8. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
1-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді;
2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау тәртібін әзірлейді және оларды денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді;
4) мыналарды:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді;
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
5) мыналарды:
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
6) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.