«Қолданбалы ғылымдар»



бет34/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Негізгі мақсаты: Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарымен таныстыру.
Жоспар:

  1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар.

  2. Аттестация өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

  3. Біліктілік тестілері.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 25-ө бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары. Осы біліктілік талаптары халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мынадай әлеуметтік қызметкерлерге қойылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) әлеуметтік қызмет жөніндегі маман;
3) үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Әлеуметтік қызметкер:
- "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Неке және отбасы туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
- арнаулы педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс негіздерін білуге тиіс.
1.Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- жоғары білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша);
- мамандығы бойынша кемінде 3 жыл немесе әлеуметтік қызмет жөніндегі маман лауазымындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Әлеуметтік қызмет жөніндегі маманның біліктілігі мынадай талаптардың біреуіне сәйкес болуға тиіс:
- жоғары білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша) және мамандығы бойынша немесе арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
- техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс бойынша, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша), мамандығы бойынша немесе арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- техникалық және кәсіптік немесе ортадан кейінгі білім (әлеуметтік жұмыс бойынша болғаны дұрыс, медициналық, психологиялық, педагогикалық бейіндер бойынша).
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N25-ө бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін айқындайды. Аттестаттауға арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер жатады. Аттестаттаудың негізгі мақсаты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдістерді білетін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады. Аттестаттау бес жылда кемінде бір рет өткізіледі, бұл ретте бала күтімі жөніндегі демалыста жүрген әлеуметтік қызметкерлер қызметке шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.
Аттестаттау:
1) біліктілігі бойынша тестілеуді;
2) әңгіме жүргізуді;
3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығаруды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет