Біліктілігі бойынша тестілеу. Тестілеу тиісті уәкілетті орган бекіткен 80 сұрақтан тұрады. Тестілік тапсырмалар әлеуметтік қызметкерлердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға тиіс. Тестілеу нәтижелері баллмен бағаланады және сол тапсыру күні хабарланады. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады. Жазбаша тестілеу бойынша 50-ден кем балл жинаған әлеуметтік қызметкерлер әңгімелесуге жіберілмейді және қайта аттестаттауға жатады.
Әңгімелесуді өткізу.Аттестатталатын әлеуметтік қызметкермен әңгімелесу шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтуге тиіс. Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзіреттілігі деңгейін анықтауға бағытталған және оның лауазымына сәйкес болуға тиіс. Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын қызметіне лайықты;
2) қайта аттестаттауға жатады.