«Қолданбалы ғылымдар»


Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері



бет136/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері.
МҮГЕДЕКТІК, м е д и ц и н а д а — науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицинада әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады. Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиникалық болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектер 3 топқа бөлінеді.
І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.
Мүгедек — өзгеріп тұратын категория. Мысалы аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдемкемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектер тобын әлеуметтік - қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет