«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет177/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қошқарларрды шағылыстыруға әзірлеу
. Саулықтарды қашыруды 
ойдағыдай ӛткізу ҥшін асыл тҧқымды қошқарларды да даярлау керек. 
Қошқарларды жыл бойына қоңдылығын жақсы етіп ҧстау қажет, кҥйек алудан 
1,5-2 ай бҧрын жемазықты бірте-бірте кӛп беріп азықтандыру керек. 
Қощқарларды ӛте семіртіп жіберуге болмайды. Арық, сол сияқты ӛте семіріп 
кеткен қошқарлар кҥйекке жарамайды, ӛйткені ҧрықтандыру пайызын аз 
береді. Қошқар ҧрығының сапасы шағылыструдан бҧрын және шағылыстыру 


кезінде тексерілуге тиіс. Нашар ҧрықтандыратын қошқарлар кҥйекке 
жіберілмеуі керек.
Ӛзінің сапасы мен ӛнімділігі (тірі салмағы, қырқылатын жҥні, елтірісінің 
сапасы және т. б.) асыл тҧқымды қошқарлар фермасындағы саулықтардан 
артық болуға тиіс.
Мҧндай қощқарларды пайдалану келесі ҧрпақтың әрқайсысында 
неғҧрлым жоғары ӛнімді мал алып ӛсіруге кӛмектеседі.
Саулықтар қашырылатын үй және құрал.
Кҥйек алу ҥшін қой қораны 
кҥні ілгері бӛлу крек, оны әбден тазартып, дизенфекциялау керек, сол сияқты 
кҥйек алу кезінде қолданылатын барлық қҧралды әзірлеу қажет.
Саулықтарды қашыру және қолдан ұрықтандыру
. Қошқар жӛніндегі 
қажеттілік бір қошқармен қанша саулық қашырылатынына, кҥйек алудың 
тҥріне де байланысты. 200-300 және одан да кӛп саулығы бар қойдың 
шарруашылығы фермаларында қолдан ҧрықтандыру әдісі ғана қолданылуы 
керек. Ол жоғары сапалы тҧқымдық қошқарларды неғҧрлым толық 
пайдалануға және олардың әрқайсысынан кҥйек алудың бӛтен қай тҥріндегіден 
болса да қозыларды бірнеше есе кӛп алуға мҥмкіндік береді. Қолдан 
ҧрықтандырру әдісін қолдану қошқарларрдың қажеттік мӛлшерін едәуір 
азайтады және саулықтың қошқарға ӛте жҧқпалы ауруларды жҧқтыру қаупін 
жояды. 
Қолдан ҧрықтандыру пунктінің ҥйі кҥйек алу басталмастан 2-3 ай бҧрын 
әзірленуі керек. Саулықтар кҥйлегенде тынышсызданады, бір-біріне асыла 
береді, қошқардан қашпайды. Олардың жыныс органдары ісіп кетеді. 
Саулықтардың кҥйлегенін іріктеп алудың неғҧрлым сенімді әдіс- ол байқаушы 
қошқарлардың кӛмегімен іріктеп алу керек. Байқаушылар есебінде тыйлы, 
сергек қошқарларды (тҧқымдық жағынан қҧндылығы кем) пайдаланылады. 
Байқаушы қошқарларға арнаулы фартук – кҥйек байлайды. Саулықтардың 
кҥйлеуі әдетте 16 сағаттан 36 сағатқа дейін созылады. Егер саулық 
ҧрықтанбаған болса, онда кҥйлеу 2,5-3 аптадан кейін қайталайды. 
Қолдан қашыру.
Қолдан қашырғанда қошқарлар бҥкіл жыл бойына, тіпті 
кҥйек алу науқаны кезінде де дербес отарларда бағылады. Байқаушы 
қошқарлардың кӛмегімен кҥйлеген саулықтарды анықтайды, оларды тҧқымдық 
қошқармен шағылыстыру ҥшін отардан бӛледі. Қолдан шағылыстыруды 
дҧрыс жҥргізгенде саулықтар қысыр қалмайды, қой қоздату ҧзаққа 
созылмайды, қашып кеткенде барлық саулықтар жӛніндегі мәліметті шопан 
дәлме-дәл біліп отырады. Қолдан қашырғанда бір қошқарға 50-60 саулық 
бекітуге болады. 
Шағылыстыру кезінде саулықтар мен қошқарларды күтіп бағу. 
Қашырылған, сондай-ақ ҧрықтандырылған саулықтарды жеке топқа бӛліп 
бағады. Егер бҧған мҥмкіндік болмаса, кҥйлеген саулықтарды жалпы отарға 
қосу керек, әйтпесе байқаушы қошқарлар қашып кеткен саулықтардың 
тынышын алады. Ҧрықтандырылғаннан кейін ҥшінші кҥні бірінші қашыруда 


ҧрықтандырудан қалған саулықтарды ірріктеп алу ҥшін бҧл байқаушы 
қошқарларды жібереді. Қайталап қашыру ҥшін саулықтарды іріктеп алып 
отырады. Қашырылған әрбір саулықты бояумен белгілейді. Ҧрықтандыру 
немесе қолдан шағылыстыру басталғаннан 40 кҥннен кейін саулықтарды ӛз 
бетімен қосымша шағылыстыру ҥшін отарға 20 кҥнге қошқарлар жіберіледі. 
Бҧл ҥшін саулықтардың отары 100-150 бастан топқа бӛлінеді. Шағылыстыру 
мерзімінің ҧзақтығы 40 кҥннен аспауға тиіс. Бҧл кезде егер саулық алғашқы 
кҥйлеуде ҧрықтандырылмаса, онда екінші рет кҥйлеуі ықтимал, ӛйткені мҧның 
ӛзі қой қоздатудың ҧзаққа созылуына әкеп соғады. 
Егер кҥйек алу кезінде саулықтар оты нашар жайыламдарға бағылса және 
ҥстеп азық берілмесе, қолдан ҧрықтандыруды 17-20 кҥнде ӛткізуге болады, 
содан кейін қашпаған саулықтарды қашыру ҥшін отарға қошқарлар жіберіледі. 
Кҥйек алу кезінде саулықтардың отарын ҧрықтандыру пункті жанындағы 
жақсы жайылымдарды жаю керек. Қолда бақанда саулықтарды пішенмен, ал 
кҥйі нашар саулықтарды жеммен ҥстеп азықтандырады. 
Шағылыстыру маусымы кезінде қошқарларды шағылыстыратын 
орынға жақын жерге жаяды. Оты нашар жайылымдарда оларды жақсы 
пішенмен және жеммен ҥстеп азықандырады. Қолда баққанда қошқарларды 
топ-тобымен жеке шағын отарларда ҧстап бағады.
Шағылыстыру 
науқанының 
бірқалыпты 
барысында 
және 
шағылыстыруды дҧрыс ҧйымдастырғанда алғашқы 15 кҥнде отардағы 
саулықтардың 75 процентіне дейінгісі шағылыстыруға тиіс. Егер осы кезде 
саулықтардың жартысы да қашырылмаған болса, онда шағылыстыру 
науқанының бірқалыпты жҥруіне бӛгет жасайтын себептерді анықтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет