«Қолданбалы ғылымдар»


Мүгедектіктің тағайындалуы туралы шешім



бет137/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Мүгедектіктің тағайындалуы туралы шешім.
Мүгедектіктің тағайындалуы туралы шешім бірнеше бағалау факторларына негізделген: климаттық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби.
Қазақстанда жыл сайын мүгедектікті қайта куәландыруды 100 мыңға жуық адам өтеді, соның 3% ғана жұмысқа қайта оралады. Мүгедектердің жұмыспен қамтылуы әлі де төмен жағдайда. 1991 жыл бойынша III топтағы мүгедектердің жұмыспен қамтылуы 57,7% құраса, ал бұл көрсеткіш 1996 жылы 23,4% құраған, сонда ақырғы 5 жылда III топтағы мүгедектердің жұмыспен қамтылуы 2,5 есеге кеміген. Жалпы мүгедектердің жас құрамы жасарып барады, 1994 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40 жасқа дейінгі еңбекке жарамды жастағылар арасында мүгедек болып қалған адамдар саны 1,1% артқан.
Алғашқы мүгедектіктің нозологиялық құрылымы тұрақты. Ересек халықтың арасындағы мүгедектік көбінесе қан айналымы жүйесінің ауруынан (22 - 23 %), қатерлі ісіктерден (17-18 %), жарақаттардан (11 - 12 %) және психиканың бұзылуынан (8 - 9 %) туындайды.
Мүгедек-балалардың арасында шамамен әрбір бесіншісі туа біткен даму аномалиясынан немесе хромосомалық сырқаттан зардап шегеді, балалардың 20 %-да мүгедектік себебі жүйке жүйесінің аурулары болып табылады, ал психиканың бұзылуы 17,3 %-ды құрайды. Ағза функцияларының бұзылуы және мүгедектердің тыныс–тіршілігінің шектелуі дәрежесі туралы топтардың ауырлығы бойынша мүгедектік құрылымы куәландырады. 2000-2004 жылдары мүгедектердің арасында екінші топтағы мүгедектердің үлесі басым – 60 %, бірінші топ мүгедектері – 11 %, үшінші топтағылар – 29 % болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет