«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет184/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қозыны енесінен айыру. 
Биязы жҥнді және тҧқымдық қой отарларында 
қозы енесінен 3 1/2 – 4 айлығынан ерте айырылмайды. Саулықтарды саууға 
байланысты будан және қылшық жҥнді қой отарларында қозыны 3-3 1/2
айлығына дейін енесін емізеді. әлсіз және ӛзінің ӛсуі жағынан кенже қалған 
қозыны енесінен 2-3 апта кейін айырады.
Енесін айру мерзімін анықтағанда қозылардың ӛсуін, ӛрістердің жайын 
және шаруашылықтағы жем азықтарының мӛлшерін еске алу крек. Егер 
қозыларды енесінен айыру қарсаңында табиғи жайылым шӛбі кҥйіп кетіп, шӛбі 
қолдан егілген жайылым жоқ болса, және шаруашылықтың қозыларды 
қосымша қоректендіруге қажетті жеткілікті мӛлшерде жем азығы болмаса, 
қозыларды енесінен айыруға асығудың керегі жоқ.
Ең әуелі неғҧрлым ірі және бірден жақсы ӛскен қозыларды айырады, ал 
2-3 аптадан кейін кешірек жетілген қозыларды айырады. Әдетте қозыларды 
енесінен таңертең айырады. Мҧның ҥшін қозылы саулықтар отарын қыспақтан 
ӛткізеді және бос ашық қораға қозыларды айдап апарады. Енесінен айрылатын 
қозыларды ӛріске айдап әкетеді, ӛйткені қозылар енесінің даусын естіп 
тынышсызданады да, жӛнді отамайды.
Қозыларды азықтандыру және бағып күту. 
Енесінен айырылған 
қозылардан жеке отар қҧрады, еркек қозылардан ҧрғашы қозыларды бӛледі. 
Мҧнда мҥмкіндігіне қарай ӛсуі және қоңдылығы жағынан бірдей қозыларды 
бір отарға іріктеп жіберуді ескеру керек. Кеш туған және әлсіз қозылардан 
жеке отарлар қҧрып, оларды жақсылап қосымша азықтандырады. Қозылар 
жақсы ӛсу ҥшін тӛл отары шағын болуға тиіс: биязы жҥнді қозылардың отары 
400-600 бастан, будандардың отары 500-700 бастан және қылшық жҥнді 
қозылардың отары 75000 бастан артық болмауы тиіс. Тҧқымдық фермаларда 
отарлар 15-20 процент кем болуы керек. әлсіз қозылардың отары 25 процент аз 


болуға тиіс. Егер ферма кішігірім болса, ҧрғашы қозылар мен ісектерді бір 
отарға біріктіруге болады. Тӛлге шӛбі жас, бҧршақ тҧқымдастардың сулы 
ӛсімдігі, беде, жоңышқы, тиҥйежоңышқы, сиыржоңышқа белоктарға және 
минерал тҧздарға бай басқа шӛптері бар таңдаулы ӛрістерді бӛледі. Бірақ тек 
қана жайылымда әсіресе табиғи жайылымда жҥру қощылардың ӛскелең 
организмін қоректік заттар жӛніндегі қажетін толық қанағаттандыра алмайды. 
Қозылардың санын неғҧрлым кӛбейте тҥсу ҥшін оларды жеммен ҥстеп 
азықтандыру керек. Егер жайылым нашар болса, барлық қозыларды жеммен 
қосымша азықтандыру керек. Ең әуелі қозыларға қосымша азықты енесінен 
айырғандағы соңғы кҥндері қанша мӛлшерде берілсе мҧнда да сондай 
мӛлшерде беріледі. Жем азықтарды беруді бірте-бірте арттырады және 8-12 
айлығындағы қозыларға кҥніне 300-500 грамм жем азықтарын береді. Тӛлге 
ҧнтақталған дәнді (сҧлы, жҥгері, арпа) азықтарды бидай кебегімен және 
кҥндарамен араластырып берген тәуір болады. Жануарларды жақсы 
азықтандыру әсіресе жас кезінде анағҧрлым тиімсді болады. Малдың бҧл кезін 
тірілей салмақты неғҧрлым кӛбірек арттыру ҥшін пайдалану керек. Қозылар 
ӛмірінің алғагқы жарты жылында тезірек ӛседі. Бҧл кезде қозылардың орта 
тәуліктік салмағы 150-200 грамм артады. Ал таңдаулы жануарлардың счалмақ 
қосуы 400-500 грамм болады. 6-7 айлық қозының 1 килогграм қосымша 
салмағына 1 жастағы мен 2 жастағыны салыстырғанда азық біржарым есе аз 
жҧмсалады.
Алайда, ет пен жҥннің жалпы ресурстарын кӛбейту ҥшін 1 жасқа 
толмаған еркек қозылар мен ісектерді етке союға жол беруге болмайды. Ет пен 
жҥнді кӛп мӛлшерде алу мақсатымен оларды 2-3 жасына дейін ал биязы жҥнді 
және жҥні біркелкі будандарды 5-6 жасына дейін қалдыру керек.
Тӛлді кҥн сайын таза сумен суғарады. Ең жақсысы қҧдық суымен суару. 
Егер қҧрғақ ӛрісте бағылса, тӛлде енесінен айырғаннан кейін алғашқы аптада 
тәулігіне 2-3 рет суарады. Ал кҥзге таман кҥндізгі тынығудан кейін тәулігіне 1 
рет суарады. Сығылыспауы ҥшін қозыларды суатқа 40-50 бастан топ-тобымен 
жіберу керек. Қозыларға тәулігіне 8-10 грамм тҧз беру керек. Бос жҥріс 
жасамай отарды қаптатып жаяотырып ақырын ӛрістеу керек.
Кҥз жақындағанда қозыларды қой қораға таяу жердегі ӛріске 
ауыстырады. Сонда тҥнгі суықта және жауын-шашынды кҥндері оларды дереу 
қораға қамауға мҥмкіндік туады.
Тұқымдық тоқты қошқарды өсіру. 
Қой отарын тҧқымдық қошқарлармен 
толықтыру ҥшін қозыларды енесінен айырғанда таңдаулы тоқты қошқарларды 
іріктеп алады. Бҧл ҥшін барлық тоқты қошқарларды жеке-жеке кӛріп шығып, 
келесі жылы отарды толықтыруға қажетті қошқарлардың санын 5-6 есе артық 
етіп, мал басын ӛсіру тобына бӛледі. Мал басын толықтыру тобына бӛлінген 
тоқты қошқарларды жақсылап азықтандырады. Жайылым кезінде оларды 
таңдаулы ӛріспен қамтамасыз етеді жеммен ҥстеп азықтандырады. Қыста 
сапасы жақсы пішен сулы және жем азықтар беріледі.. Кӛктемде мал басын 
толықтыратын бір жастағы тоқты қошқарларды жеке-жеке бонитировкалайды 
және бонитировканың мәліметтеріне сәйкес пайдаланады. 
 


Қойды қорада баққан кезде азықтандыру және бағып-күту. Қыс кезінде 
қой үшін азықты таңдап алу. 
Кҥйісті мал ретінде қойдың да асқорыту 
органдары кӛлемді азықты қорытуға жақсы бейімделген. Егер қойға кӛлемді 
азықты асқазанның бірқалыпты жҧмыс істеуі ҥшін жеткіліксіз берсе, азыққа 
шабыты нашарлайды, азықты нашар қорытанды, олардың қоңдылығы 
тӛмендейді. Қой ҥшін кӛлемді азықтың негізгісі – пішен. Жҧғымдылығы 
жағынан жақсысы бҧршақтҧқымдас шӛптердің пішені (жоңышқа, беде, 
сиыржоңышқа, тҥйежоңышқа, эспарцет). Бҧршақтҧқымдас пішенде бенлок пен 
менирал заттары кӛп. міне сондықтан оны буаздығының екінші кезеңінде буаз 
саулықтарға және қошқарларға тӛлге беру керек. Қой ҥшін жақсы азық тау 
пішені сол сияқты дер кезінде жинап алынған астық тҧқымдас пішен (бидайық, 
еркек-шӛп, сорго, могар, судың шӛбі және басқалар) болып табылады. 
Батпақты жердің шӛбі тӛлге тіпті жарамсыз болады. Онымен қойды ҧзақ уақыт 
азықтандыру малдың ӛлім жітімге ҧшырауына әкеліп соғуы мҥмкін. Қой 
кӛптен бері тыңайтуға қалдырылған жерлердің қырлық пішенін сай саланың 
ҧсақ пішенін сол сияқты жусанды сҥйсініп жейді. Қой ҥшін орманды жердің 
пішені, әсіресе сояу сабақты пішен жарамсыз келеді. Қойға пішеннің орнына 
20-30 процентке сабан топан беруге болады. Ал ісектерді азықтандырғанда 
мҧны 50 процентке дейін жеткізуге болады. Қой қырман азықтарының 
басқаларынан гӛрі сҧлы, жаздық бидай дәнді бҧршақ тҧқымдас дақылдардың 
сабанын жақсы жейді. Қылтықтар дақылдар егінінің сабаны мен топанын 
алдын ала булау керек немесе сулы азықтармен қоса сҥрлеу керек. Биязы жҥнді 
және биязылау қойға қара қҧмық сабанын беруге болмайды. Қой сыпырғыш 
тәрізді бҧтақты азықтарды ӛте сҥйсініп жейді. Бҧтақты азықтарды (жас 
жапырағымен) июнь, июльде дайындайды. Қой басқалардан гӛрі, қайыңнын, 
жӛке ағашының, қарағанның бҧтақтарын жақсы жейді.
Саулықтар, тҧқымды қошқарлар мен тӛл ҥшін жақсы жем жаңшылған 
сҧлы және басқа жеммен аралас арпа болып табылады. Қошқарларды бір ғана 
арпамен ҧзақ уақыт азықтандыруға болмайды. ӛйткені бҧл ӛте семіртіп 
жібереді. Жҥгері негізінен, ересек қойға ҧнтақталып беріледі, ал қошқарлар 
мен тӛлге неғҧрлым белокқа бай (кҥнжара мен беде) басқа азықтармен қоспа 
тҥрінде беріледі. Тары қойлардың барлық топтарына, әсіресе шағылыстыру 
кезінде қошқарларға беруге жарамды келеді. Қойға белокка бай азықтардан 
кҥнжара, кебе, сиыр жоңышқаның ҧны, бҧршақ жасмық беріледі. Кҥнжара 
ҧнталған кҥйінде беріледі. Кебек әсіресе тӛл ҥшін қозысын емізетін саулықтар 
ҥшін ӛте жарамды келеді. Оны сеуіп немесе ботқалап береді. Сҥрленген азық 
пен тамыр жемісті азық қойды әсіресе еттік жҥндік және роман тҧқымдас 
қойды азықтандырғанда кеңінен пайдалануға тиіс. Сулы азықты буаз және 
қозысын емізетін саулықтардың ӛсіп келе жатқан тӛлдің рациондарында 
міндетті тҥрде қолдану керек. Бҧл азықтарға белоктың кемін бҧқршақ 
тҧқымдас пішен мен кҥнжарамен, кебекпен толықтырады. Қойдың 
рациондарында 50 процент кӛлемді азықты орнына сҥр азықты пайдалануға 
болады. Азықты тек қана дайындап қоймай, сонымен оны қой қораларының 
жанына дер кезінде тасып алу керек. Қойлар ҥшін дайындалған азықтың 


барлығы ферма меңгерушісіне тапсырылуы тиіс. Мал қолға қарағанға дейін 
қыста бағу ҥшін қажетті азықтардың кемінде 3/1 қыстауларға тасылып алынуға 
тиіс. Ал қалған азық 1 қаңтардан кешіктірілмей тасылуы керек. Міне осындай 
жағдайда ғана қойдың қыс бойы ҥздіксіз азықтанджырылуын қамтамасыз етуге 
болады. Қойды бірқалыпты азықтандыру олардың ауруға шалдығуына, жҥнінің 
қылшықтануына, тағы басқа кемістіктердің пайда болуына әкеліп соғуы 
мҥмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет