«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет49/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3 бӛлім ЖЕР ШАРУАШЫЛЫҒЫ 
 
3.1
 
Топырақ эрозиясы. Су эрозиясы. Дефляция.
 
Эрозия
(латынша «erozis» - бҧзылу) деп топырақтың су мен жел әсерінен 
бҧзылуын айтады. Топырақ сумен шайылса, су эрозиясы, ал желмен ҧшырылса 
жел эрозиясы немесе дефляция дамиды. Топырақты эрозиядан сақтау және 
тиімді пайдалану егіншіліктің басты мақсаты. Су эрозиясы 2 -ге бӛлінеді. 
1) Кӛлденең немесе беткі эрозия 
2) Тік немесе жыралық эрозия 


1) Беткі эрозия топырақтың ҥстіңгі қабатының жаңбыр немесе еріген қар
суларымен шайылуына байланысты. Соның салдарынан топырақтың беткі 
қҧнарлы қабаты біраз беткі бӛлігінен айырылады, ал шайылған топырақ 
массасы жіңішке су ағымымен ылдиға қарай тасымалданады. Сӛйтіп 
топырақтың ҥстіңгі қҧнарлы қабаты бірте-бірте жҧқарып, шайылған кескінді 
тҥрге кӛшеді. Беткі эрозия жаңбыр мен қар суларының беткі ағындық кҥшіне 
байланысты. Жаңбыр су тамшылары топырақ бетін тҧрақты ҧрып 
тҧратындықтан, оның агрегаттары бҧзылып, тҥртпектері ыдырап, майда 
тҥйірлер бӛлшегі артады. Олар топырақ санылауларын капиллярды бекітіп, 
топырақтың су ӛткізу қабылетін тӛмендетеді. Соның әсерінен жауын сулары 
топыраққа сіңбей оның бетінен ағып кетеді. Ылдиға бағытталған су ағынының 
кинетикалық энергиясы оның массасы мен жылдамдығына байланысты. Бҧл 
энергияның біраз бӛлігі топырақты шаюға, агрегаттарды бӛлшектеуге және 
тасымалдауға жҧмсалады. 
2) Тік эрозия деп ылдиға қарай жылдам аққан сулардың топырақты орып, 
терең жыралап шаюды айтады. Тік эрозияның 1-ші сатысында тереңдігі 20-
35см су шайған іздерімен 0,3-1,5 метрлік шҧңқырлар пайда болады. Олар 
тҧрақты дамыса, жыралар пайда болады. Жыралар кӛбейген сайын топырақ 
жамылғысы ауыл шаруашылығына жарамсыз болып қалады. Тік эрозияның 
даму сатысын жыралардың белгілі территорияда дамуына, таралуына және 
олардың жалпы ҧзындығына қарай анықтайды. Тік эрозия даму сатысына
қарай 4-ке бӛлінеді. 
1) әлсіз-0,2 
2) орташа-0,25-0,50 
3) жоғары-0,5 -0,75 
4) ӛте жоғары->0,75 ҥлкен км
2
ауданы 
Даму жылдамдығына байланысты эрозия қалыпты геологиялық және 
ҥдемелі болып бӛлінеді.
Қалыпты эрозия деп табиғи ӛсімдік жамылғысы бар топырақ бетінен ҧсақ 
тҥйірлердің баяу шайылып тҧруын айтады. 
Ҥдемелі эрозия - ӛсімдік жамылғысы жоқ топырақ бетінде немесе оны 
адам дҧрыс пайдаланбағаннан дамиды. 
Ю.Заславскийдің тҧжырымы бойынша, ҥдемелі эрозия қарқыны беткі 
және тік эрозия болып 2 типке бӛлінеді: 
I Беткі эрозия, олардың ӛзін 5-ке бӛледі. 
1. Шамалы шайылу – топырақтың жылдық шайылуы < 0,5 т/га.
2. Сәл шайылу - 0,5-1т/га 
3. Орташа шайылу - 1-1,5т/ га 
4. Кҥшті шайылу - 5-10 т/га 
5. Ӛте кҥшті шайылу - >10 т/га–дан артық 
II Тік эрозия - оны 5-ке бӛледі. 
1. Сәл қарқынды эрозия-жыраның жыл бойындағы ӛсу мӛлшері <0,5м. 
2. Орташа қарқынды эрозия - 0,5-1м 
3. Жоғары қарқынды эрозия - 1-2м 


4. Ӛте жоғары қарқынды эрозия > 2-5м артық 
5. Аса жоғары қарқынды эрозия > 5м артық 
Топырақтың шайылу дәрежесі мен ӛнім мӛлшері тікелей байланысты. 
Топырақ эрозиясы әсіресе табиғат жағдайларында және адамның 
топырақты дҧрыс пайдаланбағанын дәлелдейді. Сондықтан, эрозияның даму 
жағдайлары элеуметтік-экономикалық және табиғи деп 2-ге бӛлінеді. 
Топырақты дҧрыс пайдаланбаған жағдайда эрозия дамуына климат, жер 
бедері, геологиялық қҧрылым, топырақ ерекшеліктері, ӛсімдік жамылғысы әсер 
етеді. Климат әрекеттеріне жауын-шашын мӛлшері қҧбылымының маңызы зор. 
Әсіресе қауіптісі нӛсер (қарқындылығы 0,5-1мм/мин-тан жоғары) және ҧзақ 
жауын. Су эрозиясы топырақтың шайылуы беткей ылдилығының 1,5-2
0
бастап, 
3
0
жоғары ылдиларда (>3)
0
ол айқын жҥре бастайды. 
Беткей ҧзындығы ӛскен сайын одан ағатын су мӛлшері кӛбейіп, 
топырақтың шайылуы артады. Беткейлер мҥсініне қарай тҥзу, дӛңесті, 
баспалдақты болып келеді, тҥзу және дӛңес топырақтың шайылуы кӛбінесе 
жоғары тіктеу бӛлігінде жҥреді де, тӛменгі бӛлігінде шайылып келген 
материалдар шоғырланады. Баспалдақты беткейлерде су ағыны бәсең 
болғандықтан, эрозия бәсең жҥреді. Оңтҥстік беткей топырағы солтҥстікке 
қарағанда шайылуға бейім келеді. Су эрозиясына тҧрақты бҧл - қара 
топырақтар, ал тҧрақсыздығына шымды кҥлгін және сҧр орман топырақтары 
жатады. 
Топырақты эрозиядан қорғауда ӛсімдіктің маңызы ҥлкен. Олардың
тҧтастығы ӛскен сайын эрозия бәсеңдейді. Ӛсімдіктердің жапырақтары мен 
сабақтары жаңбыр тамшыларының ҧру кҥшін бірінші ӛзіне қабылдайды да, 
топырақтың тҥйіртпектерін бҧзылудан сақтайды. Эрозия кӛп елдерде кең ӛріс 
алған АҚШ, Қытай, Ҥнді, Италия, Россия, Украина, Дон-Еділ алқабы эрозияға 
орманды далалық қара және таулық облыстар топырақтары кӛп шалдығады. 
Жел эрозиясы - дефляция кӛбінесе қҧрғақ аймақтарда - Солтҥстік 
Қазақстан, Башқҧрстан, Ставрополь ӛлкелері Оңтҥстік–Шығыс-Украина, Батыс 
және Шығыс Сібір - әсіресе шӛлді және шӛлейт аймақтарда ӛршіген. 
Эрозия салдарынан - топырақ қҧнарлығы тӛмендеп, қарашірігі мҥлде 
жоғалып кетуі мҥмкін. Топыпақтың химиялық қҧрамы ӛзгеріп физикалық, 
биологиялық қасиеттері нашарлайды. Қуыстылығы тӛмендеп, тығыздығы 
артады, су ӛткізгіштігі нашарлап, топырақтағы су қоры тӛмендейді. 
Дефляция - негізінен қҧрғақ және континентальды климатта ӛршиді. 
Дымқыл-ылғалды жағдайда тҥйірлер байланысы (жымдасуы) ӛскендіктен 
топырақ эрозияға қарсы тҧра алады және оның ҥстіндегі ӛсімдік жамылғысы 
эрозияға қарсы қалқан болады. 
Дефляция қаупі кӛбінесе жазық территориялармен кең тауаралық және
тӛбеаралық жазықтықтарда туады. 
Дефляцияға механикалық қҧрамы жеңіл және ауыр, бірақ тҥйіртпексіз 
қҧрғақ топырақтар жеңіл ҧшырайды. 
Дефляция деп шаң дауыл немесе жергілікті топырақтың желмен 
ҧшырылуын айтады. Жел екпіні топырақтың ҥстіңгі қабатын бҧзып, олардың 


тҥйіртпектерін ауа ағымымен әр мӛлшерлі қашықтыққа тасымалдайды. 
Жергілікті дефляция беткі эрозия және баяу бҧрқасын немесе сыдырма тҥрінде 
жҥреді. Кӛтеріңкі эрозияда топырақ тҥйірлері ауа қҧйынымен жоғары кӛтеріліп, 
сыдырмада топырақ бетімен секіре қозғалады. Топырақ тҥйіртпектері ірілігіне 
қарай 3 жылжу әдісіне бӛлінеді; 
-топырақтан жоғары ҧшу <0,01мм 
-топырақтың ҥстімен секіру <0,1-0,5мм 
-топырақ ҥстінен сыдыра қозғалу <0,5-3мм 
Топырақ тҥйіртпектері домалап қозғалғанда бір-бірімен соқтығысады, 
бӛлшектеніп, ҧсақ фракциялар мӛлшері кӛбейеді. Желдің қарқыны ӛскен сайын 
олардың бҧзу кҥші ҧлғаяды. Солтҥстік Қазақстанда дефляция – қауіпті, ол 
желдің жылдамдығы жеңіл механикалық қҧрамды топырақтарда 6м/с, ал ауыр 
топырақтарда 10м/с болғанда басталады. 
Топырақ қҧрамындағы балшықты бӛлшектер мӛлшері азайған сайын, 
олардың дефляцияға тҧрақтылығы кеми береді. Сондықтан дефляцияға ең тез 
ҧшыраған қҧмды, қҧмайтты, қҧм балшықты топырақтар болып саналады. 
Егер топырақ массасын 1мм-н артық тҥйіртпектер қҧрайтын болса, онда 
ол дефляцияға шалдықпайды деуге болады. Кӛктемде топырақ беті ашық, 
Ауыл шаруашылық дақылдар ӛнісі әлі кӛтерілмегенде дефляция басталып, 
желмен бірге себілген дәндер ҧшырылып әкетіледі. Ал кҥздік егістің кейбір 
жерлерінде ӛсімдік тамырлары ашылып қалып, екінші жерлерде ӛсімдік 
сабақтары кӛміліп қалады. Жазда дефляция ӛсімдіксіз егістікте жҥруі мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет