«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»



Pdf көрінісі
бет87/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар
. Жаздық 
бидай тҧқымы 0 °С шамасында бӛрте бастайды, ал кӛктеп шығуы ҥшін кемінде 
1-2 
0
С температура болуы тиіс. Жаздық бидай 10-12 
0
С температурада жақсы 
тҥптенеді, ал масақтану-қамырланып пісу кезеңіндегі ең колайлы температура 
16-23°С. 
Жаздың бидайдың ӛсіп-дамуына температураның тӛмен немесе жоғары 
болуы да зиянды. Егер, бидай тҥптену кезеңінде 8-9 °С суықты кӛтерсе, ал 
гҥлдену-пісу кезеңінде 1-2 
0
С суық оған зардабын тигізеді. Жаз айларының 
жоғары температурасы да зиянды. Жаздық бидайдың масақтану-пісу кезеңінде 
температура 35 °С болса, онда оның ӛнімі 11-22%, ал 40°С-қа кӛтерілсе 43-48% 
кемиді. 
Ең негізгі факторлардың біріне ылғал жатады. Жҧмсақ бидайдың 
тҧқымының ӛнуі ҥшін ӛз салмағының 50% шамасында ылғал керек, ал қатты 
бидай тҧқымына 55-57% ылғал қажет. Жаздық бидайға қажетті барлық 
ылғалдың 50-60% -ы тҥтік шығару және масақтану кезеңінде пайдаланылады.. 
Ол кезде ылғалдың жеткіліксіз болуы ӛте қауіпті. 
Жаздық бидайдың транспирациялық коэффициенті 400-ге тең. Жаздық 
бидайдың тамыр жҥйесі әлсіз, сондықтан ол топырақ таңдайды. Ең жоғары 
ӛнімді қара және қызыл-қоңыр топырақты жерлерде береді.. 
Алгы дақыл. 
Жаздық бидайдың ӛнімділігіне, оның дәнінің сапасына алғы 
дақылдардың тигізетін әсері зор. Кӛптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің 
зерттеулері мен озық шаруашылықтардың тәжірибелерінің нәтижелеріне 
қарағанда, таза және ықтырма сҥрі жерлер, сҥрлемдік жҥгері, бір жылдық 
шӛптер қоспалары, картоп, кӛп жылдық шӛптер жаздық бидай ҥшін қолайлы 
алғы дақылдар болып саналады. 
Қазақстанда жаздық бидай егісі негізінен солтҥстік облыстарда 
орналасқан. Бҧл ӛңірлерде жауын-шашынның жылдық мӛлшері аз. Сондықтан, 
мҧнда ылғал жинау басты мәселе. Ал, сҥрі жерлерде басқа алғы дақылдарға 
қарағанда ылғал мол жиналады. Таза сҥрі жерде қоректік заттар да мол 
жиналады. Сҥрі жердің тағы бір ерекшелігі - онда арамшӛптерсанының аздығы. 
Таза сҥрі жерде ылғалдың және қоректік заттар қорының мол болуы, 
арамшӛптердің аздығы жаздық бидайдың әр гектарынан алынатын ӛнімнің 
артуына бірден-бір қолайлы жағдай туғызады. 
Таза сҥрі жердің әсері тек бір жылмен шектеліп қоймайды. Сондықтан да 
жаздық бидайды одан кейін кем дегенде 2-3 жыл қатарынан себеді. Жаздық 
бидай егісінің кӛлемі кӛп болғандықтан, оны тҥгелдей сҥрі жерден кейін 
орналастыру мҥмкін емес. Сол себепті, жаздық бидайды сҥрлемдік жҥгеріден, 
кӛп жылдық бҧршақ тҧқымдас дақылдардан кейін де себеді. 
Тыңайту. 
Жаздық бидай ӛсу кезеңінің алғашқы 30-35 кҥнінде фосфорды 
қарқынды пайдаланады. Сондықтан, топырақты негізгі ӛңдеу кезінде немесе 
тҧқым себер алдында оған фосфор тыңайтқыштарын сіңірген жӛн. 


Топырақтағы фосфор қорын есепке ала отырып, орташа есеппен әрбір гектарға 
60-80 кг әсерлі затпен фосфор тыңайтқышын пайдалану керек. 
Жаздық бидайдың негізгі егісі орналасқан қара және қызыл-қоңыр 
топырақты аймақтарда ӛсімдікке жеңіл сіңетін азот пен калий жеткілікті де, 
фосфор аз. Сондықтан, фосфор тыңайтқыштары мҧнда дәнді дақылдардың 
басты тыңайтқышы болып саналады. 
Азот тыңайтқышын әр гектарға орташа есеппен 30 кг әсерлі затпен таза 
сҥрі жерден кейінгі екінші бидайды себер алдында топырақты қопсыту кезінде 
қолданады. Сонымен қатар, кҥрделі тыңайтқыштар аммофос және 
нитроаммофос тыңайтқыштары ӛздерінің әсері жағынан жеке шашылған 
фосфор және азот тыңайтқыштарынан әлдеқайда тиімді. Минералды 
тыңайтқыштар жаздық бидайдың ӛнімін ғана кӛбейтіп қоймай, сонымен қатар, 
астықтың сапасын да жақсартады. 
Топырақ өңдеу. 
Топырақ ӛңдеудің негізгі мақсаты -танапта ылғал қорын 
жинау, оны сақтау және тиімді пайдалану, арамшӛптерді жою, топырақ 
эрозиясын болдырмау. Сондықтан топырақ ӛңдеу жҥйесі жердің топырақ-
климат ерекшеліктеріне сәйкестендіре жҥргізілуі керек. 
Республиканың жаздық бидай ӛсірілетін негізгі облыстарының жері 
жазық, ауа райы қуаңшылықты, жауын-шашыны аз және желі кҥшті болып 
келеді. Сол себепті, бҧл аймақта топырақ жел эрозиясына бейімді. Сондықтан, 
эрозияны болдырмау ҥшін, топырақты аудармай жазық табанды сыдыра 
тілгіштермен ӛңдейді. Осы әдіспен ӛңдегенде әрбір шаршы метрде 200-300 
дана аңыз қалса, ол желдің кҥшін азайтып, топырақтың беткі қабатын ҧшырып 
әкетуден сақтайды. Сонымен қатар, қыста аңыз қалдырылған танапта қар кӛп 
жиналады да, топырақтағы ылғалдың қоры 1,5-2,0 есе артады. 
Топырақты негізгі ӛңдеу ҥшін КПГ-250 терең қопсытқыш сыдыра тілгіш 
қолданылады. Бҧл қҧралдармен ӛңдегенде танапта 70% -ға дейін аңыз 
сақталады. 
Кӛктемде жер кепкеннен кейін жҥргізілетін бірінші агротехникалық шара 
- ылғал жабу, оны арнайы инелі БИГ-ЗА тырмалары арқылы жҥзеге асырады. 
Ол топырақты қажетті тереңдікте қопсытып, танап бетін тегістейді, пайда 
болған топырақ қабыршағын жояды. 
Егер бидай дискілі дән сепкішпен (СЗТ-3,6, СЗП-3,6) себілетін болса, 
онда топырақты КПП-5, КПП-9 сыдыра жыртқыш қопсытқыштары тҧқым 
себілу тереңдігіне ӛңдейді. Ал бидай СЗС-2ДА дәнсепкішімен себілетін болса, 
онда қопсыту жасалмайды. Ӛйткені, СЗС-2ДА дән сепкіш бірден 4 операция 
орындайды: тҧқым себер алдында топырақты ӛңдейді, арамшӛптерді қырқады, 
тҧқым себеді, тыңайтқыш сіңіреді және топырақты жеңіл нығыздайды. 
Тұқымды себуге әзірлеу және себу. 
Себілетін тҧқымның сапасы жоғары 
болып, бірінші және екінші класқа сәйкес болуы керек. Бірінші класқа сай 
бидай тҧқымының тазалығы 99%, ал зертханалық ӛнгіштігі 95% болуы керек, 
ал екінші класта бҥл кӛрсеткіштер осыған сәйкес 98,5% және 92% болуга тиісті. 
Әр тҥрлі аурулардан (қаракҥйе, тамыршірігі, тат және басқа) сақтау ҥшін 
тҧқымды себер алдында нитонакс, дероза, диниденд, раксил, суми-8 


препараттарының біреуімен дәрілеу керек. Мерзімінде және сапалы 
дайындалған тҧқым жаздық бидай ӛнімін 20-30% -ға кӛбейтеді. 
Себілу мерзімі. 
Жаздық бидай ӛнімін және оның дәнінің сапасын 
арттырудағы қолданылатын маңызды агротехникалық шаралардың бірі - әр 
жердің топырақ-климат ерекшеліктеріне байланысты тҧқым себудің қолайлы 
мерзімін белгілеу. 
Тҧқымның себілу мерзімін дәл анықтау ҥшін жергілікті жағдайды, 
ғылыми-зерттеу мекемелері мен озық шаруашылықтардың тәжірибелерін 
кеңінен пайдаланған жӛн. 
Қазір республиканың әр аймағына тән жаздық бидайдың себілу мерзімі 
анықталған. Жаздық бидайдың ең қолайлы себілу мерзімі - солтҥстік 
облыстарда мамырдың екінші-ҥшінші онкҥндігі аралығы. Бҧл мерзімде 
себілген бидай егісі қара сҧлыдан толық арылады және ылғалды ең кӛп қажет 
ететін кезеңдері (тҥтіктену-масақтану) шілде айында жауатын жаңбырға дәл 
келеді. 
Орталың Қазақстанның қуаң далалың аймақтарында жаздық бидайды 
мамырдың 15-27 жҥлдыздары арасында, ал шӛлейт аймақтарда мамырдың 5-15 
жҥлдыздары аралығында себеді. Батыс Қазақстанда жаздық бидайды 
мҥмкіндігінше ерте, яғни, мамыр айының бірінші онкҥндігінде сепкен дҧрыс. 
Шығыс Қазаңстанның тау бӛктеріндегі далалық аймағында мамырдың бірінші 
онкҥндігі, ал қуаңшыл далалық аймағында мамырдың 8-16 жҥлдыздары 
аралығында себу керек. 
Себілу мөлшері және тәсілі. 
Тҧқымның себілу тәсілі мен мӛлшері
жергілікті жердің топырақ-климат жағдайына, сорттың биологиялық 
ерекшеліктеріне, танаптың арамшӛптерден тазалығына, топырақтағы ылғалдың 
қорына тікелей байланысты. 
Жаздық бидайдың кең тараған себу тәсілі - жай қатармен (қатараралығы 
15-23 см) себу. Сонымен қатар, ылғал мол тҥсетін және суармалы ай-ақтарда 
жаздық бидайды тар қатарлы (7,5 см) және тоғыспалы әдістермен себеді. 
Солтҥстік Қазақстанның табиғат-климат жағдайларына байланысты жаздық 
бидайдың тҧқым себілу мӛлшері: орманды-далалы аймақта әр гектарға 2,5-4,0 
млн. дана дән, орташа қуаңшылықты аймақта - 2,5-3,5 млн., ал қҧрғақшылықты 
далалың аймақта - 2,0-3,0 млн. дана дән. Орталық және Батыс Қазақстанның 
қуаңшылыңты-далалың аймақтарында әр гектарға 2,5-3,5 млн. дана, ал шӛлейт 
аймақта 1,5-2,0 млн. дана дән сепкен дҥрыс. Шығыс Қазақстан облысының 
қуаңшылықты далалық аймағында 2,5-4,0 млн. дана, тау бӛктерінде - 4,0-5,5 
млн., ал таулы шалғындық-далалың аймағында 4,5-6,0 млн. дана дән себіледі. 
Тҧқым сіңіру тереңдігі - 6-8 см. 
Егін жинау әдісі 
ӛсімдіктің биіктігіне, жиілігіне және танаптың 
арамшӛптермен ластануына, әсіресе, ауа райына тікелей байланысты. Егер 
танап арамшӛптерден таза, бидай аласа және селдір болса, оны тікелей 
комбайнмен орған жӛн. Керісінше, егістікте арамшӛптер басым, ӛсімдік биік 
және қалың болса, онда бидайды бӛлектеп орады. 


Солтҥстік Қазақстан жағдайында кҥз айы жаңбырлы, салқын және бҧлтты 
болады. Жаздық бидай баяу піседі және суыққа ҧрыну ңаупі туады. Сондай 
жағдайда диқан егінді бӛлектеп оруға мәжбҥр болады. Тікелей комбайнмен ору 
жаздың бидайдың толық пісу сатысында жҥргізілсе, бӛлектеп оруды 
қамырланып пісу сатысында жҥргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет