келеді. Сақманедар жайылымнан керісінше тәртіппен 
қайтарылады, яғни бәрінен бҧрын ең жас сақмандар, содан кейін орташа, ең 
соңынан ересек сақмандар қайтарылады, мҧнда соңғы сақмандар ымырт 
жамылғанға дейін қой қораға орналасып болуға тиіс. Ауа райы жақсы кҥндері 
сақмандар кҥн ҧзаққа жайылымда болады, ал жауынды, суық кҥндері қорада 
қалдырылуы керек. Сақмандарды жайылымға шығарар алдында және 
жайылымнан қайтып келгеннен кейін шопандар барлық қозыларды қарап 
шығып, арықтағандарын қосымша азықтандыруға, ал ӛте әлсіздерін немесе 
ауыруларын жеке ашық қой қораға орналастыруы тиіс, ӛрістен қайтқаннан 
кейін барлық қозыларды міндетті тҥрде қайта санап шығу керек.
Сақмандарды бір-бірінен кемінде жарты км қашықтықта орналастыра 
отырып, оларды қораға жақын жерге жаю керек, мҧнда саулықтардың бір 
сақманнан екінші сақманға кетіп қалмауын тқадағалаған жӛн.
Қозылардан саулықтардан қалып қоймауы ҥшін сақмандарды жаюды 
және оларды бір участіктен екінші участікке айдауды абайлап жҥргізу керек. 
Сақмандарды сыз жайылымдарға жаюға болмайды, мҧндай жағдайда 
қозыларға кӛбінесе суық тиеді және олар ішқҧрт ауруына шалдығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет