«Қолданбалы ғылымдар»


Үйде қызмет көрсетiн субъектiнi басқару



бет115/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

8. Үйде қызмет көрсетiн субъектiнi басқару
34. Үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысын – уәкiлеттi орган, құрылтайшы қызметке тағайындайды және босатады.
35. Үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы субъектiнiң жұмысын ұйымдастырады және орынжайдағы санитарлық-гигиеналық және техникалық жағдайына, әлеуметтiк қызмет көрсету сапасына дербес жауапты болады.
36. Үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң штат санын үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы қызмет көрсетiлетiн адамның мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерi есепке ала отырып, бiр әлеуметтiк қызметкердiң (маманның) жүктемесiн ескере отырып, дербес қалыптастырады және уәкiлеттi орган, не құрылтайшы бекiтедi.
37. Үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы кадрларды iрiктеудi және орналастыруды қамтамасыз етедi, қызмет көрсетiлетiн адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызметтi сапалы көрсету бойынша басшылықты, персоналды бақылау және жүктеме бөлудi жүзеге асырады.
38. Жергiлiктi атқарушы орган, құрылтайшы еңбек заңнамасына сәйкес үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысын жұмысқа қабылдайды және босатады, ынталандыру шараларын қабылдайды және үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысына тәртiптiк жаза қолданады.
39. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлерде шағымдар мен ұсыныстар кiтабы рәсiмделедi, ол әкiмшiлiкте сақталады.
Шағымдар мен ұсыныстар кiтабы қызмет көрсетiлетiн адамдардың заңды өкiлдерiнiң (ата-анасы немесе қорғаншының) және үйде қызмет көрсететiн субъектi қызметкерлерiнiң бiрiншi талабы бойынша берiледi.
40. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы апта сайын, ал жергiлiктi атқарушы орган, құрылтайшы – ай сайын қарайды.
41. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң әкiмшiлiгi, құрылтайшы және жергiлiктi атқарушы органдар шағымдар мен ұсыныстарды «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қарастырады және өз құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде тиiстi шаралар қабылдайды.
42. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң бюджеттiк заңнамада белгiленген тәртiпте ақылы қызметтердiң қолма-қол ақшасын бақылау шоты, демеушiлiк, қайырымдылық және өзге де шоттары болуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет