«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет170/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
Ботаникалық сипаттамасы.
Жоңышқаның 36 кӛп жылдық, 60 бір 
жылдық тҥрлерінің ішінен ең кӛп тарағаны кӛк жоңышқа (Medіcago Satіva). 
Жоңышқаның тамыры бірінші жылы топыраққа 2-3 жыл м, келесі жылы 10 м 
тереңдікке дейін кететін дінгек тамыр. Сабағы 1,2-1,5 м биіктікке ӛсіп, жақсы 
бҧтақтанады. Жапырақтары кҥрделі, ҥш бӛліктен тҧрады. Жемісі 2-3 бҧралып 
келген, кӛп дәнді бҧршақ.
Өсіру ерекшеліктері.
Далалы аудандарда жоңышқаны бҥркемелі дақыл 
ретінде жаздық дәнді-масақты дақылдар арасына жиі және тары мен жҥгерінің 


қатараралықтарына сирек егеді. Мақталы аудандарда жоңышқаны бҥркемелі 
дақылсыз мақта егістігене судан шӛбімен, сорго немесе жҥгерімен бірге егеді.
Топырақты 
өңдеу.
Жоңышқаны 
дәнді 
дақылдардан 
кейін 
орналастырғанда егістікті 5-7 см тереңдікте дискілеп, 15-20 кҥннен кейін 25-27 
см шым аударғышы бар плугтармен жыртады. Кӛктемде тырмалап, қопсытып, 
қайта тырмалайды. Жоңышқаны бҥркемелі дақылдар – тары, сорго, судан 
шӛбімен бірге еккенде, кӛктемде 2-3 қопсытып тырмалайды. Орта Азияның 
суармалы жерлерінде егістіктің жақсы тегістелуіне ерекше мән берген жӛн. 
Тыңайтқыштар.
Жоңышқа әр гектар егілген танаптың 50 ц пішен 
алынса, топырақтан 130 кг азот, 33 кг фосфор, 75 кг калий және 125 кг кальций 
пайдаланады. Сондықтан кҥздік және техникалық дақылдарға далалық аймақта 
18-20 т, ылғалды жерде 30-40 т кӛң сіңіріледі. Қаратопырақта суперфосфат 
(Р40 60), суармалы жерлерде суперфосфат және калий тҧзын (Р60К40), 
тҧқымды сепкен кезде тҥйіртпекті суперфосфат (Р40) береді. Әр гектар 
егістікке суармалы жерлерде 14-16, орманды далада 16-18, далалық аймақта – 
12-15, қуаңшылық аудандарда 10-12 кг жоңышқа тҧқымы себіледі. Тҧқымды 
СЗТ-3,6 сеялкасымен себеді. Тҧқым топырақтың ылғалдылығына, тҥріне 
байланысты 1-3 см тереңдікке сіңіріледі.
Егістікті күту.
Бҥркеуші дақылдарды жинап алғаннан кейін, егістіктен 
олардың сабанын шығарады. Кҥзде фосфор, калий тыңайтқыштарымен (Р30-
40К20-60) қоректендіру жоңышқаның қысқа тӛзімділігін арттырады.
Суармалы жерлерде әр гектарға 600-700 текше метр су беріп суарады. 
Алынатын пішен және кӛк шӛп ӛнімінің тӛмендемеуі ҥшін, топырақтың 1 
метрлік жоғарғы қабатындағы ылғалдылық, оның ең тӛменгі дымқыл 
сиымдылығының 70-80% мӛлшерінде болғаны жӛн.
Өнімді жинау.
Жоңышқаны пішенге шанақтану кезеңінде, гҥлденуінің 
алдында орады. Осы кезде одан жоғары және сапалы ӛнім алынады.
Жоңышқаны бір уақытта КПГ-55 және КПВ-3,0 шӛп машиналарымен 
орып жинайды. Шабылғаннан 3-4 кҥн кейін кепкен шӛпті ГБУ-6,0 
жинағышымен дестеге жинап, ПС-1,6 тығыздаушы-жинағышымен нығыздап, 
байлап, сақтайтын жерге жеткізеді. Осы операцияларды бір кҥнде жҥргізсе, 
еңбек ӛнімділігі артып, шығыны азаяды.
Тұқымды жоңышқаны өсіру ерекшеліктері.
Жоңышқа тҧқымын мал 
азықтық егістіктен немесе арнайы себілген танаптан алуға болады. Ол 
жерлерге кҥзде фосфор, калий (Р30К40) тыңайтқыштарын беріп, ылғал сіңуі 
ҥшін ауыр тырмалармен қопсытады. Кӛктемде суперфосфатпен (Р40-60) 
қоректендіріп, тырмалайды. Тҧқымын алуға суармалы жердегі екінші және 
ҥшінші жылғы жоңышқа егістігінің әр шаршы метрінде 60-70 тҥп ӛскен 
тығыздау жерін бӛледі. Жоңышқаны кҥзде және кӛктемде суперфосфатты және 
калий тҧзымен (Р80К40-50) қоректендіруді тырмалаумен қатар жҥргізеді.
Бірінші оралған ӛнімді тҧқымға арнайды, ал оңтҥстік аудандарда 
бҧршағының 90-95% қоңырланғанда бірінші және екінші оруды тҧқымға 
арнап, бӛлектеп жинау әдісін қолданады. Дестені 4-5 кҥн кепкеннен кейін 


бастырады. Кейбір оңтҥстік аудандарда тҧқымға арналған жоңышқаны кең 
қатарлы әдіспен сеуіп, жоғары ӛнім алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет