3. Шарттыбұзу жағдайлары 3.1. Осы шарт мынадай негiздемелер бойынша тоқтатылады:
1) заңды өкiлдерiнiң (ата-анасының бiреуiнiң немесе қорғаншысының) өтiнiшi;
2) қызмет алушыларда үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге медициналық қарсы айғақтамалардың болуы;
3) заңды өкiлдерiнiң (ата-анасының бiреуiнiң немесе қорғаншысының) басқа жерге көшуi;
3.2. Қызмет алушыға стационар немесе жартылай стационар, уақытша болу ұйымдары жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлетiн кезеңде үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету тоқтатылады.