7. МӘҰ-дан шығару (шығарып жiберу), уақытша кету және ауыстыру шарттары 39. Қамқорлықтағы адамдарды МӘҰ-дан шығару:
1) заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi бойынша;
2) қамқорлықтағы адамға үшiншi топтағы мүгедектiк белгiленген, оның өзiнiң тұратын жерi және өмiр сүруiне қажеттi қаражаты болған жағдайларда жүзеге асырылады.
40. Қамқорлықтағы адамның жеке уәждемесi бойынша уақытша (үш айға дейiнгi мерзiмге) шығуына МӘҰ әкiмшiлiгiне жазбаша хабарланып, МӘҰ дәрiгерiнiң қорытындысы ескерiле отырып және заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi болғанда рұқсат етiледi.
Заңды өкiлдерiне (туыстарына) барып-келу сапарына байланысты шығыстар өтелмейдi.
41. Қамқорлықтағы адамды, МӘҰ-дан одан әрi оңалту үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге медициналық қызметке лицензиясы бар өзге ұйымға шығару туралы шешiмдi, МӘҰ тәртiпаралық комиссиясының қорытындысын ескере отырып және қабылдаушы тараптың оны ұстауға әрi қажеттi күтiммен қамтамасыз етуге келiсiм берген жазбаша мiндеттемесi болған кезде МӘҰ әкiмшiлiгi қабылдайды.
Қамқорлықтағы адам болмаған уақытта МӘҰ басшысы тиiстi бұйрықпен оны үлестен шығарады.
42. Стационарлық үлгiдегi МӘҰ-дан жартылай стационарлық үлгiдегi МӘҰ-ға ауыстыру мүмкiндiгi туралы шешiмдi МӘҰ тәртiпаралық комиссиясының қорытындысын ескере отырып, заңды өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiшi және қабылдаушы тараптың орын беру туралы мiндеттемесi болған кезде МӘҰ әкiмшiлiгi қабылдай алады.
43. Бiр өңiрде орналасқан МӘҰ-дан басқа өңiрде орналасқан МӘҰ-ға ауыстыру тиiстi өңiрлердiң уәкiлеттi органдарымен келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
44. Әлеуметтiк қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалары болған кезде, қамқорлықтағы адамдар мамандандырылған медициналық ұйымға стационарлық емдеуге ауыстырылады.
45. Қамқорлықтағы адамды шығарған немесе ауыстырған кезде МӘҰ әкiмшiлiгi қамқорлықтағы адамға шығару немесе ауыстыру эпикризiн ресiмдейдi.
46. Қамқорлықтағы адамдарды шығару (шығарып жiберу), уақытша шығару, ауыстыру МӘҰ басшысының бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
47. Шығару, уақытша шығару немесе ауыстыру кезiнде қамқорлықтағы адамға жеке және маусым бойынша өзiне бекiтiлген киiмi мен аяқ киiмi, МӘҰ-да сақталған құнды заттары, құжаттары берiледi.
48. Психоневрологиялық аурулары бар адамға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi уақытша болу жағдайында белгiлеген жағдайда арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетушi мен психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамның заңды өкiлдерi арасында шарт жасалады, онда уақытша болу мерзiмi, қызмет көрсетудiң көлемi, түрлерi және шарттары айқындалады.