«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 Жылыжай қҧрылысы және олардың тҥрлері



Pdf көрінісі
бет140/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
10.2 Жылыжай қҧрылысы және олардың тҥрлері 
ХХІ ғасырдағы ӛсімдік шаруашылығы бойынша болжам, дамыған елдер 
толығымен жылыжайға кӛшуде екендігін кӛрсетті. Қазіргі таңда жҧмыс 
істейтін жылыжайлардың ауданы Ресейде 2000 га, Польшада 6000га, Турцияда 
41000га, Голландияда 10000га, Қытайда 1500000га., Қазақстанда бар болғаны 
58,6 га 
Жылыжай ӛндірісінен ауа райы мен климат жағдайларына қарамай ашық 
жерлерге қарағанда ӛте жоғары ӛнім алуда. Қазіргі жылыжай ғимараттары 
жабық экологиялық жҥйе ретінде, жарық ӛткізгіш материалдармен жабылып, 
жасанды климатта ауылшаруашылық дақылдарын ӛсіретін, аз кӛлемді 
механизацияланған және автоматтандырылған технологиялық пакеттермен 
қамтамасыз етілген. 
Қазақстанда жеке шаруа қожалықтары жабық жерде ауылшаруашылық 
дақылдарын ӛсіруге қызығушылық танытқанымен, жылыжай қҧрылысының 
қымбаттылығы және білікті мамандардың жоқтығы оны қолдануға толық 
мҥмкіндік бермеуде. Сонымен қатар қандай жылыжай конструкциясын 
таңдауға болатындығы туралы ақпараттың жоқтығы да, бҧл саланың дамуын 
тежеуде. 
Жылыжай комплексін Қазақстанда дамытуға ат салысып келе жатқан ірі 
компаниялар Голландия, Израйль, Россия, Турция, Қытай және Оңтҥстік Корея 
елдерінің мамандандырылған фирма мен компаниялары.. 
Израйль мемлекетінен осы саланы дамытуға зор ҥлес қосып жҥрген ҥздік 
фирмаларыНетафим, AZRUM, Даган, AGS technology РоссияданООО 
АгроСовГаз, Рессей Голландия біріккен фирмасы Венло – Проектен Холдинг, 
Интек, ООО «Гринкомплекс», ООО СпецСтройМонтаж, Турциядан 
ОЗТОПРАК, Қытайдан« NEGEV», КореяданВК graenhouses. 


Осы фирмалардың ішінде Израйль мен Россия елдерінің фирмаларының 
аттары біздің елде белгілі болғанымен басқа шетелдік фирмалар осы бағытта 
әлем рыноктарына енді шыға бастады. 
Жылыжайды таңдау кезінде бір қатар параметрлерді ескеру қажет атап 
айтсақ: жылыжайдың пайдалану ауданы –бҧл параметр бойынша олар екі 
типке бӛлінеді 
1.
Фермерлік жылыжайлар ауданы 500м
2
қа дейінгілер. 
2.
Ӛндірістік жылыжайлар ауданы 600м
2
тан жоғары.
Осы екі типті жылыжайды дамытуда мына компаниялар әлем рыногында 
жемісті жҧмыс істеуде;
1. ООО АгроСовГаз –компаниясы ауданы 60тан 600м
2
ге дейін жылыжай 
салуға маманданған.
2. «Интек»компаниясы жылыжай ауданы 12150м
2
салуға маманданған.
3. ООО ГринКомплекс, NEGEVауданы 600м
2
қа дейін,
4. ВК graenhouses ауданы 500м
2
қа дейін салуға маманданған. 
Осылардан басқа бҧл компаниялар ӛндірістік жылыжайларды салып 
бере алады. Жылыжай жабдықтарын шығарушы елдердің рыноктағы ҥлесі 5 
кестеде кӛрсетілген.
Металлоконструкциялы жылыжайлар кезкелген ауа-райы жағдайына
тӛзімді болып келеді, ал жел мен қар қысымына тӛзімді бҧл Россияда 
шығарылған жылыжайлар. Бҧл елде шығарылған жылыжайлар РФ мен Европа 
елдерінің NEN 3859 норма стандарттарына сәйкес келеді. Олар жел қысымы 
(530н/м
2
) мен қар қысымына (500н/м
2
) және ӛсімдік қысымына (250н/м
2
) ӛте 
тӛзімді болып келеді, сондықтан бҧл жылыжайларды кез-келген климаттық 
зонада орналастырып пайдалануға беруге болады (кесте-34,35). 
Кесте-34. Жылыжай жабдықтарын шығарушы елдер. 
№ 
Шығарушы елдер 
Рыноктағы ҥлесі,% 

Израиль 
29 

Голландия 
34 

Қытай 
10 

Россия 


Турция 


Басқа да елдер 
26 

Барлығы 
100 


Кесте-35. Жылыжай салудың норма стандарттары 
Қысым/ 
Стандарттар 
Рессей 
және NEN 
3859 
стандарты 
ВК 
graenhouses. 
Корея 
NEU 
57064 
стандарты 
Франция мен 
Нидерландия 
стандарты 
Қар 
50кг/м

50кг/м
2
63133кг/м
2
25кг/м
2
Ӛсімдіктен
келетін 
қысым 
25 
25 
15 
15 
Жел 
53 н/м
2
130 км/сағ 
120 км/сағ 
Жылыжай тӛбесін жабатын материалдардың ішінде шынының кӛптеген 
артықшылықтары бар, атап айтқанда жоғары жарық ӛткізгіштігі, уақытқа 
байланысты беріктігінің ӛзгермеуі, химиялық инерттілігі, абразивті әрекеттерге 
жоғары тӛзімділігі және сыртқы кӛрінісінің уақытқа байланысты 
ӛзгермейтіндігі. Негізі кемшілігі шынының морт сынғыштығы, салмағының 
ауырлығы, жоғары жылу ӛткізгіштігі.
Жылыжайларды салуда кӛбірек қолданылатыны М4 және М5 маркалы 
шынылар. Жаз айларында шыны жабылған беттер кӛп кҥн радиациясын 
беретін кӛз ретінде саналады. Мысалы: ауданы 10м
2
кәдімгі шыныдан 
қуаттылығы 6000 вт жылу ӛтеді. 
Шыныдан басқа жылыжай беттерін жабу ҥшін профилирлік 
ПВКпленкасы, полиэтилин мен поликарбонат қолданылады. Жылыжайларда 
кӛбінесе қалыңдығы 8мм және 10мм поликарбонат қолданады.
Қалыңдығы 6мм болатын поликарбонат 2,1 Дж соққыға шыдам береді. 
Диаметрі 2см. поликарбонатпен жабылған жылыжай панелі 114 
км/сағ.(31,7м/с ) жылдамдықпен келіп соғатын мҧз бҧршақтың соққысына 
шыдайды, бҧл жылдамдық боран, дауыл кезіндегі желдің соққысына 
(қысымына) тең. 
Қазір жабын материалдарын шығаратын ӛндірістік мекемелер жарық 
ӛткізгіштігі әртҥрлі деңгейдегі материалдарды шығаруға мҥмкіндіктері бар. 
Олардың тҥскен сәулені шағылдыру кӛрсеткіштері әртҥрлі, УК сәулені 
ӛткізбейтін, ӛткізетін және толқын ҧзындығына байланысты тҥсетін сәулені 
реттейтін қабілеттілігі бар, беттері қонденсатпен ӛңделген материалдарды 
шығара алады. Жылыжай беттерін жабуға арналған материалдардың 
пластикалығы мен беріктігі және тӛзімділігі жоғары болғандықтан, олардың 
қалыңдығы 0,3 – 0,7 мм, салмағы ӛте аз, бірақ соққы мен қысымдарға аса 
тӛзімді, ҧзындықтары шектеусіз панел - лист ретінде шығаруға болады. 
Мҧндай панелдер практикалық тҥрде 100% сенімді, қыс мезгілі мен кез-келген 
уақытта жыйнап пайданалануға болады. Полиэтиллен ӛте жеңіл болғандықтан, 
ол ені 15м болатын руллон тҥрінде шығарылады. 
Европа елдері энергоресурстарды экономдап ҥнемдеу мақсатында 
біртіндеп классикалық жылыжайларға ауысуда, олар ауа қабатын тӛсеніш 


(падушка) ретінде пайдаланатындықтан кӛп жылу сақталады, бірақ бҧл 
жағдайда кҥн сәулесін ӛткізу пайызы тӛмендейді. Егер шыны практикалық 
тҥрде кҥн сәулесін 100% ӛткізетін болса пластик 99% кҥн сәулесін ӛткізеді.
Ең арзан материал ретінде кӛп қабатты пленка қолданады. Ол 56 жылға-
сезонға шыдап, кҥн сәулесін 95% ӛткізеді. Голландия мен Ресей фирмалары 
негізінен жылыжайда тек шыны мен поликарбонатты пайдаланса, Корея, 
Қытай фирмалары – ӛте жеңіл полиэтиленді пайдаланады. 
Жылыжайдағы жарық мӛлшері – Европа елдерінде шығарылған 
жылыжайда пайданылынатын жарықтың мӛлшері 1% тӛмендесе, алынған 
ӛнімде 1% кемиді деген ереже қалыптасқан. Сондықтан бҧл елдерде жабынды
материалдардың жарық ӛткізгіштігіне зор мән беріледі. 
-бір қабатты полиэтилин 90% жарық ӛткізеді. 
-екі қабатты полиэтилен 82% жарықты ӛткізеді. 
-шыны 90% жарықты ӛткізеді. 
Жылыжайдың жарықтану дәрежесіне ықпал ететін кӛптеген факторлар бар. 
Олар; 
-жылыжайды жабатын материалдардың жарық ӛткізгіштігі
-оның бетінің ластану дәрежесі
-қараңғылау мен кӛлеңкілеуге пайдаланатын конструкция элементтерінің 
саны 
-конструкцияның яғни ғимараттың ішіндегі материалдар мен жер бетінің 
сәулені шағылыстыру қабілеті. 
Пленкамен жабылған жылыжай жоғары конструкциясы оның ішіндегі 
ӛсімдік пен жер бетіне аз кӛлеңке тҥсіріп кӛп жарық береді. Пластик –жеңіл 
материал болғандықтан оны жинау оңай және онша кӛп конструкция 
бӛліктерін беріктендіруді қажет етпейді. Сонымен қатар активті кҥн ыстығы 
кезінде оның жарығын қараңғылайтын жҥйелердің керегі де болмайды, ӛйткені 
пленканың жарықты шашыратқыш кӛрсеткіші жоғары және полиэтиллен УК 
сәуленің біраз бӛлігін ӛзінен жібере алады. Бҧл қасиет пленкалы материалды 
жабындық ретінде пайдаланудың артықшылығын кӛрсетеді, мҧндай 
жылыжайларда қҧмырада ӛсірілетін ӛсімдіктермен, гҥлдерді ӛсіруде кеңінен 
қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет