«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет180/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қоздау кезінде саулыққа көмек көрстеу. 
Әдетте саулықтар оңай 
қозғалады. Қалыпты қозғауда қынаптан ішкі сҧйық затқа толған қағанақ 
(қағанақ қабы)
Қҧрсақта дҧрыс жатқан тӛлдің әуелі басы мен алдыңғы екі аяғы немесе 
артқы екі аяғы шығады. Егер қозы қағанақтың ішінде бірге шықса, қозының 
тҧншығып қалмауы ҥшін қағанақ қабығын дереу жарып жіберу керек. 
шығады. Қағанақ туу жолын кеңейтеді, тӛлдің сыртқа қарай жылжып 
шығуына кӛмектеседі, жарылғаннан кейін туу жолдарын суландырып, оны 
жылпылдақ етеді. Сондықтан да қағанақтың қабығын мерзімінен бҧрын 
жармау керек. 
Қойлардың қалыпты қоздауының ҧзақтығы (қағанақтың шеті кӛрініп, 
тӛлдің толық шығуына дейін) – 30-40 минут шамасы, ал алғаш қозғаудан 
саулықтарда – 50 минут шамасы болады. Тӛлдің ӛзі 4-8 минут ішінде шығады.
Тӛл қҧрсақта дҧрыс жатса, егер қозы ірі болып туған жағдайда ғана, 
саулыққа қолдан кӛмек кӛрсету керек болады. Бҧл ҥшін кҥшену кезінде 
қозының сыйрағынан ептеп тӛмен қарай, енесінің желіне қарай тартады.
Егер саулық қозы шыққаннан кейін тыныштанбаса, онда екінші қозыны 
кҥту керек. Екінші қозы 10-15 минуттан кейін туады. әдетте егіз қоздау оңай 
болады, ӛйткені қозылар кішкен болып туады.
Қоздағаннан кейін саулықты және қозыны күту. 
Туғаннан кейін дереу 
қозының аузы мен тҧмсығындағы шаранасын сҥртіп тазартады, оны енесіне 
жалатады. Егер енесі қозысын жаламаса, онда шопан бір бурда жҧмсақ шӛппен 
немесе сабанмен яки қҧрғақ сҥлгімен сҥртуі керек.


Саулық тҧрған кезде кіндігі ҥзіліп тҥседі. Егер кіндігі ҥзілмесе, оны 
тҥбінен 8-10 сантиметр қалдырып, ептеп кеседі де, қарнынан 2-3 сантиметр 
қашықтықта әбден дизинфекцияланған жіппен байлайды. Кіндіктің ҥзілген
жерін екі рет– енесінің қозыны жалағанына дейін және екінші рет одан кейін 
дизинфекциялау керек.
Жаңа туған қозыны тҧнғыш рет енесінің уызымен туғаннан кейін жарты 
сағаттан кешіктірмей ауыздандырған жӛн. Саулық қозыны жаласымен-ақ, 
саулықтың желінін дереу байқау керек, қҧйрығы мен санындағы керілген 
жҥнді алып тастау керек. Биязы жҥнді қойлар мен олардың будан 
саулықтарының желіні айналасындағы жҥнді міндетті тҥрде қырып тастайды.
Желіні іскендіктен саулықтардың желіні бҥтіндей немесе оның бір бӛлігі 
бҥлініп қалуы мҥмкін. Мҧндай жағдайда қозыларды басқа саулықтарға телу 
керек болады. Қозыны емізуден бҧрын желінді жылы сумен жуады және 
сҥлгімен сҥртіп, қҧрғатады. Жҧқпалы ауруларға жол бермеу ҥшін микробтар 
тҥскен уыздың алғашқы тамшыларын жеке ыдысқа сауып алады да, содан 
кейін барып қозысын енесіне жібереді.
Жаңа туған қозы енесін аз емеді, бірақ, әрбір екі-ҥш сағаттан кейін, жиі 
еміп отырады. ЖАлқы қозысы бар сҥтті саулықтарға екінші қозы жіберу керек 
немесе артық сҥтті сауып алған жӛн, ӛйткені желінінің сҥтке толуынан оның 
қабынуы, ал қозы сҥтті кӛп емгендіктен тышқақ болуы мҥмкін.
Ӛте кӛп қоздаумен байланысты, роман тҧқымдас саулықтарды
қозыларымен бірге жеке станоктарда 3-4 кҥн бойы ҧстайды, ал кҥйі нашар 
саулықтарды тӛлдегеннен кейін тынығып, ӛзінің қозыларына ҥйреніп алуы 
ҥшін – 6-7 кҥнге дейін ҧстайды.
Қоздататын бӛлімшеден саулықтарды бӛліп алып, алдын ала әзірленіп, 
аяқталған, дизинфекцияланған клеткаларға шығарады, онда оларды екі-ҥш кҥн 
ҧстайды. Әрбір шараққа қозысымен, бір саулықты қояды.
Егер кӛктемгі қой қоздату жайылымда ӛтетін болса, саулықты 
қоздасымен саулықтар таситын арнаулы аспаппен қой қораға алып келеді.
әрбір пайдаланудан кейін саулық тасығышты дизенфекциялайды, оның 
ҥстіндегі тӛсенішті ауыстырып отырады. Саулықтар мен қозыларды
жауыннан сақтау ҥшін саулықтар тасығыштың ҥсті брезентпен жабылуға тиіс. 
Қатты суықта қозыларды орау ҥшін дені таза қылшық жҥнді сойылған 
(ӛзбетімен ӛлмеген) қойлардың 8-10 терісі болуы керек. Егер қозы тоңса, оны 
температурасы қозының температурасындай суға салып жылыту керек. 
Жылытқан қозыны сҥртіп кептіреді. Теріге орайды немесе жылы ҥйге 
апарады.
Саулық қозысын жалап, емізіп болғаннан кейін оған аз-аздап жылы су 
береді. Суды қой қораға алдын ала әкеліп қою керек. Саулыққа бидайдың 
кебегінен жасалған ботқа берген бәрінен де жақсы болады, ӛйткені кебек ішті
жҥргізетін азық болып саналады.
Алғашқы кҥні қоздағаннан кейін екі сағаттан соң, саулықтарға жақсы 
пішен немесе кӛк шӛп береді. Екінші кҥні, саулықты тыңайтқаннан кейін


қорада алдын ала ҥстеп азықтандыра отырып, оны жайылымға (қойды 
кӛктемде қоздату) шығаруға болады.
Саулықтарды бірқалыпты азықтандыру қоздағаннан кейін 3-4 кҥннен соң 
бастау керек. Арық, сҥтті аз беретін саулықтарды алғашқы кҥндері жеммен 
(әрбір басқа 100-200 грамм кебек) азықтандыру керек. Ҥшінші кҥні жем беруді 
300 грамға дейін жеткізуге болады.
Қоздағаннан кейін 2-3 сағаттан соң қойлардың шуы тҥседі, оны шығарып 
тастауға қолайлы келетін жәшікке тӛсенішпен бірге дереу салады, содан кейін 
оны арнап бӛлінген жерге апарып кӛміп тастайды.
Шудың кӛп уақыт тҥспеуі қанның ластануына және саулықтың ӛлуіне 
әкеліп соғуы мҥмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет