«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет146/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia
E øûðûøòû ?àáàòòû? îðãàíèêàëû? ïàòîëîãèÿñûíû? áîëìàóû, АКТ 1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


11 бӛлім. ЖЕМІС – ЖИДЕКТІ ДАҚЫЛДАР 
11.1. Жеміс дақылдарының биологиялық негіздері 
Жеміс-жидек өсімдіктері.
Жер шарында жеміс-жидек дақылдарының 
мыңдаған тҥрлері ӛсіріледі. Олардың 60-тан астамы тҧқымдастар, ал 200-дейі 
тектестер болып табылады. 
Қазақстанда жеміс ағаштарының 22 тҥрі ӛсіріледі, олардың 10-12-сі 
негізгілері болып табылады. Екі жеміс ағашы (алма, шие) және 4 жидек тектес 
(бҥлдірген, таңқурай, қарақат, тҧшала) дақылдар барлық жерде бірдей ӛсіріледі 
деп айтуға болады. 
Қазақстанда жалпы жеміс-жидек дақылдарының 90 проценттен – астамы 
мына ӛсімдіктерден тҧрады: алма, алмҧрт, шие, алхоры, ӛрік, шабдалы. 
Биологиялық жағынан жеміс-жидек ӛсімдіктерінің 95% раушан гҥлді 
тҧқымдастарға жатады. 
Академик Н.И.Вавилов теориясы бойынша екпе жеміс-жидек 
ӛсімдіктерінің негізінен осы жабайы дақылдардың кӛп ӛскен аймақтарынан 
таралғанын дәлелдейді. Қазіргі уақытта жер жҥзінде 12 екпе жеміс-жидек 
ӛсімдіктерінің пайда болу ортасы анықталып отыр. Әрине, олардың негізгілері: 
Қытай-Жапония (алма, алмҧрт, ӛрік, шие, алхоры, қҧрма, грек жаңғағы, бадам), 
Орта Азия (алма, алмҧрт, ӛрік, шие, алхоры, бадам, грек жаңғағы), Европа–
Сібір (алма, алмҧрт, шие, қызыл шие, қарақат, таңқурай, майлы жиде, орман 
жаңғағы), Оңтҥстік Америка (бҥлдірген), Солтҥстік Америка (алхоры, шие, 
қарақат, бҥлдірген, пісте) аймақтары жатады. 
Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің қҧрылысына, 
биологиялық және ӛндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бӛлінеді. Олар: 
шекілдеуікті, сҥйекті, жидекті, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық. 
Қазақстанда шекілдеуік тҧқымдастар жеміс-жидек шаруашылығында 
64,3 мың гектар (74,6%), сҥйектілер – 13,8 мың га (16,0%), жидектер – 7,4 мың 
гектар (8,6%), ал жаңғақтар – 679 гектар, субтропикалықтар – тек қана 19 
гектар жерге ӛсіріледі. 
Шекілдеуік топтары.
Шекілдеуік тектес дақылдар (алма, алмҧрт, беке, 
мушмула, шетен, долана, ырғай т.б.) раушан гҥлділер тҧқымдасына жатады. 
Бҧл ӛсімдіктердің ішінде негізінен ең кӛп тарағаны ҥш дақыл – алма, алмҧрт, 
беке. Бҧлар жалпы жеміс-жидек ӛсімдіктері кӛлемінің 70% қҧрайды. 
Қазақстанда шекілдеуікті дақылдар (негізінен алма, алмҧрт), жеміс-
жидек ӛсімдіктерінің 74,6 проценті. Алманың біздің елімізде 50 тҥрі ӛседі. 
Оның жеміс дақылдары арасындағы ҥлес салмағы 63,7%. Алма Қазақстанда 
ӛсімдіктерінің арасында ең кӛп тараған дақыл. 
Екпе алма сорттары негізінен жабайы алманың тҥрлерінен алынған. 
Олар: орман алмасы, Кавказ алмасы, Қытай алмасы, жидек алмасы, Сиверс 
алмасы, Недзвецкий алмасы, аласа ӛсетін алма, Қырғыз алмасы т.б. 
Қазақстанда жоғары аталған алмалардың ішінде негізінен Сиверс, Недзвецкий, 
Қырғыз алмалары ӛсіріледі. 


Алма жемісінің жаздық, кҥздік және қыстық сорттары болғандықтан жыл 
бойы пайдалануға мҥмкіншілік бар. Телінушіге, сортына, ӛсіп-ӛнуіне 
байланысты алма ағашының ӛмір сҥруі 20 жылдан 100 жылға дейін созылады. 
Алма ағашы орта есеппен екпе кӛшет телісушіде 30-дан 50 жылға дейін, ал 
жыныссыз ӛсіп-ӛну телісушіде 15-25 жылға дейін тіршілік етеді. Ӛнімді орта 
есеппен 3-15 жыл береді. Қарқынды немесе интенсивті бақта гектарынан 300-
ден 500-центнерге дейін ӛнім алынады. Биіктігіне қарай алма ағашы биік (8-
12м), орташа (5-8м) және аласа (2-4м) ӛсетін болып бӛлінеді. 
Алмадан ӛндірістік ӛнім беретін негізгі аудандар – Украина, Молдова, 
Кавказ, Орта Азия, Белорусь, Ресейдің қара топырақты емес аймақтары. 
Қазақстанда – оңтҥстік, оңтҥстік шығыс облыстары (Алматы, Шымкент, 
Жамбыл, Талдықорған). Соңғы жылдары алма дақылдары Оралда, Алтайда, 
Сібірде, Қиыр Шығыста және Қазақстанның солтҥстік, батыс, орталық 
облыстарында (Қостанай, Орал, Кӛкшетау, Ақмола) кеңінен таралып келеді.
Дҥние жҥзінде алма дақылдарының 20 мыңға жуық сорты, бҧрынғы 
ССРО-да 318-і аудандастырылған, Қазақстанда - 40-тан астам сорты тараған. 
Алмұрт.
Бҧрынғы ССРО-да алмҧрттың аса маңызды 4-5 тҥрі ӛседі. Олар: 
кәдімгі алмҧрт, Регель алмҧрты, Уссурия алмҧрты, Жидек жапырақты алмҧрт, 
ақшыл алмҧрт. Қазақстанда кең таралған тҥрлері ол кәдімгі алмҧрт пен жиде 
жапырақты алмҧрт. Алмҧрттың бҧл тҥрлері екпе сорттарды селекциялап 
шығарғанда пайдаланылады. 
Алмҧрт ағаштары алма ӛсімдіктерімен салыстырғанда қысқа тӛзімсіз, 
жылылықты кӛбірек қажет етеді. Алмҧрттың негізгі тараған аудандары – 
Молдова, Оңтҥстік Украина, Солтҥстік Кавказ, Армения, Әзірбайжан, 
Ӛзбекстан. Қазақстанда алмҧрт ӛсімдіктері негізінен оңтҥстік, оңтҥстік шығыс 
облыстарында ӛсіріледі. Бҧл аймақтарда алмҧрт ағаштары тау етегінде, 
белдеуінде және бауырында жақсы ӛседі. Орта Азия республикаларында 
ауаның ыстықтығына байланысты алмҧрт ағаштарын Европалық сорттары 
нашар ӛседі, сол себептен дәмділігі нашарлау жергілікті сорттар 
пайдаланылады. Қазір бҧрынғы ССРО-да алмҧрт 207 мың гектар, ал дҥние 
жҥзінде 1 млн гектар жер кӛлемін алып жатыр. Жемісі алмаға қарағанда 
дәмділеу, бірақ сақталуы мен тасымалдауы жағынан сапасы тӛмендеу. 
Алмҧрттың ағашы биік - 12-15м, ӛмір сҥру тіршілігі телісушіге, сортына 
байланысты 30-100 жыл, ӛнім алу кезеңі 15-30 жыл. Табиғи жағдайларға, 
сортына 
телісушілерге 
және 
агротехникасына 
байланысты 
алмҧрт 
отырғызылғаннан кейін 3-8 жылда ӛнім береді. Ӛнімі орта есеппен әр 
гектардан 10-15 т болады. Қазіргі кезде дҥние жҥзінде алмҧрттың 10 мыңға 
жуық сорты бар. Бҧрынғы ССРО–да 122-сі аудандастырылған. Оның ішінде 34 
сорты жергілікті селекция жолымен шығарылды, ал Қазақстанның оңтҥстік 
шығысында -10 сорты бар. 
Беке.
Бекенің Қазақстанда кӛп тҥрлері ӛспейді. Ең таралған тҥрі кәдімгі 
беке. Жабайы тҥрі Солтҥстік Иранда, Кіші Азияда, Молдовада және Кавказда 
кездеседі. Беке бҧл жерлерде 4 мың жылдан бері ӛсіріледі. Кавказда беке бағы 


ӛте ерте тараған. Қазақстанда бҧл ӛсімдік Шымкент облысының оңтҥстік және 
тау етегі аймақтарында аудандастырылған. 
Беке кҥн сәулесін, жылу сҥйетін, ыстыққа тӛзімді ӛсімдік. Оның бҧта 
(биіктігі 1-2м) немесе ағаш тәрізді тҥрлері (5-6м) кездеседі. Жемісті ерте және 
жыл сайын салады. Отырғызылғаннан кейін 3-5 жылдан кейін жеміс бере 
бастайды. Ӛнімді келеді (150-180 ц/га). Жемісі қаттылау, сабақсыз, шикі 
кезінде кӛп сорттарының жемісі жеуге келмейді, ӛзіне тән жағымды иісі бар, 
техникалық қайта ӛңдеуден кейін ӛте бағалы. 
Беке ӛсімдіктері 30-50 жылға дейін жеміс береді. 
Қазақстанда оның ҥш сорты ғана аудандастырылған. 
Шетен.
Шетен тектестердің 80-ге тарта тҥрі бар. Біздің елде кеңінен 
тараған тҥрлері – сібір шетені, Тянь-Шань шетені, парсы шетені, т.б. Жабайы 
тҥрінде кішігірім бҧта тәріздес (биіктігі 1,5-3м) немесе ҥлкен ағаш тәрізді 
(биіктігі 10-20м дейін) болып келеді. Отырғызғаннан кейін 6-10 жылдан кейін 
жеміс береді. Ӛнімі мол, орта есеппен бір ағаштан 80-250 кг жеміс алынады. 
Тіршілік ету ҧзақтығы 200-300 жылға жуық, суыққа тӛзімді келеді. Жемісі 
жаңа піскен кезінде шырын, джем, тосап жасауға және медицинада витаминдік 
препараттар жасауға қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет