«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет181/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Қозылар мен саулықтарды таңбалау. 
Жаңа туған қозыларды және әрбір 
қозының енесін нӛмірлері бойынша тез таба қою ҥшін саулықтарды 
таңбалайды.
Жабық рунолы қойларды бояумен таңбалайды, немесе олардың мойнына 
тақтай биркаларды байлап жібереді. Қозылар мен саулықтарды біржақ 
бҥйірінен бір номермен – бірден 100 ге дейін номермен таңбаладайды. 
Бӛксесіне жҥздіктің тиісті номерін кӛрсететін цифрлар қояды. Егіз қозыларға 
және олардың енелеріне номерді оң жақ бҥйірінен салады. Номер ең 
болмағанда, бір ай бойына ӛшпеу ҥшін, бояу жҥнді бҥлдірмеу ҥшін таңбаны 
мҧқияттап салады. Жҥнді бҥлдірмеу ҥшін лоналин бояуын пайдалану 
ҧсынылады.
Элита саулықтарынан, бірінші класты жақсы саулықтардан және 
тҧқымдық сапасы жағынан тексеруге арналған қошқарлар мен саулықтардан 
туған қозылардың сол жақ қҧлағына, туғаннан кейін екі-ҥш кҥн ӛткен соң, 
енесінің номерін ен етіп салады. Егіз туғанда неғҧрлым ірілеу қозыға енесінің 
номерінің астына «1» цифрын, екіншісіне – «2» цифрын, ҥшеу туғанда ең 
кішкентайына «3» цифрын салады. Егіз туған қозылардың келешек, саулық 
болғанда кӛп ҧрықты болатындарын (егіз туатын) іріктеу ҥшін туғанда сол 
қҧлағының ҧшына ен салады. Сол сияқты егіз туған екі, ҥш қозыларға да сол 
қҧлағының ҧшынан тілік, ойық етіп ен салады.
Тӛлдің шыққан тегінің есебі ҥшін және кластық қой тобынан бір 
қошқардан алынған қозылардың туыстық ӛсуін болдырмау ҥшін сол жақ 
қҧлағына қошқардың номерін қояды.
Қоздау жӛніндегі мәліметтердің барлығын журналға жазады.
Қозысын емізу кезінде саулықтарды және қозыларды азықтандыру мен 
күтіп бағу. 
Емізу кезі тӛлді ӛсірудегі аса жауапты кезең болып табылады. 
Дҧрыс ӛсіргенде емізу кезінде қозы ӛзінің жылдық ӛсуінің 3/4 бӛлігін қосады. 
Мысалы, меринос қозыларды туғанда 5 килограмм шамасы, 3,5-4 айлығында 
енесінен айырған кезде 30-32 кг, ал бір жасында 42-45 кг тартады. Сӛйтіп, 
емізу кезінде қозылар 25-27 кг ӛсу салмағын қосады, ал содан кейін 6 айда 12-
15 кг ӛсу салмағын қосады.
Емдеудің алғашқы кезінде қозылар тек қана енесінің сҥтімен кҥн кӛреді. 
Қойдың сҥтінде қозылардың дҧрыс ӛсуіне қажетті қоректік заттардың бәрі бар,


міне сондықтан да қозылар сҥтпен мҥмкіндігіне қарай мол және ҧзақ уақыт 
қоректендірілуге тиіс. Енесінің сҥті жеткілікті болуы, ал қозылардың тез ӛсіп 
бір қалыпты дамуы ҥшін қозы емізетін саулықтарды жақсы азықтандыру 
керек.
Бҧл кезде саулықтарды нашар азықтандыру олардың әлсіреуіне, 
жҥдеуіне, сҥтінің кемуіне, соның салдарынан қозылардың нашар ӛсуіне және 
ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Сҥттілігін арттыру ҥшін қыс пен ерте
кӛктемде қоздатылатын саулықтарға жайылымға шыққанға дейін жақсы 
пішенмен қоса сҥрленген азық және жемнің қоспасын беру керек. 
Саулықтарды бҧршақтҧқымдас пішенмен (беде, жоңышқа) азықтандыру 
бәрінен де тәуір болады. Сҥрлемді немесе танмыржемістерді әрбір малға 
тәуелігіне 2-3 килограммға дейін жегізу керек. Жем беруді тәулігіне 400 
граммға дейін жеткізуге, ал кӛп тӛлдегіш саулықтарға 500-600 граммға дейін 
жеткізуге болады.
Саулықтар мен қозылардың іш ауыруын болдырмау ҥшін қозысын 
емізетін саулықтарға берілетін азықтардың барлығы сӛзсіз жоғары сапалы 
болуға тиіс.
Кӛктемгі қой қоздатуда кӛк жайылымды толық пайдаланудың маңызы 
ӛте зор. Жас, сулы кӛк азық саулықтардың сҥттілігін едәуір арттырады. Егер 
шҧрайлы жайылым болса дені сау, кҥйлі саулықтарды ҥстеп азықтандырғанда
тӛмен нормаларды пайдалануға болады. Нашар жайылымдарда барлық 
саулықтарды оларға 200-300 грамм жем азықтарын және 2 килограмға дейін
сҥрлем беріп, ҥстеп азықтандыру қажет. Шек, қарын ауруларын болдырмау
мақсатымен тек азыққа 1,5– 2 апта бойында бірте-бірте кӛшіру керек. Қозысын
емізетін саулыққа кҥн сайын тҧз беру қажет.
Саулықтар мен қозыларды тек қҧдықтың суымен немесе ағын сумен 
тілегенше тәулігіне екі ретке дейін суару керек. Егер қҧдықтар жайылымның 
жарты километрден аса қашықтықта болса, суды барлық сақпандар ҥшін
тасып отыру керек.
Егер ӛзендердің, кӛлдердің және бҧлақтардың суы пайдаланса, олардың
жанынан астаулар мен багы бар суаратын алаң жабдықтау керек. ӛте жас қозы
сақманын тәулігіне екі-ҥш рет суарады, ал марқа қозыларды бір рет суаруға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет