«Қолданбалы ғылымдар»


Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның



бет10/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

9. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның 
құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-1) денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;
2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді
3) мыналарды: 
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; 
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді; 
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді
4) мыналарды: 
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді; 
жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет