«Қолданбалы ғылымдар»


Білім беру саласындағы уәкілетті органның



бет11/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx
3 сынып 2 сабақ 2 тоқсан
10. Білім беру саласындағы уәкілетті органның
құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде: 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады
1-1) білім беру саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді;
2) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекітеді
3) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді
4) мыналарды: 
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізуді; 
халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; 
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді; 
5) мыналарды: 
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді; 
жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет