«Қолданбалы ғылымдар»


Жергiлiктi атқарушы органдардың үйде



бет129/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

3. Жергiлiктi атқарушы органдардың үйде
әлеуметтiк қызмет көрсетудi ұйымдастыруы
10. Жергiлiктi атқарушы органдар үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудi дербес немесе үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшелерi арқылы ұйымдастырады. 
11. Үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмшелерi (бұдан әрi - бөлiмшелер) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшылар құратын жеке тұлға ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың, медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң, аумақтық орталықтардың құрылымдық бөлiмшелерi ретiнде болуы мүмкiн. 
12. Бөлiмшенi бөлiмше меңгерушiсi басқарады. Бөлiмше меңгерушiсi халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган бекiткен Бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес болуы керек. 
13. Қажет болған кезде меңгерушi орнында уақытша болмаған әлеуметтiк қызметкердi алмастырады. 
14. Жергiлiктi атқарушы органның немесе бөлiмше (бұдан әрi - орындаушы) мен қызмет көрсетiлетiн адамның арасындағы қатынастар үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартпен (бұдан әрi - Шарт) ресiмделедi.
Шартта қызмет көрсетiлетiн адамға көрсетiлетiн қызметтердiң кезеңдiлiгiн және түрлерiн көздейтiн талаптардың, қызмет көрсетiлетiн адамға бекiтiлген әлеуметтiк қызметкердiң аты, Шарттың бұзылу жағдайлары, тараптардың жауапкершiлiктерi, Шарт мерзiмiнiң болуы мiндеттi. 
15. Орындаушы басшылықты, практикалық көмектi және әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады. 
16. Еңбектi тиiмдi ұйымдастыру мақсатында орындаушы әлеуметтiк қызметкерге қажеттi қазiргi заманғы техникамен және байланыспен жабдықталған орын бередi. 
17. Орындаушы сапалы әлеуметтiк қызметтер көрсетiлуi үшiн жағдай жасайды (әлеуметтiк қызметкерлердi униформамен, шаруашылық заттарымен: жуу заттарымен, ескi шүберектермен, резеңке қолғаптармен және т.б., шаруашылық жабдықтарымен, қажет болған кезде көлiк құралымен немесе жол жүру билеттерiмен қамтамасыз ету). 
18. Орындаушы қызмет көрсетiлетiн адамдардың бiрiншi талабы бойынша Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын ұсынады. 
19. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын орындаушы апта сайын қарайды. 
20. Орындаушы шағымдар мен ұсыныстарға уақытында назар аударуға және өзiнiң құзыретiне енетiн мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылдауға тиiстi. 
21. Қызмет көрсетiлетiн адамдардың жеке iстерi орындаушыда сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет