«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет186/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Буаз биені азықтандыру және күту. 
Дені таза, тҧлғасы берік қҧлын алу 
буаз биелердің азықтандырылуы мен кҥтімнің дҧрыс ҧйымдастырылуына 
байланысты. 
Егер буаз биелердің рационында сабан, сапасы нашар шӛп кӛбірек келіп, 
дәрумендар аз болса, жаңа туған қҧлындарда ауру (авитаминоз) пайда болуы 
мҥмкін. Мҧндай қҧлындар шӛже болып туады және олар алғашқы кҥндері-ақ 
ӛліп қалуы ықтимал. 
Озат жылқышылардың тәжірибесі қорада ҧстағанда буаз биелерге 
қосыша азық ретінде ӛне бастаған дәндер беру пайдалы екенін кӛрсетті, 
ӛйткені оларда дәрумендер кӛп болады. Ӛндіруге сҧлының, арпаның,
жҥгерінің, қара бидайдың, бидайдың дәнін пайдалануға болады. Бҧған 
ӛнгіштігі жақсы дәнді алады. Бҧзылған және сапасы нашар дән ӛндіруге 
жарамайды, ол ауру шығаруы мҥмкін. Ӛне бастаған дәнді басқа азықтармен 
араластырып я жеке ӛзін береді. Оны кҥн тәулігіне 100-200 г бастап беру 
мӛлшерін бірте-бірте арттырады, 5-6 кҥннің ішінде оның мӛлшерін желгіш 
тҧқымды биелерге 500-700 г дейін, ауыр жҥк тартатындарына 800-900 г дейін 
жеткізеді. 
Буаз биелерді кҥнтәулігіне ең кемінде 3 рет суарып, азықтандырады. 
Буаздығының жартысынан ауғаннан кейін шарауашылықтың ӛз ішіндегі жеңіл 
жҧмыстарға ғана пайдаланады. Қҧлындауына екі ай қалғанда және 
қҧлындағаннан кейін 15 кҥндей биені жҧмыс атаулының бәрінен босатады.
Бие құлындату және жаңа туған құлынды күту. 
Жылқы фермасында 
жыл сайын биелердің буаздық кҥнтізбесін жасап, оған олардың қашан 
айғырдан шыққанын, қашан қҧлындауға тиіс екенін жазып отыру керек. Ат 
қораның ішінде биенің тҧратын орнымен қатар немесе ӛжреде кішкене шеге 
іліп, оған биенің айғырға ақырғы рет қосылған уақытын және қҧлындауға тиіс 
мезгілін жазып қояды.
Буаз биелер әсіресе соңғы екі айында бой жазуды тым қажет етеді. 
Сондықтан оларды кҥн сайын серуенге шығарып, жҥргізіп алған жӛн.
Буаздығының оныншы айынан бастап биелердің желіні ҥлкейіп, белі 
біраз қайқыланады және іші едәуір ӛседі. Қҧлындауына 3-4 апта қалған 
биелердің белінің қайқыштығы бҧрынғысынан кӛрі анық байқалады. Кӛбінесе 
буаз биенің аяғы, іші және жыныс органдарының сырты ісінеді. Қҧлындауына 
8-10 кҥн қалғанда емшектерін сҥт кернейді. Жылқыларды қорада бағатын 
аудандарда биелерді қҧлындату ҥшін оларға арнаулы қоралар жасайды, 
бҧларда қҧлындауына 10-15 кҥн қалған биелерді кҥтеді. Бҧл қоралардың 
еденіне қҧрғақ, таза сабан тӛсейді. 


Қҧлындар алдында, әдетте биенің мазасы кете бастайды, берген азықты 
жемейді, бҥйіріне қарайды, жата береді. Биелер кӛбінесе тҥнде я таң ата 
қҧлындайды. Биелер қҧлындайтын кезде, оларды байқау ҥшін атшылардың 
ішінен тәулік бойына кезекшілер бӛлінеді.
Жылқыны ҥйірлеп баққанда, биелер жылдың суық кезінде қҧлындайтын 
болғанда, қҧлындауына 7-10 кҥн қалғанда буаз биелерді табыннан алып, кең, 
жылы сарайға, немесе осыған ыңғайлы басқа қораларға кіргізеді. Қораларда 
қҧрғақ тӛсеніш тӛселеді. 
Егер қҧлыны тҥзу келсе, биеге кӛмектік керегі жоқ. Біраз кҥшеніп, 
толғатқан соң қағанақ шығып жарылады, сонан соң қҧлын шығады. Биенің 
дҧрыс қҧлындауы 30-40 минутқа созылады. Бие тез қҧлындай алмаса, қҧлыны 
теріс келсе, мал дәрігерін немесе фельдшерді шақыру керек. Қҧлын туысымен 
оны қағанақтан босатады. Егерде қағанақ ӛз бетімен жарылмаса, қҧлын 
тҧншығып кетпеу ҥшін оны жарады. Сонан соң қҧлынның кіндігін тҥбінен 7-8 
см қалдырып дезинфекцияланған қайшымен кеседі. Кіндіктің кесілген жерін 
йод тҧнбасын қҧйған я карбол қышқылының 5 пайыздық ерітіндісінің немесе 
басқа дезинфекциялағыш ерітінді қҧйған стаканға малып қояды. Қҧлынның 
ауыз-мҧрнын, қҧлағын шаранадан арылтып таза сҥлгімен сҥртеді. Туғаннан соң 
біраздан кейін қҧлын енесінің емшегіне ҧмтыла бастайды. Оған емшекті 
табуына кӛмектесіп ауыздандыру керек. 
Туғаннан кейін қҧлын кейбір себептерден ӛз бетімен енесін еме алмаса, 
оған енесінің сҥтін еміздікпен қолдан береді; қҧлын шыйраған соң оны ӛз 
бетімен емуге ҥйретеді.
Дҧрыс қҧлындаған биенің шуы жарты сағаттан соң тҥседі. Шу 
уақытында тҥспесе, мал дәрігерінің кӛмегі керек болады. Шуды тәжірибесі жоқ 
адамдар тҥсіргенде бие ауырсынуы, тіпті ауырып та қалуы мҥмкін. 
Тҥскен шуды былғанған тӛсенішпен бірге ӛжреден шығарып, жерге 
кӛміп тастайды; биенің жырмашын, желінін, қҧйрығын және артқы аяқтарын 
таза сумен жуады.
Қҧлындаған биенің қан айналысын орнына келтіру ҥшін оның денесін 
сабан бумасымен ысқылайды, егер ат қора суық болса, биеге жабу жабады. Бҧл 
шара оны суықтан болатын аурулардан сақтайды. Қҧлындаған соң алғашқы 2-3 
кҥнде биелердің рационынан сҧлы мҥлдем шығарылып, оның орнына кебек 
беріледі, бҧл кезде оларға ең жақсы пішен беріледі. Қҧлындағаннан кейін 
биенің сусынын қандыру ҥшін оған бірнеше жҧтым су, кейде кебектен 
жасалған быламық береді. Сонан соң 2-3 сағаттан соң тағы да суарады, мҧнда 
оларға жылылығы 10-12 градус суды жарты шелектен артық бермейді. Суық 
сумен суарса, биеге суық тиюі мҥмкін. Кейде тҧмса қҧлындаған жас биелер 
қҧлындарын алмай қояды. Мҧндай биелерді қҧлындарына бірте-бірте ҥйретеді. 
Жас биеге қҧлынын тептірмеу ҥшін оның аяғын шідерілейді. Сонан кейін 
жылқышылардың біреуі оның тізгінін қысқа ҧстап, екіншісі қҧлынды енесіне 


жіберіп ауыздандырады. Бие қҧлынын емізіп ҥйренгеннен соң оны жалпы 
табынға қосып жайылымға шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет