«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет50/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
3.2
 
Топырақты эрозиядан қорғау. 
 
Су эрозиясымен күресу шаралары.
 
Су эрозиясымен кҥресуде 
шаруашылыққа тиісті жерді дҧрыс пайдалана білудің маңызы зор. Бҧл әсіресе 
бедері кҥрделі болып келетін таулы жерлерде орналасқан шаруашылықтар ҥшін 
ӛте қажет. Су эрозиясына қыйғай жердегі танаптар ӛте бейім болады. 
Сондықатн мҧндай танаптарға топырақты жиі қопсыта берудегі қажет етпейтін 
дақылдар егу керек.Ылди жерлердің топырағын су эрозиясынан қорғау 
шараларының ішінде еңіске кӛлденең, контур бойынша жҥргізілетін 
мелиорация жҧмыстарының (жолақтап ағаш отырғызу, кӛпжылдық шӛптер егу) 
маңызы зор. 
Агротехникалық шаралар. 
Топырақты су эрозиясынан қорғауда 
агротехникалық шаралардың маңызы зор. Ең бастысы бҧл шаралар онша қиын 
емес, оларды кез келген шаруашылықтарда қолдануға мҥмкіндік бар.
Жерді өңдеу. 
Эрозия жер бетімен ағатын судың әсерінен болатындықтан, 
барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабаттарына сіңіруге 
бағытталады. Еріген қар суы, жаңбыр суы топыраққа тездеп сіңіп жатса, онда 
жер бетінен су ақпайды. Еңісті ылди жерді жыртуды тек қана еңіске кӛлденең 
жҥргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек. 


Контурмен жырту. 
Мҥмкіндік болса жырту жҧмысын контур бойынша 
жҥргізеді. Бҧл ҥшін теодолит не нивилир арқылы биіктігі бір деңгейде 
болатындай етіп қазықтар қағып, белгілеп шығады. Танапты жыртқан кезде 
алғашқы соқа сол қағылған қазықтар бойымен жҥріп ӛтеді, яғни бҧл контурды 
сызып ӛтті деген сӛз. Қалған агрегаттардың да бағыты осы контурға паралелді 
болуы тиіс. Бҧл жҧмыстың бір қиындығы – жыртылған жерге тҧқым себіліп, ол 
ӛсіп шыққан соң әлгі жҥргізілген контурлы сызықтан адасып қалуымыз мҥмкін. 
Бҧлай болмауы ҥшін контурлық сызықтың бойымен кӛлденеңі 3-4 метр етіп 
кӛпжылдық шӛп егіп тастаған да орынды. Содан кейін де жырту жҧмысын сол 
жолақтың бойымен жҥргізеді. Кӛп жылдық шӛптерден жасалатын жолақтардың 
кӛлденеңі сеялканың бір жҥріп ӛтетін алымындай болуы тиіс. Мҧндай 
жолақтарды әдетте әр 100 метр сайын жҥргізіп отырады. 
Топырақты 
жолақтап жырту. 
Кҥзде кейбір себептермен еңістік жерде орналасқан 
танаптарды тҥгел жыртуға мҥмкіндік болмаса, онда міндетті тҥрде еңіске 
кӛлденең жолақтап жыртып тастау керек. Жолақтың кӛлденеңі трактор 
соқасының бір не екі алымындай болуы тиіс, бір жолақ пен екінші жолақтың 
арасы мен ҧзындығы жердің қыйғайлығына байланысты ӛзгеріп отырады. 
Жердің еңістігі онша кӛп болмаса, еңістігі 2
0
-тан кем болса, жолақтардың арасы 
1-15 метр болуы керек. Кӛктемде еріген қар суын жерге сіңіруге әдетте осының 
ӛзі жеткілікті болады. Қар суы жыртылған жердің бос топырағына тез сіңіп 
эрозия болмайды.Егер ылди жердің еңістігі 2
0
-тан артық болса, оны тек 
тереңдеп кӛлденең жырту жеткіліксіз. Қар суының жер бетімен ағуына жол 
бермеу ҥшін әртҥрлі су ҧстайтын микрорельефтер жасау керек. Жерді әртҥрлі 
жалдар, сатылар пайда болатындай етіп жыртқан жӛн. Арнаулы қҧралмен су 
тоқтайтын әртҥрлі шҧңқырлар (лункование) жасайды. 
Жалдап көлденең жырту. 
Бҧл жҧмысты кәдімгі соқамен жҥргізуге 
болады. Ол ҥшін соқаның тӛрт аударғышының біреуін 40-50 см етіп ҧзартып 
қояды. Жырту кезінде бҧл аударғыш топырақты алдыңғы аударылған жерге 
тастайды, содан биіктігі 12-16 см жал пайда болады. Оның ҥстіне топырақ 
тҥспей қалған борозда артық тәрізді арна болып қалады. Қар суы осыларға 
тоқтап топырақтың терең қабаттарына сіңе береді.Шҧңқырлар жасау кҥзде 
сҥдігер кӛтерілген жерлерде жҥргізіледі. Бҧл ҥшін ДТ-75 тракторына тіркелген 
арнаулы шҧңқыр жасайтын ЛОД-10 қҧралы қолданылады.
Сызаттар жасау ең кӛп тараған пайдасы мол тәсіл. Мҧның бір жақсы жері, 
сызат жасалғаннан кейін де әртҥрлі дақылдарды кҥтуге арналған 
агротехникалық шараларды жҥргізе беруге болады. Сызат ШП-3-70 маркалы 
қҧралмен 40-50 см тереңдікке арасы 1,4 метр, кӛлденеңі 3-5 см етіліп жасалады. 
Сызат жасау кезінде жылда жыртылып жҥрген қабаттың астындағы 
тығыздалып қалған топырақ қопсытылады. Сондықтан қар суы топыраққа оңай 
сіңеді де, жер бетімен су ақпайды. Жердің еңістігі 10
0
болғанға дейін сызат 
жасау жҧмысы жақсы нәтиже береді. 
Сызат жасау жҧмысын тек қана сҥдігер кӛтерілген танаптарға ғана емес, 
сонымен қатар кӛп жылдық шӛптер егілетін жерлерге де, кҥздік бидай себілген 


танаптарға да, тіпті шабындықтар мен жайылымдарға да жҥргізуге болады. 
Су эрозиясына қарсы жасалған әртҥрлі шҧңқырлар, жалдар кӛктемде 
тегістеледі. Жерді тегістеу ҥшін ДТ-75 тракторына тіркелетін КПС-4 
культиваторы 3БЗТС-1,0 ауыр тырмаларымен бір агрегат ретінде қолданылады, 
жер тегістегіш ВПН-5,6А қҧралы, МВ-6,0 мала тегістегішін де қолдануға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет