«Қолданбалы ғылымдар»


Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның



бет14/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның 
(отбасының) құқықтары мен міндеттері
1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының): 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге; 
2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға; 
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға
4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға
6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 
7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар. 
2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы): 
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге; 
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет