«Қолданбалы ғылымдар»


Үйде арнаулы әлеуметтiк қызметке жеке



бет112/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

5. Үйде арнаулы әлеуметтiк қызметке жеке
қажеттiлiктерiн айқындау және жеке жоспарын әзiрлеу
18. Халықты әлеуметтiк қорғау саласында аудандық (қалалық) уәкiлеттi орган алғаш есепке алған қызмет көрсетiлетiн адамдардың қажеттiлiгi жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен әлеуметтiк қызметкердiң арнаулы әлеуметтiк қызметке қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi қорытындысының негiзiнде белгiленедi.
Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы аудандық (қалалық) уәкiлеттi органдардың есебiнде тұратын және үйде қызмет көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн адамдарға арналған қызмет көрсетудi жалғастыру осы Үлгi ереженiң 14-тармағында көрсетiлген құжаттарды көрсетпей жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
19. Әлеуметтiк қызметкердiң арнаулы әлеуметтiк қызметке қажеттiлiгiн бағалауы және айқындауы бойынша қызмет көрсетiлетiн адамдардың белгiленген қажеттiлiктерiнiң негiзiнде оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрi – ОЖБ) сәйкес әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант әрбiр балаға бiр жылдан аспайтын мерзiмге жеке жұмыс жоспарын (бұдан әрi – жеке жоспар) әзiрлейдi.
20. Жеке жоспар қызмет көрсетiлетiн адамды үйде қызмет көрсету бойынша есепке қойған күннен бастап 14 күнтiзбелiк күн iшiнде әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант (қажеттiгiне қарай жеке жоспарды әзiрлеу немесе оңалту iс-шараларының нәтижелiлiгiн бағалау үшiн денсаулық сақтау, бiлiм беру саласындағы мамандар тартылады) оны тексергеннен кейiн немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрленедi, 5 жұмыс күнi iшiнде толтырылады және үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы бекiтедi.
21. Жеке жоспарда көрсетiлген iс-шаралар кешенi жеке жоспарда белгiленген мерзiмде iске асырылады.
Қызмет көрсетiлетiн адамдардың қажеттiлiгi мен оларды тұрмыстық және еңбек қызметiне тарту деңгейi ұдайы (тоқсанына бiр реттен кем емес) қарауға және құжаттамалық түрде көрсетiлуге тиiс.
Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингi мен қызмет көрсетiлетiн адамның жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға/электронды картотекаға тiркейдi.
22. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультанттар қызмет көрсетiлетiн адамдардың әлеуметтiк-тұрмыстық және әлеуметтiк-еңбекпен оңалтудың аралық нәтижелерiн бағалауды жүргiзедi және оны журналға/электронды картотекаға енгiзедi.
23. Әрбiр маман үйде көрсетiлетiн қызметтi лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес көрсетедi.
24. Күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындау сапасын және әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультанттардың жеке жоспарларды әзiрлеу сапасын үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшылысы ұдайы бақылайды.
25. Бiр күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерге 4-тен 6 қызмет көрсетiлетiн адам берiледi және дамуындағы, қозғалу белсендiлiгiндегi ауытқулардың дәрежесiн, сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн адамдардың тұратын жерлерiнiң арақашықтығын ескере отырып, үйде қызмет көрсететiн субъектiнiң басшысы бекiтедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет