6. Үй жағдайында көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң түрлерi 26. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет:
Қызмет көрсету қызмет көрсетуге қажеттiлiктi бағалау нәтижелерi бойынша немесе қызмет көрсетiлетiн адамның заңды өкiлi мен үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң арасында жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады;
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк-тұрмыстық қамсыздандырудағы жеңiлдiктер мен басымдықтарды алуға жәрдемдесу;
2) хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
3) бақылау және төсек режимiндегi және денсаулығының жағдайы бойынша өзiн-өзi күтудiң қарапайым рәсiмдерiн, оның iшiнде, төсектен тұру, төсекке жату, киiну және шешiну, жуыну, тамақ iшу, сусын iшу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, тiсiн немесе жағын күту, ер кiсiлерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделiктi рәсiмдердi орындай алмайтын қызмет көрсетiлетiн адамдарға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi көрсету;
4) ас әзiрлеуде жәрдемдесу;
5) стационарлық және жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға рәсiмдеу үшiн құжаттарды жинауға көмек көрсету;
6) үйден тыс жерде, оның дәрiгерге барарда iлесiп жүру;
27. Әлеуметтiк-медициналық қызмет:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтiк-медициналық қызметтi алуға көмек көрсету;
2) дәрiгерге дейiн алғашқы көмек көрсету;
3) дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша емдiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) емдейтiн дәрiгердiң тағайындауына сәйкес медициналық рәсiмдердi жүргiзу;
Медициналық рәсiмдердi (компресс қою, қайта орау, ойылған жерлердi, жарақат бетiн өңдеу, тазалау клизмалары) жүргiзу және денсаулыққа байланысты басқа да рәсiмдердi (дәрi қабылдау, дәрi тамызу, катетердi пайдалану және басқа да рәсiмдер) орындауға көмек көрсету қызмет көрсетiлетiн адамдарға ешбiр зиян келтiрмей аса ұқыптылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады.
5) денсаулығының жай-күйiн қадағалау (дене температурасын, қан қысымын өлшеу).
6) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру;
7) мұқтаж қызмет көрсетiлетiн адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына шұғыл жатқызуға жәрдемдесу және iлесiп жүру;
8) медициналық-психологиялық көмек ұйымдастыру;
9) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу.
Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу куәландырылатын адамдардың оңалтудың жеке бағдарламаларын қоса алғанда, әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiктерiн ағза функциясының тұрақты бұзылуы тудырған тұрмыс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде, дұрыс айқындауда медициналық-әлеуметтiк сараптамасының бiлiктi көмек көрсетуiн қамтамасыз етуге тиiс;
10) дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету.
Дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету қызмет көрсетiлетiн адамдардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында оған қол жетiмдi және денсаулығына қауiпсiз дене жаттығуларының кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етуге тиiс;
11) ОЖБ-ға сәйкес әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын жүргiзу;
12) протездiк-ортопедиялық және есту-протездерi көмегiн алуға жәрдемдесу;
13) қызмет көрсетiлетiн адамның денсаулығының жағдайын ескере отырып, күтiмдi, оның iшiнде санитарлық-гигиеналық (ысқылау, жуындыру, гигиеналық бұлаулар, тырнақ алу, шаш тарау) қызмет көрсетудi қамтамасыз ету;
Қызмет көрсету қызмет көрсету қажеттiлiгiн бағалау нәтижесi бойынша немесе қызмет көрсетiлетiн адамның заңды өкiлi мен үйде қызмет көрсетудiң субъектiсi арасында жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады;
14) әлеуметтiк-медициналық мәселелер (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, психосексуалдық даму және басқалары) бойынша консультация беру;
15) жасына байланысты өзгеру мәселелерiн шешу үшiн санитарлық-ағарту жұмысын жүргiзу;
16) дәрiгерге дейiн шұғыл көмек көрсету, үйге дәрiгер шақырту және қызмет көрсетiлетiн адамдарға денсаулық ұйымдарына барғанда iлесiп жүру;
17) оңалту iс-шараларын жүргiзуге жәрдемдесу;
18) ОЖБ-ға сәйкес санаторлық-курорттық емдеуге жiберуге жәрдемдесу;
19) отбасы мүшелерiне үй жағдайында оңалту iс-шараларын жүргiзу үшiн медициналық-психологиялық және әлеуметтiк-медициналық бiлiм негiздерiн үйрету;
28. Әлеуметтiк-психологиялық қызмет:
1) әлеуметтiк-психологиялық және психологиялық консультация беру.
Психологиялық консультация беру қызмет көрсетiлетiн адамдарға отбасылық жанжалдың алдын алу және жою үшiн жеке қарым-қатынастарды жақсарту, бала мен ата-ана, ерлi-зайыптылар арасындағы мәселелер және басқа да маңызды қарым-қатынастар жөнiнде бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс.
Әлеуметтiк-психологиялық консультация беру қызмет алушыдан алынған ақпарат және туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды онымен талқылау, оған iшкi ресурстарды ашуға, жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектесу негiзiнде болуға тиiс;
2) психологиялық түзеу.
Белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық түзеу қызмет көрсетiлетiн адамның жүрiс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйiндегi ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мiнез стереотипiнiң қолайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар мен мiнез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етуге тиiс, бұл аталған көрсеткiштердi жас нормалары мен әлеуметтiк орта талаптарына сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi;
3) психотерапевтiк көмек.
Психотерапевтiк көмек қызмет көрсетiлетiн адамдардың өмiрлiк қиындықтар мен жеке шиеленiстерiнiң негiзiнде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмiрi мен тұрмысының өзгермелi әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әлеуметтiк бейiмделу және басқа да проблемаларды тиiмдi шешуiне жәрдемдесуге тиiс;
4) психологиялық тренингтер.
Белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық тренингтердiң психологиялық жара салу жағдайларының, жүйкелiк-психологиялық шиеленiстердiң салдарын жоюда, тұрмыс-тiршiлiктiң асоциалды нысанын жеңушi адамдарға әлеуметтiк бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелi жағдайларға бейiмделу үшiн тұлғалық алғы шарттарды қалыптастырудағы тиiмдiлiгiмен бағалануға тиiс;
5) психологиялық және медициналық-психологиялық көмек.
Психологиялық және медициналық-психологиялық көмек: қызмет көрсетiлетiн адамдарға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi, сондай-ақ медициналық-психологиялық консультация беру және алдын ала диагнозын айқындауда, медициналық көмек келгенше дәрi-дәрмектi дұрыс таңдау және оны шақыртылған дәрiгер келгенге дейiн қабылдау тәртiбiн айқындауда көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
6) қызмет көрсетiлетiн адамдарға психологиялық көмек көрсету, оның iшiнде әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау.
Әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қызмет көрсетiлетiн адамдардың (отбасылардың) психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзiмдiлiгiн арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс.
7) жасына қарай өзгеру мәселелерiн шешу үшiн санитарлық-ағарту жұмысын жүргiзу;
8) өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау;
9) әлеуметтiк-психологиялық патронаж.
29. Әлеуметтiк-педагогикалық қызмет:
1) өзiне өзi қызмет көрсету, жеке гигиена, әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек дағдыларын қалыптастыру; тұрмыста және қоғамдық орындардағы мiнез-құлық, өзiн өзi ұстау, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тұрмыс-тiршiлiктiң басқа да нысандарын қалыптастыру жөнiнде консультация беру;
2) үйде қызмет көрсетiлетiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнiң үйдегi еңбегiн ұйымдастыруға жәрдемдесу;
3) қызмет көрсетiлетiн адамдардың туысқандарына үй жағдайында оларды оңалту негiздерiн үйрету.
30. Әлеуметтiк-экономикалық қызмет:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi жеңiлдiктердi, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттердi және басқа да төлемдердi алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
мүмкiндiгi шектеулi адамдары бар отбасыларға өзiн өзi қамтамасыз ету, отбасылық кәсiпкерлiктi дамыту, үй кәсiпшiлiгi мәселелерi бойынша, материалдық жағдайын жақсартудың басқа да мәселелерi бойынша консультация беру.
31. Әлеуметтiк-құқықтық қызмет:
1) әлеуметтiк қызметке құқығымен және өздерiнiң мүддесiн қорғаумен байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
2) арнаулы әлеуметтiк қызметтi ұсынушы немесе қызмет көрсетiлетiн адамдардың заңды құқығына қысым көрсетушi ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне өтiнiш дайындауға және беруге көмек көрсету;
3) құжаттарды рәсiмдеуге көмек көрсету;
4) заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) сенiмхат бойынша басқа да әлеуметтiк төлемдердi алу;
6) жеке куәлiктi, төлқұжатты, әлеуметтiк төлемдердi және заңды маңызы бар басқа да құжаттарды алу үшiн құжаттарды рәсiмдеу;
7) құқығы мен мүддесiн қорғау үшiн сотта өкiлдiктi қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттың тегiн көмегiн алуға жәрдемдесу;
9) зейнетақыларды, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердi үйге әкелiп беру үшiн құжаттарды рәсiмдеуге жәрдемдесу.