«Қолданбалы ғылымдар»


Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру



бет35/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

2.Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық республикалық маңызы бар қаланың, елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – облыстық уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар мен күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – аудандық уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады. Комиссия, саны кемінде бес адамнан тұратын мүшелерден және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияны тиісті уәкілетті органның Төрағасы болып табылатын бірінші басшысы, не оның орынбасары басқарады. Комиссияның төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жауапты болады. Комиссияның құрамына арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелеріне жетекшілік ететін тиісті уәкілетті органның қызметкерлері, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің өкілдері мен жоғары оқу орындарының арнаулы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келісім бойынша) енгізіледі. Комиссияның хатшысы комиссия қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және шешім қабылдауға қатысуға құқығы жоқ. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Аттестаттау комиссиясы әлеуметтік қызметкерді аттестаттауды оның қатысуымен жүргізеді. Аттестатталушы дәлелді себеп бойынша комиссия отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау жөніндегі мәселе келе алмаған күннен бастап 1 айдан кем емес мерзімге ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет