«Қолданбалы ғылымдар»



бет37/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

Қайталап аттестаттау. Қайталап аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейін, осы Ережеде айқындалған тәртіппен өткізіледі.
- 20. Комиссия қайта аттестаттаудың нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне лайықты;
2) атқаратын қызметіне лайықты емес.
Әлеуметтік қызметкерлердің аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту қорытындылары комиссияның төрағасы мен оның басқа да мүшелері қол қоятын хаттамалық шешімде тіркеледі.

7дәріс.


Тақырып.«Астана қаласының психоневрологиялық медико-әлеуметтік балалар мекемесінде» ММ арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы.
Негізгі мақсаты: Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарымен таныстыру.
Жоспар:
1.Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар.
Түйін сөздер:психоневрологиялық медико-әлеуметтік балалар мекеме,


Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) мүгедектерге, оның iшiнде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) мүгедектерге, оның iшiнде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың:
1) ғимаратқа (үй-жайға) құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң немесе ғимаратқа (үй-жайға) жалдау шартының және көрсетiлген ғимараттың (үй-жайдың) техникалық түгендеу органы берген әр қабаты бойынша жоспарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiмен расталатын, мүгедектерге, оның iшiнде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету үшiн жарамды меншiк құқығындағы немесе жалдау шарты негiзiндегi ғимараттың немесе үй-жайдың;
2) мүгедектерге, оның iшiнде психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң;
3) халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң белгiленген стандартына сәйкес жатын алаңының;
4) стандарттардың, техникалық шарттардың және басқа да нормативтiк құжаттардың талаптарына жауап беретiн, өтiнiш берушiнiң меншiк құқығындағы жабдықтардың, аппаратураның, аспаптардың, жиһаздың, мүкәммалдың, көлiк және басқа да құралдардың саны мен сапасы туралы өтiнiш берушiнiң мәлiметтерiмен расталатын, көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң тиiстi сапасын қамтамасыз ететiн материалдық-техникалық базаның;
5) өтiнiш берушiнiң мәлiметтерiмен расталатын, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшiн - психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалардың дене, сенсорлық, моторлық және жеке дамуына арналған ойын материалының;
6) қызметкерлер туралы мәлiметтермен (кәсiптiк бiлiмi, бiлiктiлiгi, сертификаты (қажет болған кезде), кәсiптiк даярлығы және қайта даярлығы, өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi бiлiмi мен тәжiрибесi бар) расталатын халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандартымен және әлеуметтiк қызмет көрсету стандартымен белгiленген штаттық нормативтерде көзделгеннен кем емес қызметкерлер штатының;
7) медициналық және дәрiгерлiк қызметке лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң;
8) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар үшiн - өтiнiш берушiнiң бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң болуын көздейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет