«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтiк қызмет алушының жеке жұмыс жоспарын



бет109/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Арнаулы әлеуметтiк қызмет алушының жеке жұмыс жоспарын
орындау жөнiндегi журналдың/электронды картотеканың нысаны

Арнаулы әлеуметтiк қызмет алушының Т.А.Ә.

Арнаулы әлеуметтiк қызметтiң атауы

Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету тағайындалған мерзiм (қызмет көрсету басталған және аяқталатын күн көрсетiледi)

Арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн маманның Т.А.Ә. және лауазымы

Арнаулы әлеуметтiк қызмет алушының хал-жағдайы туралы белгiлер

Жеке жұмыс жоспарына түзетулер енгiзу туралы шешiм

Мониторинг өткiзiлген күн, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманның Т.А.Ә., қолы

оң өзгерiстер бар*

өзгерiс жоқ немесе хал-жағдайы нашарлаған (себебi көрсетiледi)

1

2

3

4

5

6

7

8


әлеуметтiк-тұрмыстық:







1)







2)







әлеуметтiк-медициналық:







1)







2)







әлеуметтiк-психологиялық:







1)







2)







әлеуметтiк-педагогикалық:







1)







2)







әлеуметтiк-еңбек:







1)







2)







әлеуметтiк-мәдени:







1)







2)







әлеуметтiк-экономикалық:







1)







2)







әлеуметтiк-құқықтық:







1)







2)







Ескертпе: * Қызмет алушының:
- соматикалық, психикалық, эмоционалдық хал-жағдайдағы;
- қозғалыс, сенсорлық, танымдық, тiл дамыту, коммуникативтiк салалардағы;
- өз-өзiне қызмет көрсету дағдыларындағы, әлеуметтiк-тұрмыстық және еңбекпен бейiмдеу және әлеуметтендiрудi қалыптастырудағы оң өзгерiстерi белгiленедi.
Журнал нөмiрленген, жiппен қайымдалған және мөрмен бекiтiлген болуға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi
мiндетiн атқарушысының
2005 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 306-ө бұйрығымен бекiтiлген
Ескерту. Төмендегi үлгi ережемен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010.02.01 № 24-ө бұйрығымен.
Үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерiнiң әлеуметтiк
қызмет көрсету үлгi ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерiнiң әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi (бұдан әрi – Үлгi ереже) отбасыларында тұратын психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдарға (бұдан әрi – қызмет алушылар) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң (бұдан әрi – үйде қызмет көрсету) шарттарын және тәртiбiн айқындайды.
2. Үйде қызмет көрсетудi мемлекеттiк және жеке меншiк нысандағы субъектiлер (үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерi/бөлiмшелерi; медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң және өзге де әлеуметтiк қызмет көрсету объектiлерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi) (бұдан әрi – үйде қызмет көрсететiн субъектiлер) жүзеге асырылады.
3. Психоневрологиялық ауруы бар адамдарға үйде қызмет көрсету үшiн жiберу психиатриялық емдеу мекемесiнiң дәрiгерлiк-консультациялық комиссиясының (бұдан әрi – ДКК) қорытындысымен жүзеге асырылады.
4. МӘҰ:
барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгi, оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегiнсiз қозғалып жүре алмайтын, өзiне өзi қызмет көрсете алмайтын, жеке күтiмдi қажет ететiн);
барлық дәрежедегi ақыл-ой кемiстiгiмен зағиптығы (нашар көру) немесе кереңдiгi (нашар есту), оның iшiнде жүрiп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы болғанда;
жарыместiк белгiлерi мен сирек тырыспа және эквиваленттерi (айына 5 реттен артық емес) бар эпилепсияның түрлi нысандары;
жарыместiк белгiлерi бар бас, мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулездi менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисi және басқалар);
айқын бiлiнетiн психомоторлық мазасыздығы жоқ және есiнiң өзгеру жай-күйiнiң ұзақ немесе қайталанатын жарыместiк белгiлерi бар қан-тамыр және сенильдiк аурулар салдарынан денсаулық жағдайы бойынша бөгде адамның күтiмiне және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж он сегiз жастан асқан мүгедектердiң уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
Жiтi және қатты стадиядағы айқын бiлiнетiн психотиялық симптоматикамен психикалық аурулар, қызығушылығы мен мiнез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетiлетiн адамның өзiне және айналасындағыларға қауiптi психикалық аурулар;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ұстамалы түрдегi немесе жиi өршiмелi немесе аурудың жиi декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиенттi өтетiн кез келген психикалық аурулар;
эпилепсия және басқа этиологиядағы жиi ұстамалы (айына 5 реттен артық), жиi ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есi қарауытқан, дисфорияға бейiм тырыспалы синдром;
тұрақты алкоголизм, нашақорлық, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерiнен асқынған басқа да психикалық аурулар;
түрлi генездегi депрессиялық және қияли жай-күйлер, созылмалы реактивтi жай-күйлер;
айқын бiлiнетiн психопатқа ұқсас синдромдар, эксплозивтi, параноидтi, паранояльдiк, қояншық аурулар;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеудi талап ететiн ауру процесiнiң белсендi стадиясындағы туберкулездiң, карантиндi инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венерологиялы аурулардың, ЖИТС-тiң болуы үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң болуы қарсы айғақтамалар болып табылады.
5. Үйде қызмет көрсету Қазақстан Республикасының Конституциясына,«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Үлгi ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Үйде қызмет көрсетудi үйде қызмет көрсету субъектiсiнiң штат санында тұратын әлеуметтiк қызметкерлер (әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, күтiм көрсету жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер) жүзеге асырады.
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызметтi көрсету кезiнде қажеттiгiне қарай денсаулық сақтау, бiлiм беру саласынан мамандарды тартуға болады.
2. Үйде қызмет көрсету субъектiлерiнiң мiндеттерi
мен функциялары
7. Үйде қызмет көрсету субъектiлерiнiң негiзгi мақсаты қызмет көрсетiлетiн адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне жоғары бiлiктi мамандырылған көмек көрсету болып табылады.
8. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң функциялары:
1) қызмет көрсетiлетiн адамдарға дағдыланған әлеуметтiк ортада қолайлы өмiр сүру жағдайын жасау;
2) гигиеналық талаптарға сәйкес өмiр сүру жағдайларына қолдау жасауда консультативтiк және практикалық көмек көрсету;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 3 қарашадағы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5766 тiркелген) № 323-ө бұйрығымен бекiтiлген Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
4) арнаулы әлеуметтiк қызмет кешенiн көрсету кезiнде қызмет көрсетiлетiн адамдардың жеке қажеттiлiктерiн ескеру болып табылады.
9. Үйде қызмет көрсететiн субъектiлердiң функциялары:
1) қызмет көрсетiлетiн адамдардың жеке басының дербес құқықтылығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) әлеуметтiк-тұрмыстық, әлеуметтiк-еңбек және коммуникациялық функцияларды дамытуға;
жеке даму, әлеуметтену және жақындары мен қоғам ортасына кiрiктiру деңгейiн арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету;
3) қолайлы моральдiк-психологиялық жағдай жасау;
4) қызмет көрсетiлетiн адамдардың құқықтары, әлеуметтiк қызмет көрсетудiң көлемi мен түрлерi туралы қызмет көрсетiлетiн адамдардың жақын туыстарын хабардар ету;
5) әлеуметтiк қызметкерлердiң еңбегiн ұйымдастыруды жетiлдiру және олардың бiлiктiлiк деңгейiн арттыру;
6) қызмет көрсетiлетiн адамдарға көрсетiлетiн әлеуметтiк қызметтiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыру;
7) заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет