«Қолданбалы ғылымдар»


Мүгедектер өмірінің ерекшеліктерін анықтау



бет138/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Мүгедектер өмірінің ерекшеліктерін анықтау.
Мүгедек болып қалған адамдар үшін өмірідің жаңа кезеңі басталады: қалыптасқан өмірлік стереотиптері, әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі, тұлғаның қоғамдағы орны өзгереді, маңызды биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандуруда кедергілер пайда болады. Осыған орай қазіргі таңда реабилитология ғылым және шаралар жүйесі ретінде дами бастады, мүгедектікке ұшырататын факторлардың қатарын азайтуға және қоғамда әлеуметтік бейімделуге жағдай жасауға бағытталған.
Мүгедектер өздерінің өмірлік әрекетінде біршама шектелген, кедергісіз ортаны қалыптастыру мүгедек үшін өте қажет. Мүгедектердің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сай, ортаға бейімделуіне бағытталған бағдарламалар біршама шектелген.
Мүгедектердің өмір әрекеті салаларының ішіндегі ең негізгілері – бейімделу мен тұрмыс. Бұл салалардың ерекшелігінің мәні, мүгедектерді өмірге бейімдеу қажет. Дені сау адам ортаға өзі бейімделеді, ал мүгедектерге бейімделу үшін көмек қажет. Ортаны мүгедектердің мүмкіндіктеріне сай қалыптастыру керек, ол өзін жұмыста да, үйде де және қоғамдық орындарда да дені сау адамдармен тең дәрежеде сезінуі үшін. Мүгедектердің өмір әрекетін ұйымдастырудағы мұндай келіс «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қоғау» туралы Заңы бар (8-14 бап).
Барлық мүгедектер әр түрлі негіздерге сай бірнеше топтарға бөлінеді. Жасына байланысты: мүгедек балалар, жас мүгедектер, қартайған жастағы мүгедектер. Мүгедектіктің себептеріне байланысты: бала жастан мүгедектер, жалпы аурулар мүгедектері, соғыс мүгедектері, еңбек мүгедектері. Еңбек әрекетіне байланысты: еңбекке жарамды және жарамсыз, I топ ( жарамсыз), II топ (уақытша жарамсыз немесе шектелген салаларда жарамды), III топ (еңбекте аяушылық жағдайда жарамды). Мүгедектер аурудың түріне байланысты мобильді немесе қозғала алмайтын болып бөлінеді.
Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру.
Кемтар адамдардың құқықтық мәртебесінің мазмұны мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қолданыстағы жүйесімен айқындалады. Халықаралық қоғамдастық мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жақында ғана назар аударды. 70 жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау шараларынсыз
мүгедектердің барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы басты орын алды. Адам құқықтары туралы халықаралық биллде жария етілген адамгершілік қадір – қасиетті кемсітпеу проблемасын зерделеу және мүгедектердің құқықтарын қорғау жәніндегі практикалық іс - әрекет олардың құқықтарын қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады.
Мүгедектердің құқықтарына арналған халықаралық құжаттардың тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының ақыл – есі кем адамдардың құқықтары туралы декларацияны қабылдаған 1971 жылдан басталады. Мүгедектердің қанағаттанарлық өмірге құқықтарын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы сипаттағы халықаралық – құқықтық құжат БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 қарарымен бекітілген «Мүгедектердің құқықтары туралы декларация» болды.
1976 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылды Халықаралық мүгедектер жылы, ал 1983 жыл мен 1992 жылдың аралығындағы кезеңді – БҰҰ мүгедектерінің онжылдығы деп жария етті. Халықаралық мүгедектер жылын өткізудің аса маңызды нәтижесі 1982 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды. Осыдан 1993 жылға дейін қабылданған мүгедектердің құқықтары жөніндегі халықаралық – құқықтық құжаттар мүгедектердің жекелеген проблемаларын шешті, бірақ мүгедектердің құқықтарын тұтас қорғаған жоқ: мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Конвенциясы (№159, 1983 жыл), мүгедектерді кәсіби оңалту мен жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Ұсынымы (№168, 1988 жыл). Мүгедектерге қатысты адам ресурстарын дамыту саласындағы қызметте басшылыққа алынатын Талин қағидаттары (1991жыл), Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары (1991 жыл) . Тек 1993 жылы мүгедектердің құқықтарына арналға негізгі жан-жақты құжат - Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерге қамтамасыз етудің стандарттық ережелері қабылданды.
1993 жылы 14 – 25 маусымда Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі дуниежүзілік конференцияда қабылданған Іс-қимыл бағдарламасының «Теңдік, қадір-қасиет, шыдамдылық» деген тарауында адам құқықтарының әмбебаптығы және мүгедектерге әдейі немесе абайсыз көзқарасы бойынша кемсітушілікке тыйым салу қағидаты ерекше атап өтілді.
Мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту мәселелері БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен кездесулердің күн тәртібіне жиі енгізіле бастады. Мәселен, 1995 жылы 15 қыркүйекте Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші дүниежүзілік конференцияда қабылданған Пекин декларациясы мен іс-қимылдар платформасында мүгедек әйелдерге қатысты ережелер, бағдарламалар мен шаралар толық мазмұнда берілген.
Мемлекеттің өз азаматтары туралы реттелген, жүйелі қамқорлығы, ең алдымен, сол немесе өзге топтағы халықтың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты халықаралық стандарттарды мемлекеттік сақтауға дайындығының деңгейін сипаттайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттардан көрінеді.
Кемтар адамдардың құқықтары мен бостандықтарын заңнамалық тұрғыдан реттеу мәселесі, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша мемлекеттің міндеттері аса маңызды, өйткені мұндай адамдардың жағдайы мемлекет тарапынан сенімді кепілдің болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасында мүгедектерге қатысты ұлттық саясат нормативтік құқықтық актілер мен тұжырымды құжаттарда өз көрінісін тапты. Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедектердің әлеуметтік жағдайы мен құқықтарын қорғау мәселелері «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» ҚР-ң 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәремақылар туралы» 1997жылғы 16 маусымдағы ҚР-ның Заңы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі ҚР-ның Заңы сияқты бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттеледі. Құқықтық қолдану тәжірибесі тұрғысынан қарағанда, қазіргі кезде қолданылатын, негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылатын «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» ҚР-ның Заңы аса маңызды болып табылады. Осы Заңның кіріспесінде жазылғандай, оның мақсаты мүгедектердің тұрмыс тіршілігінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау болып табылады.
Алайда, ондаған жылдар бойы мүгедектердің құқықтарының жиынтығын айқындай, мүгедектер мен мемлекет арасындағы қатытынастарды реттей отырып, мазмұны бойынша мүгедектер жөнінде ұлттық құқық қорғау стандартының көрініс болып табылатын осы заңы тиісті түрде халықаралық стандарттарға сай келмеді, әрі мүгедектерге тең мүмкіндіктер мен құқықтарды ұсынуда мемлекеттік саясаттың дамуына ықпал етпеді. Заң кемтар адамдардың ерекше құқықтары мен қажеттілік мәселелерін де қамтымады. Сол уақытта осындай нормативтік құқықтық актінің аясында бірінші кезекте мүгедектердің барлық қызмет саласындағы аса мұқтаждықтары мен нақты қажеттіліктері орын алуға тиіс.
Заңда мүгедектердің негізгі құқықтарын іске асыру тәртібі айқындалса да, олардың орындалмағаны үшін жауапкершілік көзделсе де, осы нормативтік құқықтық актінің көптеген талаптары әлі күнге дейін мойындалмады. Қойылған талаптарды, мысалы, мүгедектердің көпшілік пайдаланатын орындарға, қалалық инфрақұрылым объектілері мен қоғамдық көлікке кедергісіз кіру үшін тиісті жағдай жасауға қойылған талаптарды сақтамағаны үшін, кез келген меншік нысанындағы субъектілерге әкімшілік сипаттағы санкциялар болса да, әлі күнге дейін мүгедектер үшін қол жетпейтін күйінде қалды. Осылайша, мүгедектердің құқықғы тұжырымдамасының негізгі қағидасы – құқықтарды пайдаланудағы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етілу бұзылады.
Заң ережелерінің тиімсіздігінің негізгі көрінісі – мүгедектердің қоғамдағы тіршіліктің барлық салаларына бейімделуін ынталандыруға бағдардың болмауында. Осыған байланысты, мүгедектердің жағдайын түбірімен жақсартуға ықпал ететін, мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғалу туралы заңының бұрынғысынан да жаңа, үздік құқықтық актіні әзірлеу қажеттігі де туындады.
Мүгедектердің жиі бұзылатын құқықтарының бірі – жұмыс берушінің кінәсінен, өндірісте еңбек мертігуін алған кезде тиісті өтемақы алу құқығының бұзылуы болып табылады.
Мүгедектердің тағы бір өзекті проблемаларының бірі медициналық – әлеуметтік сараптама комиссиялары шешімдер қабылдау кезінде, мүгедектікті тағайындағанда, ұсынатын емдеуші дәрігерлердің қортындыларын басшылыққа алмайтыны, азаматтардың денсаулығының едәуір нашарлағаны туралы шағымдарын ескермейтіні.
Қазақстанда мүгедектіктің туындауына байланысты пайда болатын қатынастарды реттейтін мемлекеттік саясат пен ұлттық заңнама негізінен еліміздің экономикалық даму деңгейінің өсуіне сәйкес, мүгедектердің тұрмыс – тіршілігінің қарапайым жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер мүгедектердің құқықтары туралы тұжарымды құжаттар көбінесе халықаралық стандарттарды сақтау қажеттігін ескерсе, ұлттық заңнама олармен толық келісе бермейді. Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі көптеген нормативтік құқықтық актілер ескірді және бөлімдері де бір-біріне қайшы келеді, мүгедектердің құқықтары туралы нормалар жүйелендірілмеген.
Мүгедектердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауға кепілдік беретін нормаларды іске асыруда проблемалар кездеседі. Заңнама талаптары бірқатар себептер бойынша орындала бермейді: заңдарды орындау үшін, заңға тәуелді актілердің, оны іске асырудың айқын, әрі нақты тетіктерінің, бірыңғай бақылаушы органның жоқтығы, қаржы ресурстарының тапшылығы.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер көбінесе әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қорғауға, қайғылы оқиға, ауру, генетикалық ауру сияқты мүгедектіктің нақты оқиғаларының салдарын жоюға бағытталған. Халықаралық стандарттар мүгедектік проблемасын ушықтыратын және сол арқылы мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және экономикалық өмірге қатысу мүмкіндігін шектейтін барлық - әлеуметтік, экономикалық, институтционалдық және саяси кедергілерді жою қажеттігін талап етеді.

Бақылау сұрақтары:


1. Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері.
2. Мүгедектіктің тағайындалуы туралы шешім.
3. Мүгедектер өмірінің ерекшеліктерін анықтау.
4. «Мүгедектердің құқықтары туралы»Конвенциия мен халықаралық құжаттарға шолу.
Әдебиет:
Н.ә:3,4,5
Қ.ә:6,7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет