«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет43/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

2.6
 
Жерді мелиорациялау. Егісті суару 
Мелиорация дегеніміз – егіншіліке арналған топырақ ылғалдалығын, 
қышқылдығын, ондағы жылу мӛлшерін ӛзгерту арқылы топырақ сапасын 
кӛтеруге арналған әр тҥрлі шаралар жҥйесі. 
Еліміздің қҧрғақшылық аудандарында тек қана суару арқылы ғана ӛнім 
мӛлшерін кӛбейтуге болады. Топырақта су жеткіліксіз болса тыңайтқыштар да, 
гербицидтерде, басқа шараларда ӛнімді айтарлықтай кӛтере алмайды. 
Егісті суаратын әр тҥрлі жҥйе салудан бҧрын су сапасын тексеріп алу 
керек. Егер 1л судың қҧрамындағы тҧздың мӛлшері 1,5гр аспаса оның ішінде 
Na - тҧздары 1гр-нан аспаса судың сапасы жақсы деп есептеледі, яғни егінді 
мҧндай сумен суаруға болады. 
Суару әдістері: 
- суды топырақтың беткі қабатымен ағынды суару; 
- арнаулы қҧбырлармен суды жер астымен алып келіп суару; 
- жаңбырлатқыш қҧралдармен суару. 
- Суды ерте заманнан суару әдісі – жер бетімен ағызып суару. Бҧл әдіс ӛте 
қарапайым сенімді кӛп қаражатты кҥрделі аспаптарды керек етпейді. Бҧл 
әдіспен суарғанда ылғал топырақты жақсы сіңіреді. 
Бҧл әдіспен суарғанда ӛсімдікке су бораздалар арқылы жеткізілуі мҥмкін. 
- Кӛп жағдайда суды жайып жіберіп суарады. 
Жаңбырлатып суару – кезінде әр тҥрлі механикалық аппараттарымен
ДДН-70, ДДД- 100МА Фрегат, Волжонка, Днепр- су егістікке шашылады 
Артықшылығы: - арықтарды жиі қазудың қажеті жоқ 
-суды ҥнемдеп мӛлшермен беруге болады 
- Суару кезінде сумен бірге тыңайтқыштар, гербицидтер, дефолинттер 
микроэлементер беруге болады. 
Аэрозольдық аппараттармен
– су ӛте майда бӛлшектерге бӛлініп, 
тҧманға айналады да ӛсіп тҧрған дақыл алқаптарына жіберіледі. Бҧл майда 
тамшылар дақылдың жапырағының сабағының ылғалдылығын 25-
37%кӛтереді. Аэрозольдық ылғалмен суарғанда - әсіресе кӛпжылдық 
ӛсімдіктердің ӛнімі едәуір кӛтеріледі. Аэрозольдік аппарттар беретін жасанды 
тҧмандар арқылы дақылдарды ҥсіктерден сақтайды. Су ҥнемді жҧмсалады. 
Топырақ астынан суару
– бҧл әдіспен су дақылдардың тамырына 
тікелей беріледі де топырақ беті қҧрғақ қалпында қалады. Бҧл әдіс кӛбіне 
теплицаларда қолданылып жҥр.
Тамшылатып суару
– бҧл тәсілмен суарылғанда топыраққа су ӛте 
жіңішке тҥтіктер арқылы беріледі. Су топырақ астынан беріледі 1га-ға 3-10мың 


метр, d=6-20мм полиэтилен труба қажет. Су булануы шамалы - ӛте кӛп қаржы 
керек. 
Тасқынды пайдаланып суару
- Қазақстанның барлық облыстарында 
қолданылады. Бҧл әдіспен ӛзен арнасына жақсы орналасқан егістік не 
шабындық жерлерді кӛктем кезінде су тасығанда, оның алдына әр тҥрлі 
тосқауылдар қойып суарады.
Кемшілігі- танаптар ерте – кӛктемде бірақ рет суарылады. Ӛте арзан. 
Суару мөлшерін
- білу ҥшін әр дақылдың суды қажетсіну коэффицентін 
білуіміз керек. Дақылдың суды қажетсіну коэффиценті деп осы дақылдың 
негізгі ӛнімінің әр мӛлшеріне қажет болатын су ӛлшемін айтамыз. Мыс: Бидай 
әр тонна дән ҥшін 1000 тонна су қажет етеді. Осы кӛрсетілген коэффицентті 
жоспарланған ӛнімге кӛбейтіп керекті су кӛлемін анықтайды. Мыс: 50ц жҥгері 
дәнін, алу ҥшін, оны жҥгерінің суды қажетсіну коэффицентіне 500 кӛбейтсек 
(5т х500) =2500т не 2500м
3
су болады. Бҧл жҥгеріні ӛсіруге кететін барлық су 
кӛлемі. Судың кӛбісі жапырақтар арқылы булануға транспирацияға кетеді, 
біразы топыраққа сіңеді. Суару мӛлшері – климат ерекшелігіне байланысты 
ӛзгеріп тҧрады. Ӛте қҧрғақ аудандарда суару мӛлшері 600- 800м
3
/ га-дан кем 
болмауы керек. Жауын –шашын кӛп жауатын аудандарда 300- 400м
3
/га болуы
керек.
Топырақтағы суды қорғауға арналған орман алқаптары 
Танаптардың тӛңірегіге тігілген Орман жолақтары дақылдарды суаруға 
жҧмсалған су мӛлшерін 25% дейін азайтады. Суармалы жерден алынатын астық 
ӛнімі 5- 7ц/га, темекі ӛнімі 1,7ц/га, жҥгері- 4,5ц/га кӛбейеді. Себебі танаптарды 
қоршаған орман алқабы ауадағы ылғалды кӛбейтеді, ыстық аңызақ желдердің 
екпінін тежеп,одан келетін зардапты жеңілдетеді. Орман арнаулы жҥйемен 
отырғызылады. Кӛгалды бойлай тігілген ағашты. 
Су тоспаларын айналдыра егілетін алма ӛрік, жҥзімді қорғайтын ағаштар 
жол бойына
Ауыл 
шаруашылыққа пайдаланылатын жерлерге отырғызылған
ағаштар. 
Су жҥргізілетін арықтарды бойына тігілген ағаштар. 
Жел жиі тҧратын сулармен жерлердің 2,5-3% жер сиректеу болатын 
жерлердің 1,5-21 жел аз болатын жерлердің -01,5% орман алқаптарының 
еншісіне тиуі немесе. 
Ағаштарды отырғызу ережесі 
1.Шаруашылық аралық ҥлкен кӛкалдарды бойлай тігілетін алқаптар 6-8 
қатарлы ағаштан тҧрады.
2.Суарылатын ҥлкен алқаптардың бойымен кететін каналдардың бойына 
3-5метр 
3.Ішкі арықтардың бойына 2 метр ағаш отырғызылады. 
Егер неше танаптардың сыртында, жел ӛтіне қарсы орналасса 5-6 
қӛатардан ағаш отырғызылады, оның ішіне сумен қҧмды, топырақты ҧстап 
қалатын майда шіліктер, бҧталар болуы керек. Бҧл майда ағаштар 
каналдытайаздаудан сақтайды. 


Танап қорғайтын орман ағаштарының желге қарап тігілетін негізгі 
жолақтарының қарсы 500-600м, ал кӛлденең тігілетін қосымша жолақтардың 
арасы 1500-2000м болуы керек. 
Кҥріш егілетін шектердің арасына тігілетін ағаштар кӛбіне ӛте биік 20-
25м болып ӛседі. Сондықтан кҥріш егілетін танаптардың негізгі орман 
жолақтарының арасы 800м етіп алады. Тек жолдардың ішкі жолдардың бойына 
1-2тал ағаш егеді. Жол қиылыстарына танаптарға қҧру ҥшін 60м ағаш 
отырғызылмаған ашық жерлер қалдырады. 
Орман алқаптарында ағаштар қатарлап тігіледі, қатар аралығы- 3м 
қатардағы ағаштардың арасы 1,5-2м. 
Бӛгендерді қорғайтын орман алқабы – ҥлкен бӛгендердің жағасына 
кӛлденең 30-40м, ал бӛгеннің жағасы қия болып, эрозы байқала кӛлденеңі 40-
60м болуы керек.Тоспа бӛгеннің кӛлемі онша ҥлкен болмаса арасы жолағының
кӛлденеңі 10-12м. Бау- бақшаны қорғау ҥшін оның жел жағына биік ӛсетін 
ағаштар орман алқабы жинайды. Бҧл алқап 4-5 қатар ағаштан тҧрады. Биіктігі 
ішінде 200-500м сайын 1-2 қатардан тҧратын биік ағаштар егіледі. 
Бақты қорғайтын орман алқабы ең шеткі жеміс алқабынан 8-10м 
қашықтықта отырғызылуы тиіс. Орман алқабындағы ағаштар қатарлап тігіледі, 
қатар орман 2,5-30м қатардағы ағаштар 1,5-2м болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет