«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Қойды ӛсіру, азықтандыру, кҥтіп бағу



Pdf көрінісі
бет176/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
13.2 Қойды ӛсіру, азықтандыру, кҥтіп бағу 
Халық шаруашылығы ҥшін қой шаруашылығы саналуан тҥрлі ӛнім: жҥн, 
тері-терсек, елтірі, ет, тоңмай, сҥт береді. Бҧл ӛнімдердің ішінде жҥннің, 
әсіресе биязы және биязылау жҥннің бірінші дәрежелі маңызы бар. Ӛнеркәсіп 
биязы және биязылау жҥннен жоғары сапалы жҥн матасын жасайды. Сол 
сияқты кӛп жҥн ҧйық, байпаақ, киіз, кілем, шҧлық, қолғап, және хкалықтың 
қажетін ӛтейтін басқа бҧйымдарды даярлауға және жеке қожа 
шаруашылықтарын ӛтеуге жҧмсалады.
Қойдан алынатын жҥн сапасы жағынан қой шаруашылығы былай болып 
бӛлінеді; 
1) биязы, 2) биязылау, 3) ҧяң және 4) қылшық жҥнді.
Биязы жҥнді және биязылау жҥнді тҧқымды қойлар саласы біркелкі 
жоғары сапалы биязы, биязылау ҧзын жҥн береді, ол қойлардың тӛлдегіштігі 
жоғары болады, дҧрыс азықтандырып, бағып кҥткенде оны Қазақстанның кӛп 
аудандарында ӛсіруге болады. Биязылау жҥнді қойлардың кӛпшілігі еттік 
сапасы жағынан жақсы келеді және тез жетіледі. Тондық тері сапасы 
жағынан қылшық жҥнді қойлардың ішінде романов, елтірісі жағынан қаракӛл, 
ет-майы жағынан - гиссар және еділбай тҧқымдас қойлар ерекше кӛзге тҥседі. 
Қойды өсіру ісін ұйымдастыру және оның техникасы. 
Фермада қойдың 
санын тез кӛбейту, ӛнімділігін арттыру және сапасын жақсарту, оларды дҧрыс 
ӛсіруге, азықтандыруға, кҥтіп бағуға, ең алдымен шағылыстыру ісін жақсы 
шеберлікпен жҥргізе білуге байланысты. 
Саулықтардың жыныс жағынан жетілуі, яғни ҧрпақ беру қабілеті әдетте 
олардың 6-8 айлығында пайда болады. Алайда қойлардың барлық 
тҧқымдарының тҧсақтары 1-1,5 жасынан ерте қашырылуына жол берілмеуге 
тиіс. Тез жетілгіш қой ҧрпағының тҧқымдық емес тҧсақтарын ӛте жақсы ӛскен 


жағдайда, 9-10 айлығында қашыруға болады. Тҧқымдық фермаларда биязы 
жҥнді тҧсақтарды алғаш рет қашыруға 2,5 жылдығында жіберуге болады.
Қашырудың мерзімі
шаруашылықты қой қоздатудың қабылданған 
уақытына байланысты белгіленеді. Солтҥстік аудандарда әдетте саулықтар 
қаңтар-ақпан айларында қоздатылады, тамыз-қыркҥиек айында қашырылады, 
ал оңтҥстік аудандарда кӛктемгі қой қоздату сәуір-мамыр, айларында ӛте жиі 
қолданылады, қараша-желтоқсанда қашырылады. 
Сол сияқты оңтҥстік аудандарда және солтҥстікте қой қоздатуды қысқа 
және ерте кӛктемге кӛшіру және қозыларды қаңтар-наурызда қабылдау ҥшін 
саулықтарды тамыз-қыркҥйек айларында қашыру қажет. Қысқы және ерте 
кӛктемгі қоздатуда саулықтардың тӛлдегіштігі артады. Ерте қоздаған 
қойлардың қозылары жайылымға шығаруға дейін оттығып қалады, суық 
тимейді, ауруға шалдықпайды, қыс маусымына дейін жақсы ӛсіп жетіледі. Ерте 
қоздату ҥшін кең, таза, жарық қой қоралары мен ҥйшіктер, жеткілікті тҥрде 
мал азығы болуы тиіс.
Саулықтарды шағылыстыруға
әзірлеу оларды қозыны айырған кезден 
басталуға тиіс. Қозыларды енесіне айырғанда саулықтарды малдәрігерлік 
қараудан ӛткізеді. Қотырмен, бруцеллезбен, желінсаумен ауырған, ақсақ тағы 
басқа аурулармен емдеу ҥшін жеке отарға бӛлінеді. Кәрі саулықтарды 
жарамсыздыққа шығарып, семіртуге қояды. Шағылыстыруға тҥсетін таза 
саулықтар мен тҧсақтардан жеке отарлар қҧрылады.
Дені таза берік тӛл алу ҥшін шағылыстыруға тҥсетін барлық 
саулықтарды жақсарту керек. Шағылыстырудан бҧрын және шағылыстыру 
кезеңінде саулықтардың кҥшін арттыру ҥшін оларды сулы және витаминді 
азықпен қамтамасыз ету, қой шаруашылығының иелері кҥйек алудан бҧрын 1-
1,5 ай бҧрын саулықтар отарын жайылымдарға кӛшіреді. Саулықтар 
тӛлдегіштігін арттыру ҥшін Қазақстанның далалық аймағында қарашадағы 
шағылыстыруда 100 саулыққа 8-10 гектар табиғи жайылым және егіні 
жыйналған 7-15 гектар кҥздік арпаның аңызын немесе 10-15 гектар беденің 
орнын пайдалану ҧсынылады. Егер шағыстыру малды қолда баққан кезде 
жҥргізілсе, онда саулықтар ҥшін жақсы жыйналған (гҥлдену кезінде ), әсіресе 
бҧршақ тҧқымдас пішен қалдырылуы керек. Бҧл пішенді саулықтарға 
шағылыстыруға 3-4 апта қалғанда, сондай-ақ шағылыстыру кезінде беру керек, 
сол сияқты қоңлылығы тӛмен саулықтарға сҥрлем немесе жемазық қосымша 
жегізу керек. Саулықтарға тҧзды тілегенінше жалату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет