«Қолданбалы ғылымдар»


Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң үйде арнаулы



бет110/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң үйде арнаулы
әлеуметтiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру
10. Жергiлiктi атқарушы органдар құратын үйде қызмет көрсететiн субъектiлер арнаулы әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде үйде қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
11. Үйде қызмет көрсететiн субъектi мен арнаулы әлеуметтiк қызметке мұқтаж психоневрологиялық ауру адамы бар отбасылардың арасындағы қатынастар үйде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету шартымен (бұдан әрi – Шарт) ресiмделедi.
Шартта көрсетiлетiн қызметтiң кезеңдiлiгiн және түрлерiн көздейтiн талаптардың, отбасына бекiтiлген әлеуметтiк қызметкердiң (немесе маманның) тегi мен аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершiлiктерi, Шартты iске асыру мерзiмiнiң болуы мiндеттi (осы Үлгi ережеге 1-қосымша).
12. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлер:
1) қызмет көрсетiлетiн адамдардың жеке iсiн жүргiзедi;
2) әлеуметтiк қызметкерлерге (консультанттарға) оңалту iс-шараларын жүргiзу үшiн қажеттi техникамен және байланыспен жабдықталған орынжай, диагностикалық, дидактикалық, дамыту және өзге де материалдарды бередi;
3) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн жағдай жасайды, оның iшiнде:
әлеуметтiк қызметкерлердi (консультанттарды) қызмет көрсетiлетiн адамдарға әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi бiлiмдi, iскерлiктi және дағдыларды бойына сiңiрту үшiн әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз ету;
қызмет көрсетiлетiн адамның үй жағдайында даму, әлеуметтену деңгейiн арттыру үшiн жағдай жасау жөнiнде қызмет көрсетiлетiн адамның отбасы мүшелерiне арналған үйрету тренингтерiн жүргiзу;
әлеуметтiк қызметкерлердi (консультанттарды) қажет болған кезде көлiк құралымен немесе жол жүру билеттерiмен немесе жол жүру билетiнiң құны мөлшерiнде ақшалай өтемақымен қамтамасыз ету;
4) үйде қызмет көрсету ұйымдарында консультациялық көмек көрсетедi,әлеуметтiк қызметкерлердiң (консультанттардың) қызметiне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
5) өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша шағымдар мен ұсыныстарға тиiстi шаралар қабылдай отырып, уақытында назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет