«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет45/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Физикалық сіңіру қабілеті
немесе молекулалық адсорбция деп – топырақ 
бӛлшектерінің сыртқы молекулалық кҥшпен газды және ерітінді заттарды 
сіңіріп ҧстап қалу қабілетін айтады. Мысалы, молекулалы су буларының, 
жарғақты сулардың, ерітінді бояу және иісті заттардың сіңірілуі. 
Химиялық сіңірудің мәні
– топыраққа енген тҧздар мен оның 
ерітіндісіндегі тҧздардың ӛзара химиялық алмаспалы реакцияға тҥсіп, 
топырақта тҧрақты ерімейтін қосындылар тҥзуінде. Химиялық сіңіру 
нәтижесінде топырақта тҥрлі қоспалар шоғырланады және олар сумен 
шайылмайды. Сондықтан топырақта ӛсімдіктер мен қорегіне керекті заттар, 
катиондар мен аниондар сіңіріліп ҧсталады. 


Ҧсталған тҧздар топырақ ерітіндісінің ортасы ӛзгеруіне қарай қайтадан 
жылжымалы тҥріне айналады да, оларды ӛсімдіктер қажетіне жаратады. Тез 
еритін заттар топырақтан басқа қосындылармен реакцияға тҥсіп, ерімейтін 
қосылыстар тҥзеді. Олар химиялық жолмен сіңірілетін қосындыларға жатады.
Мысалы: 3 CaCl +2Na
2
HPO
4
= Ca
3
(PO
4
)
2
+ 4 NaCl+2HCl.
CaCl +Na
2
CO
3
= CaCO
3
+2NaCl 
Химиялық жолмен сіңірілмейтін қосындыларға ас тҧздары жатады. Олар 
топырақтағы барлық катиондармен әрекеттесіп, суға тез еритін жылжымалы 
тҧздар қҧрайды да, топырақтан шайылып кетуі мҥмкін.
Биологиялық сңіру.
Топырақта қоректік заттарды сіңіріп ҧстап, 
шайылудан сақтап қалуда бҧл сіңіру тҥрінің ролі ӛте зор. Биологиялық сіңіруді 
ғылыми тҧрғыдан негізделген академик В.Вильямс. Бҧл сіңіру топырақтардағы 
ӛсімдіктердің тамырлары мен кіші жандылардың тіршілігіне байланысты. Олар 
топырақтың жылжымалы қоректік заттарын сіңіріп, ӛз денелерін қҧруға, 
ерімейтін кҥрделі органикалық қосындылардың қҧралуына жҧмсайды. Мысалы, 
азот тҧздары биологиялық сіңіру арқасында ӛсімдік пен кіші жандылар 
денелеріндегі ақуыз қҧрамында бекіп қалады. Ӛсімдіктер азот тҧздарын 
топырақтан алатын болса, бактериялар азотты ауадан тікелей ҧстап жҧта алады. 
Оларды азот тҧтынушылар деп атайды. Ӛсімдіктер тек ӛздеріне керекті 
қоректік элеметтерді таңдамалы сіңіреді. Ӛсімдік қорегіне ӛте қажетті 
элеметтерге: C, H, O, N, K, S,Ca, Mg, Fe т.б. элеметтер жатады. Ӛсімдіктер 
массасы қҧрғағанда денелеріндегі қоректік заттар ыдырап, топыраққа қайтып 
оралады.
Топырақтарда су қҧбылымының 5 типі қалыптасқан;
І. 
Тоңды тип
– кӛп жыл тоңданып жатқан топыраққа тән. Тоңды 
аймақтарда жауын кӛбінесе қар тҥрінде жауады, жазда топырақтың беткі
қабаты ғана ериді. Астыңғы тоңды қабат су ӛткізбейтін болғандықтан, ҥстіңгі 
қабаттар суға толады да, топырақ батпақтануға щалдығады. 
ІІ
. Шайылмалы тип
– К 
ылғ 
>1,3 топырақ кескіні сумен шайылған, ыза 
суларының ағыны болмаса, топырақ батпақтана бастайды. Мҧндай судың 
қҧбылым типі ормандық кҥлгін, қызыл және сары топырақ типтеріне тән. Су 
ӛткізгіштігі нашар, ыза деңгейі жоғары кӛтерілсе, топырақ және оны қҧраушы 
жыныстар батпақтана бастайды. 
ІІІ. 
Кезеңді шайылмалы тип
- К 
ылғ 
= 1. бҧл типте топырақ жыл сайын 
шайыла бермейді, ол тек ылғалды жылдарда шайылады. Мҧндай су қҧбылымы 
сҧр ормандық топырақтар мен солтҥстік қара топырақты аймақтарда 
қалыптасқан. [4] 
ІҤ. 
Шайылмайтын тип
- К 
ылғ 
= 1-0,7. Жауын – шашын суы топырақтың 
тек жоғары қабаттарына әсер етеді, ал ыза терең жатады. Мҧндай типте кҥзге 
қарай топырақ аса кеуіп кетеді де, ондағы ылғал мӛлшері ӛсімдік солуына дейін 
тӛмендейді. Бҧл тип қара және қара қоңыр топырақты аймақтарда қалыптасқан. 
Жоғары және тҧрақты ӛнімді тек суармалы егіншілікте алуға болады. 
Ҥ 
Жіпсінді тип
- К 
ылғ 
<0,7. Ыза деңгейі жақын орналасқан қҧрғақ және 
шӛлді дала аймақтарда қалыптасқан. Қылтҥтіктілер арқылы ыза суы топырақ 


бетіне жетіп барып буланады. Егер ол тҧзды болса, қҧрылық бетіне ылғал мен 
бірге жеңіл еритін тҧздар да кӛтеріліп шоғырланады, сӛйтіп топырақ 
сортаңдана бастайды. 
Суармалы топырақтарда ирригациялық су қҧбылымы қалыптасады. 
Топырақ мол ылғанданса, оның кескіні ызаға дейін шайылуы, ал суару аралық 
мезгілі ҧзаққа созылса, ыза суы топырақ бетіне кӛтерілуі мҥмкін. 
Егіншілік ӛнімділігін арттырудағы шаралардың бастысы топырақтағы су 
қҧбылымын реттеу. Ол ҥшін жергілікті климат пен топырақ ерекшеліктерін 
ескере, егілетін дақылдың суға сҧранысын біле отырып, жан – жақты тәсілдер 
қолданады. 
Мәдени ӛсімдіктердің ӛніп - ӛсуіне лайықты жағдай туғызуы ҥшін 
топыраққа тҥсетін судың мӛлшері, транспирация мен физикалық булануға 
кеткен шығынды теңестіру, яғни ылғалдану коэффицент санын бірге кӛтеру 
керек. Нақтылы топырақ климаттық жағдайда су қҧбылымын реттеудің ӛз 
ерекшелігі бар. Мысалы, тҧрақсыз ылғалданатын және ылғалға тапшы щӛлді 
аймақтарда су қҧбылымын реттеудегі ең басты мақсат – топырақта жиналған 
ылғалды сақтай отырып, оны тиімді пайдалану. Топырақта ылғалды жинау 
тәсілдерінің бірі – қыста қарды, кӛктемде еріген суларды ҧстау. Ол ҥшін 
ықтырмалы егіс аңызын жасанды қар жолдарын пайдаланады. Топырақ 
бетіндегі су ағысын азайту ҥшін сҥдігерді, беткейлерді кӛлденең жыртады, 
ауылшарашылық дақылдарын жолақтап орналастырады, топырақты шҧңғылдап 
ӛңдейді, тағы басқа тәсілдер қолданады. Топырақтағы су қорын молайтуда таза 
немесе қара сҥрінің маңызы зор. Мҧндай сҥрілерде ӛңделген топырақ 
қабатында ылғал қоры, басқа ауыспалы танаптарына қарағанда 1,5-2 есе артық. 
Ылғалды сақтап жинауда азот агротехнологияны пайдаланған жӛн: 
кӛктемде топырақ бетін қопсыту немесе тырмалап, ылғалды жабу арқылы 
топырақты физикалық буланудан, яғни ылғал шығынынан сақтауға болады. 
Тҧқым себілгеннен кейін топырақты дӛңбекпен тығыздайды. Бҧл тәсіл 
топырақтың қылтҥтікшелері арқылы ылғалды тӛменнен жоғары кӛтеру 
мақсатымен жҥргізіледі. Осылай сумен қамтамасыз етілген тҧқым тез ӛнеді. 
Топырақтағы ылғалды ҥнемі және тиімді пайдалануға органикалық және 
минаралдық тыңайтқыштар да себептеседі. 
Шӛл дала мен шӛлді аймақтарда топырақтың су қҧбылымын 
жақсартудың басты жолы – суару, яғни егіске қолдан су беру. Әрине, оның 
мӛлшері ӛсімдік сҧранысына сай, ол тәсілі топырақты шайылу мен 
сортаңдаудан сақтайтындай болу керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет