«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Қазақстанда жылыжай қҧрылымының жағдайы



Pdf көрінісі
бет142/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
10.3 Қазақстанда жылыжай қҧрылымының жағдайы 
Жылыжай ӛндірісі бҥкіл әлемде тиімді бизнес болып саналады. 
Сондықтан базардағы бағаны тҧрақтандыру ҥшін жылыжай ӛндірісін 
ӛркендету керек. Қазір тҧрғындардың кӛктемдегі кӛкеніске сҧранысы отандық 
жылыжай ӛндірісі қамтамасыз ете алатын кӛлемнен 23 есе асып тҥседі. 
Сондықтан осы саланы қолдау ҥшін субсидия механизмі енгізілген және 2012 
жылдан бастап оған керекті қҧрал-жабдығын әкелуге кеден одағы шеңберінде 
кепілдік мӛлшерлеме қарастырылған. 


Қазақстан жылыжай қауымдастығының мәліметінше, елімізде 56 гектар 
―жабық жер„ бар, бҧл ӛте аз (сурет-4). Салыстырмалы қарасақ, Польшада-6000 
гектар, Голландияда-10000 гектар, Туркияда-41000 гектар, Қытайда-
1,5млн.гектар жер жылыжайға бӛлінген.
Қәзіргі таңда 500 текше метрлік бір жылыжайға 3 миллион теңге 
беріледі, ―КазАгроҚаржы― АҚ- ы 9,5 пайызбен тӛрт жылдық мерзімге несие
беруде. 
Жылыжайларда кӛкеністен гӛрі гҥл ӛсіру тиімді, ӛйткені 1кг қызанақ пен 
бір райхан гҥлінің ӛзіндік қҧны бірдей, шамамен 50-теңгеге тҥседі. Наурызда 
қызанақтың бір килосы-300-400 теңгеге сатылса, райхан гҥлінің бір талы 500-
600 теңге. 
Сонымен 
ауылшаруашылық 
дақылдарын 
жылыжайда 
ӛсірудің 
артықшылығы кӛп және ауа райына тәуелді емес, жылу мен ылғал бҥкіл 
аумақта бірдей таралады, қоршаған ортаның зиянды әсері тимейді, таза сумен 
тамшылатып суарылады. Жылыжайда ӛсірілген кӛкӛністің сырты жып-
жылтыр, далада ӛскен қызанаққа қарағанда әдемі. Бырақ дәмі жағынан 
ҧтылады, кҥннің иісі де сезілмейді, себебі жабық жерде кӛкеніс жылдам ӛнеді, 
қҧрғақ заттарды, қант пен хош иістерді азырақ сіңіреді, соған қарамастан оның 
ӛнім қҧрамында минералдық заттар мен витаминдер жеткілікті.
―КазАгроҚаржы― АҚ баспасӛз қызметінің мәліметі бойынша, 2012 жылы 
Қазақстанда жалпы кӛлемі 5,6 мың тонна кӛкеніс ӛнімін ӛсіретін 3-жылыжай 
шаруашылығын 
пайдалануға 
беру 
жоспарланған. 
Бҧлар 
Алматы 
облысындағы―Green House-зеленый дом„ ЖШС, Оңтҥстік Қазақстан 
облысындағы ―Аделя„ ШҚ және Астана қаласындағы ―Астана ЭКО Стандарт„ 
ЖШС жылыжайлары.
Қазіргі таңда Қазақстанда ашық топырақта ӛсірілетін кӛкеніс ӛндірісі 
климаттық жағдайларға байланысты және бос суармалы жердің жоқтығынан 
шектелуде. ҚР Статистика жӛніндегі агенттіктің мәліметтеріне сәйкес 2003 
жылдан бастап кӛкӛніске арналған алаңдар-110,2 мың гектардан 2011 жылдан 
128,7мың гектарға ӛскен, ӛсім 18,5мың гектарға, яғни 16,8%. Осы мерзімде 
дәнді және зәйтҥн дақылдарының егіс алаңдары ӛскен. Сонымен қатар 
Қазақстанда ашық топырақта ӛсірілген кӛкӛністердің ӛнімділігі 180 ц/га, ал 
бізге импорттық қызанақ келетін Қырғызстанда-189 ц/га , Қытайда-242 ц/га, 
Ӛзбекстанда-400 ц/га бҧл кӛрсеткіш кӛрші мемлекеттерден 5%, 34% және 
122% кем ӛнім ӛндірілуде екенін кӛрсетеді. Мҧның басты себебі біздегі кӛкӛніс 
ӛндірушілер негізінен майда шаруа қожалықтары, сондықтан экспортқа 
тәуелдіміз. 
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдары агроӛнеркәсіптік 
кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес 2009-2014 жылдар арасында кӛкӛністі 
жабық топырақта ӛсіру ҥшін егіс алқаптарын 1,5 есеге яғни 206,5 мың 
гектардан 350 мың гектарға ҧлғайту жоспарлануда. 
2010 жылы Қазақстанда жылыжайлар 184,1 гектар алқапқа орналасқан, 
олардың басым кӛпшілігі қияр, қызанақ және кӛк шӛп ӛндірісіне 
мамандандырылған. Олардан алынған ӛнім Республика тҧрғындарын 


қанағаттандыра алмауда. Сондықтан 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 
48,7% ға артық кӛкеніс сырттан әкелінген.
Бір ғана Шыңжан -Ҧйғыр автономдық ауданынан (ШҦАА) 2011 жылы 
әкелінген кӛкӛніс экспортының жалпы сомасы $11,9млн-ды қҧрап, 6,655мың 
тоннаға жеткен. Осыған косымша 2011 жылы Европадан, Германия, Польша, 
Франция, Италия, Белгия, Туркия, Голландия және Даниядан ай сайын 3-5 
тонна кӛкеніс әкелініп отырған.
Сонымен ҚР-ның 2010-2014 жылдары агроӛнеркәсіптік кешенді дамыту 
бағдарламасына сәйкес 2015 жылы кӛкеністермен 100% Қазақстан халқын 
қамтамасыз ету жоспарланған. 
Астана қаласында жер аумағы 3 гектар жылыжай қҧрлысын ―АстанаЭКО 
Стандарт„ ЖШС салуда, жылыжай жобасын ―КазАгроҚаржы, АҚ 
қаржыландыруда. Мҧнда тәулігіне 5 тонна ӛнім шығарылады деп кҥтілуде 
және бҧл жылыжайда кӛкӛніс ӛсіру компьютерлендірілген бағдарлама 
бойынша жҥргізіледі. Жылыжай толығымен ―Yako Yadpaz Industries LTD„ 
Израиль компаниясының жабдықтарымен, израильдік технологияға негізделіп 
салынуда. Жылыжай жобасының жалпы қҧны 1777,24 млн.теңге, бҧл қаржыны 
6 пайыздық ӛлшеммен 10 жылға ―Каз Агро Қаржы„ кәсіпорыны несиеге 
берген. Жылыжайдың жылу, су, электр желілерін мемлекет ―Бизнестің жол 
картасы-2020 бағдарламасына сәйкес 450млн.теңге жҧмсап, дайындап берген. 
Бҧл жылыжайдың биіктігі 7 метр, поликарбонаттық жабыны және 
жылыжай шатыры бар кҥрделі қҧрылым болып табылады. Жылыжайда 
қызанақтар, қияр сорттары гидропоника әдісімен ӛсіру жоспарланған. Мҧнда 
топырақтың орнына органикалық субстрат, ал қҧнарлы ерітінді ӛсімдіктерге 
тамшылатқыш тҥтікшелер бойынша беріледі. Ӛсімдік тамыры субстрат қабаты 
арқылы ӛтеді, ерітіндіден барлық қажетті қҧнарлы затты қажетті мӛлшер де 
және нақты пропорцияда алады. Ашық топырақта ӛсімдік ӛсірудің 
классикалық әдісімен салыстырғанда гидропоника әдісі экологиялық таза 
ӛнімді қамтамасыз етіп, ӛнімділікті біршама арттырады. Ӛиткені гидропондық 
жылыжай жағдайында физиологиялық процестер жылдам ӛтеді.
Алматы қаласына тәулігіне 375 тонна картоп, 60 тонна пияз, 53 тонна 
сәбіз, 45 тонна қызылша, 75 тонна қызанақ, 45 тонна қияр және 30 тонна алма 
тҧтынылады. Осы кӛкеністердің жергілікті жерде ӛндірілетіні: 23%- картоп, 
36%- пияз, 35%- сәбіз, 34%-қызанақ және 51%- қияр ӛнімдері. Сондықтан қыс 
және кӛктемгі уақытта жеміс-жидектің қалғаны бӛлігі Қытай мен Ӛзбекстан 
мемлекетінен алынады. Бҥгінгі 
кҥні Республикамызда 58,6 гектар аумақта 
108 жылыжай жҧмыс істеуде. Мың Қазақстандыққа шаққанда жабық жер 
аумағы 0,004 гектар қҧрайды. Салыстырмалы тҥрде қарасақ Испанияда бҧл 
кӛрсеткіш- 1,171 гектар, Голландияда -0,610 гектар, Ресейде- 0,015 гектар, 
Қытайда -70 гектар (1,5млн га- жер аумағы) жылыжай сай келеді.
Қазақстанда ашық жердің 70% -шӛл-дала болғандықтан, ашық 
шаруашылық жҧмыстарын жҥргізу кҥрт ӛзгермелі ауа-райында кӛкӛніс пен 
бау-бақша ӛнімдерін ӛсіріп ӛнім алу қолайсыз. Сондықтан ӛсімдіктерді жабық 


жерде ӛсіру әдісіне кӛшу ең қолайлы әдіс болып саналады. Оңтҥстік 
Қазақстанда жылыжайдың кӛлемі 2009 жылы 124 гектар болса, 2012 жылы бҧл 
кӛрсеткіш ҥш есеге артып жалпы кӛлемі 371 гектарға жетті. Бҧл 
Республикалық кӛрсеткіштің 75 пайызын қҧрайды. Бҥгінгі таңда жылыжайлар 
есебінен 1-ші айналымнан 50 тоннаға жуық ӛнім ӛндіріп, қыс және кӛктем 
мерзімдерінде сапалы кӛкӛніс ӛнімдерімен қамтамасыз етуге мҥмкіндік береді. 
Халқы кӛп Оңтҥстік Қазақстан облысы әкімдігінің тҥзген бағдарламасы 
бойынша 2015 жылы барлық салынатын жылыжайлар кӛлемі 2011 жылмен 
салыстырғанда 441 гектарға артып, 782 гектарға жететін болады. 
Ал 2012 жылы ОҚ-да жылыжайдың кӛлемі 170 гектарға ҧлғайып, 541 
гектарға жеткен. Сонымен қатар облыс тҧрғындарын қысқы және ерте 
кӛктемгі мезгілде арзан бағада жеміс-кӛкӛніс ӛнімдерімен қамтамасыз ету ҥшін 
2011 жылы сиымдылығы 100 мың тонна қоймаларды жӛндеуден ӛткізу және 
жаңадан салу жоспары қойылған. Соның нәтижесінде қоймалардың жалпы 
сиымдылығы 117 мың тоннаға жетті, ал 2015 жылы барлық қоймалардың 
сиымдылығы 200 мың тоннаға жететін болады.
Қазір 
Қазақстанда ғана емес әлемде су тапшылығы айқын байқалып келеді, 
сондықтан суды ҥнемдеп ысырап етпей, тамшылатып суару технологиясын 
пайдаланудың болашағы ҥлкен. Оңтҥстік Қазақстан облысында тамшылтып 
суару технологиясы 2011 жылы 10,5 мың алқапқа қосымша ендіріліп, 25,3 мың 
гектарға кӛбейді. Соған қарамастан жылыжайларда ӛндірілген қызанақ, 
қиярдың бағасы қымбат, әр килограммы 350-400 теңге.
Даму тенденциясы соңғы кездері кӛкӛніс дақылдарын топырақсыз 
ортада ӛсіріп ӛнім алу кең тарауда. Бҧл технологияда жасанды субстратпен 
қатар жасанды жарық қолданылады, сондықтан кӛкӛністі ӛндіру ауа райы 
жағдайына тәуелді болмайды. Бҧл технологияны кӛкӛніс фабрикасы деп 
атайды. 
Мҧндай фабрикада топырақты, кҥнді және адам факторын алмастыратын 
қондырғылармен қатар қоректік ортамен оларды басқаратын компьютер 
қолданады. Кӛкӛніс фабрикасында компьютер барлық ӛндіріс процестерін 
басқарады, яғни микроклиматты, қоректік ерітіндінің концентрациясын, 
жарықтың интенсивтілігімен оның ҧзақтылығын т.б. автоматты тҥрде реттеп 
отырады. Осындай фабрикада ӛндірілген кӛкӛніс ӛнімдері, ӛзінің жоғары 
сапасымен және нитраттардың тӛменгі қҧрамымен ерекшеленеді. 
Бҧл технологияны қолдану жоғары экономикалық эффект беріп, жоғары 
технологиялық жылыжай комплексін одан әрі дамытып, алынған ӛнімнің
рентабельділігін арттырып, жыл бойы халықты кӛкӛніс ӛнімдерімен 
қамтамасыз етуге болады. 
Қазақстан 
Республикасының 
жылыжай 
қоғамының 
президенті 
Қ.Қошманның пікірінше Қазақстанда жылы жайдың дамуы 2008 жылдан 
басталады. СССР кезінде Қазақстанда 58,6 га жерде жылыжай болса, бҥгінгі 
таңда бар болғаны 56 га жерде жылы жай бар (2010 жыл) 


Жаз айларында кӛкӛніс дақылдары артығымен ӛндірілсе сезон аралықта 
жаңа кӛкӛністер жетіспей нормадан 23 есе кем болады. Қазақстан жылыжай 
Ассоциацияның ақпараттары бойынша ересек адамға шаққанда, Республикада 
кӛкӛністі пайдалану жӛнінен жылдық ҧлттық норма қызанақтан 8,9 кг, 
қиярдан7 кг. Кӛкӛніс пен жемістерден жылдық қолдану 110 кг болып 
белгіленген. Бҧл нормалық цифр денсаулық минстрлігінің 2002 жылы 
бҧйрығымен бекітілген. 
Рыноктың сҧранысын қолданыстағы жылыжай қанағаттандыра алмайды, 
ӛйткені 56 га жылыжайдан Қазақстанда бар болғаны 3600 тонна кӛкӛніс ӛнімін
алады, яғни 80,7 мың тонна кӛкӛніс мӛлшері жетіспейді. Жылдық орташа 
ӛнімділік 400-450 тонна әр гектардан алынғанымен 201 гектар жылыжай 
жетіспейді. Отандық кӛкӛністі пайдаланушыларға жылыжайда ӛсірілген 
кӛкӛніс Израиль, неміс немесе Голландия тҧтынушыларына қарағанда 
қымбатқа тҥседі, себебі ӛнімнің ӛзіндік қҧнының жоғары болуы мен ескі 
технологияны пайдалану және жылыжай комплектерінің шектен тыс ескеруі 
мен білікті кадрлардың жоқтығы. 
Республика халқын жылыжайда ӛсірілген жаңа кӛкӛністермен 
қамтамасыз ету ҥшін жыл сайын 40 гектар ӛнеркәсіптік жылыжай салынуы 
қажет. Мҧндай жобаның қҧны шамамен 18 млрд, тенге. Қазақстанда кәзіргі 
кезде бар болғаны 0,1 % кӛкӛніс жылыжайда ӛндірілсе, Голландияда бҧл 
кӛрсеткіш 10%, Турцияда 40%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет