«Қолданбалы ғылымдар»


Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң әртүрлi түрлерiн



бет96/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

6. Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң әртүрлi түрлерiн
ұсынуға талаптар
31. Әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтер:
1) берiлетiн тұрғын орынжай санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес болуға және қамқорлықтағы адамдар тұрмысының қолайлылығын қамтамасыз етуге тиiс. Қамқорлықтағы адамдарды тұрғын орынжайларға (бөлмелерге) орналастырған кезде олардың физикалық және психикалық жай-күйi, өзара психикалық үйлесiмдiлiгi, жеке даму және әлеуметтену деңгейi ескерiлуге тиiс;
2) қамқорлықтағы адамдардың пайдалануына берiлетiн жиһаздар, жабдықтар, жұмсақ инвентарь Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес келуге тиiс;
3) қамқорлықтағы адамдарға берiлетiн жиһаздар мен төсек-орын жабдықтары пайдалануға ыңғайлы, қамқорлықтағы адамдардың физикалық жай-күйiн ескере отырып таңдалған, заманауи дизайн талаптарына жауап беруге тиiс;
4) қамқорлықтағы адамдардың пайдалануына берiлетiн киiм, аяқ киiм, iш киiм киюге ыңғайлы, қамқорлықтағы адамдардың бойы мен өлшемдерiне сәйкес келуге, мүмкiндiгiнше олардың сұраған фасоны мен түсiне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап беруге тиiс;
5) ыстық, оның iшiнде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзiрленуге, теңгерiмдiлiгi мен калориялылық талаптарына жауап беруге және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1354 қаулысымен бекiтiлген интернат үйлерiнде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтiк қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарында қызмет көрсетiлетiн адамдар үшiн заттай тамақтану нормаларына (бұдан әрi – заттай тамақтану нормалары) сәйкес болуға тиiс.
МӘҰ басшысы ағымдағы апталық ас мәзiрiн және маусымға байланысты (көктем-жаз, күз-қыс) екiншi аптаға перспективалық ас мәзiрiн бекiтедi;
6) бақылау және төсек режимiндегi және денсаулық жағдайына байланысты өзiне-өзi қызмет көрсетудiң қарапайым рәсiмдерiн орындай алмайтын қамқорлықтағы адамдарға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтiк-тұрмыстық қызмет көрсету оларға қажеттi рәсiмдердi олардың денсаулығына қандай да бiр зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етуге тиiс (бұл қызметтердi көрсету кезiнде қызмет көрсетушi қызметкерлердiң қамқорлықтағы адамдарға қатысты ерекше сыпайылығы қажет);
7) созылмалы дамушы аурулар немесе терминалды даму жағдайындағы қамқорлықтағы адамдарға бағытталған паллиативтi көмектiң тиiмдiлiгiн, сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында паллиативтi көмек палаталары (бөлiмшелерi) құрылады.
8) қамқорлықтағы адамдарды емдеуге, оқытуға, мәдени шараларға қатысуға тасымалдау автокөлiк құралдарын пайдаланудың нормативтерi мен ережесiн, жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады;
9) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (iш киiмдi, киiмдi, төсек-орын жабдықтарын жуу, кептiру, үтiктеу, дезинфекциялау) оның сапасы мен уақтылылығын қамтамасыз етуге тиiс;
10) дiни ғұрыптарды орындау үшiн жағдай жасау кезiнде қамқорлықтағы адамдардың дiни наным-сенiмi, жасы, жынысы, физикалық хал-жайы, әртүрлi концессияларда қабылданған дiни салттардың ерекшелiгi қатаң түрде ескерiлуге тиiс;
11) қалааралық телефон байланысы қызметтерiн көрсету;
12) хат жазу және оларды оқуда көмек көрсету;
13) жерлеу қызметiн ұйымдастыру қайтыс болған қамқорлықтағы адамның заңды өкiлi, туыстары болмағанда немесе олар қайтыс болған адамның мүрдесiн алудан бас тартқан жағдайда жүзеге асырылады.
Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман МӘҰ-да әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтердiң көрсетiлуiне iшкi бақылауды жүзеге асырады, оның қорытындыларын журналға/электронды картотекаға белгiлейдi.
32. Әлеуметтiк-медициналық қызметтер:
1) тексеру;
2) дәрi-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру емдеушi дәрiгерлердiң тағайындауына сәйкес жүзеге асырылады;
3) қажет болған кезде жүрiп-тұруына көмек көрсетiледi;
4) медициналық рәсiмдердi жүргiзу (дене температурасын, қан қысымын өлшеу, компресс қою, таңып байлау, ойылуларды, жарақат беттерiн тазарту, тазалау клизмалары) және денсаулыққа байланысты басқа да рәсiмдердi орындауға (дәрi қабылдау, тамшы тамшылату, түтiк сүңгiнi пайдалану және басқа да рәсiмдер) көмек көрсету, қамқорлықтағы адамдарға қандай да зиян келтiрiп алмай өте зор мұқияттылықпен және сақтықпен жүзеге асырылады;
5) емдеу-сауықтыру iс-шараларын ұйымдастыру қамқорлықтағы адамның соматикалық жай-күйiн, оның жеке қажеттiлiктерiн ескере отырып, жүргiзiледi;
6) қамқорлықтағы адамдарды ауруханаға жатқызуға жәрдемдесудi және денсаулық сақтау ұйымына бiрге баруды әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман және (немесе) жетекшi дәрiгер жүзеге асырады;
7) МӘҰ-да паллиативтi көмек қызметтерiн көрсету психологиялық шиеленiсудi азайту мақсатында, қамқорлықтағы адамдарды қажет болған сәттен бастап өмiрiнiң соңғы күнiне дейiн бақылаудың айқын сабақтастығы мен үздiксiздiгiн ұйымдастыру үшiн жүзеге асырылады.
Паллиативтi көмек палаталарында (бөлiмшелерiнде) дәрiгердiң ұйғарымы бойынша медициналық қызметкерлердiң (медициналық бике) тәулiк бойы бақылауы белгiленедi, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер тағайындалады, дәрi-дәрмекпен, құралдармен және техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен оңалту құралдарына және қамқорлықтағы ауыр науқас адамдарды күтiмiне қажеттiлiк айқындалады;
8) паллиативтi көмек көрсету мәселелерi жөнiндегi денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара iс-әрекеттi әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман мен жетекшi дәрiгер жүзеге асырады;
9) медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге жәрдемдесу куәландырылатын адамдардың оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеудi қоса алғанда, әлеуметтiк қорғау шараларына қажеттiлiктерiн ағза функциясының тұрақты бұзылуы тудырған тұрмыс-тiршiлiгiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде, дұрыс айқындауда медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссияның бiлiктi көмек көрсетуiн қамтамасыз етуге тиiс;
10) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшiн жүйелi орындау мақсатында олардың қолжетiмдi және денсаулыққа қауiпсiз дене жаттығулары кешенiн меңгеруiн қамтамасыз етуге тиiс;
11) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес әлеуметтiк-медициналық сипаттағы оңалту iс-шараларын жүргiзу қамқорлықтағы әрбiр адам үшiн әлеуметтiк-орта бағдары мен әлеуметтiк-тұрмыстық бейiмделуден, қалпына келтiрушi терапия, қайта қалпына келтiру хирургиясы, протездеу және ортездеуден құралған медициналық оңалтудан тұратын әлеуметтiк оңалту бойынша iс-шаралар жиынтығын орындауды қамтамасыз етуге тиiс;
12) протездiк-ортопедиялық және есту-протездеу көмегiн алуға жәрдемдесу қамқорлықтағы адамның iс жүзiндегi қажеттiлiктерiне сәйкес жүзеге асырылады;
13) қамқорлықтағы адамның денсаулығының жай-күйiн ескере отырып, қажет болған жағдайда күтiмдi, оның iшiнде санитарлық гигиеналық қызметтер көрсетудi (ысқылау, жуындыру, гигиеналық бұлаулар, тырнақ алу, шаш тарау) қамтамасыз ету;
14) медициналық-әлеуметтiк мәселелер бойынша консультация беру қамқорлықтағы адамдарға олардың алдында тұрған нақты әлеуметтiк-медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын жай гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлi аурулардың алдын алу, қамқорлықтағы адамның отбасы мүшелерiн (туыстарын) оларды күтудiң практикалық дағдыларын үйрету және де басқа) дұрыс түсiну және шешуде бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
15) медициналық-әлеуметтiк тексерудi МӘҰ дәрiгерлерi мынадай мақсатта:
жеке сипаттағы медициналық-әлеуметтiк қызметтердi әзiрлеу;
алғашқы медициналық тексерудi және алғашқы санитарлық тазалауды жүргiзу;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;
медициналық-психологиялық көмектi ұйымдастыру;
тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға жәрдемдесу;
бiлiктi медициналық, оның iшiнде медициналық ұйымдар мамандарының консультациясын ұйымдастыру;
қамқорлықтағы адамдардың медициналық айғақтамалар мен балалардың жас ерекшелiктерiне қарай «денсаулық топтарын» қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
жас өзгерiстерi мәселелерiн шешу үшiн санитарлық-ағартушылық жұмыс жүргiзудi жүзеге асырады.
Әлеуметтiк-медициналық iс-шараларды жүргiзу қажет болған кезде түзетiледi және жеке жоспарда, журналда/электронды картотекада белгiленедi.
33. Әлеуметтiк-психологиялық қызметтер:
1) психологиялық диагностика және қамқорлықтағы адамды зерттеп тексеру МӘҰ басшылығы бекiтетiн психодиагностикалық жиынтық негiзiнде жүзеге асырылады;
2) жеке жоспарды әзiрлеу диагностиканы, түзеудi, әлеуметтiк-психологиялық консультация берудi жүзеге асырушы, әлеуметтiк-медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсетушi мамандардың жазбаша түрде ресiмделетiн ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырылады;
3) психологиялық консультация беру отбасылық жанжалдың алдын алу және жеңу үшiн қамқорлықтағы адамдарға маңызды қатынастар мәселелерi бойынша тұлғааралық қарым-қатынастарды жақсарту бойынша бiлiктi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
4) әлеуметтiк-психологиялық консультация беру қамқорлықтағы адамнан алған ақпараттың және туындаған әлеуметтiк-психологиялық проблемаларды талқылау негiзiнде оны анықтап, iшкi ресурстарын жұмылдыруға және бұл проблемаларды шешуге көмек көрсетуге тиiс;
5) психодиагностика және тексеру қамқорлықтағы адамның жүрiс-тұрысында және айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста ауытқушылықтарға әсер ететiн оның психикалық жай-күйiн және жеке тұлғалық ерекшелiгiн анықтау мен талдаудың нәтижесi бойынша түзету iс-шараларын жүргiзу бойынша болжам жасау және ұсынымдарды әзiрлеу үшiн қажеттi ақпарат беруге тиiс;
6) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық түзету қамқорлықтағы адамдардың жүрiс-тұрысындағы, эмоционалдық жай-күйiндегi ауытқушылықтарды (жекелеген адамдардың эмоционалдық жауап қайтару және мiнез стереотипiнiң жайсыз формалары, жайсыз қарым-қатынастар және мiнез-құлқындағы басқа да ауытқулар) жеңу немесе бәсеңдетудi қамтамасыз етуге тиiс, бұл аталған көрсеткiштердi жас нормалары мен әлеуметтiк орта талаптарына сәйкес келтiруге мүмкiндiк бередi;
7) психотерапевтiк көмек қамқорлықтағы адамдардың өмiрлiк қиындықтар мен жеке бас шиеленiстерiнiң негiзiнде жатқан ауыр психологиялық жара салу немесе стресс жағдайларын жеңу, өмiрi мен тұрмысының өзгермелi әлеуметтiк-экономикалық жағдайына әлеуметтiк бейiмделу сияқты және басқа да проблемаларды тиiмдi шешуiне жәрдемдесуге тиiс;
8) белсендi психологиялық ықпал ретiнде психологиялық тренингтердiң психологиялық жара салу жағдайларының, нервтiк-психологиялық шиеленiстердiң салдарын жоюда, тұрмыс-тiршiлiктiң асоциалды нысанын жеңушi адамдарға әлеуметтiк бағалы нормаларына дағдыландыруда, өзгермелi жағдайларға бейiмделу үшiн тұлғалық алғышарттарды қалыптастырудағы тиiмдiлiгiмен бағалануға тиiс;
9) қамқорлықтағы адамдарды өзара қолдау топтарына, қарым-қатынас клубтарына қатысуға тарту олардың дискомфорт жағдайынан (егер ол болса) шығуына, психикалық денсаулығын сақтау және нығайтуға, стреске төзiмдiлiгiн, ең алдымен тұлғааралық байланыс және қарым-қатынас саласында психологиялық мәдениет деңгейiн арттыруға көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
10) шұғыл (телефон арқылы) психологиялық және медициналық-психологиялық көмек: қамқорлықтағы адамдарға дереу психологиялық консультация берудi, дағдарыс жағдайынан шығу үшiн олардың физикалық, рухани, тұлғалық, зияткерлiк ресурстарын жұмылдыруға, туындаған проблемаларды өздiгiнен шешу және қиындықтарды жеңу, өзiне деген сенiмiн нығайту үшiн қолдануға болатын құралдардың диапазонын кеңейтуге жәрдемдесудi, сондай-ақ медициналық-психологиялық консультация беру және алдын ала диагнозын айқындауда, медициналық көмек келгенше дәрi-дәрмектi дұрыс таңдау және оны қабылдау тәртiбiн айқындауда көмек көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс;
11) әңгiмелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсендiлiкке ынталандыру, өмiрлiк тонусын психологиялық қолдау қамқорлықтағы адамдардың психикалық денсаулығын нығайтуға, олардың стреске төзiмдiлiгiн арттыруға және психикалық қорғауды қамтамасыз етуге тиiс. 
Әлеуметтiк-психологиялық iс-шаралардың нәтижелерi және көмектiң уақтылы көрсетiлуiн бақылау қорытындысы журналда/электронды картотекада көрсетiледi.
34. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтер:
1) әлеуметтiк-педагогикалық диагностика жүргiзу және 18 жастан 23 жасқа дейiнгi қамқорлықтағы адамдарды бiлiм, бiлiк және дағды деңгейлерiн тексерудi дефектолог мұғалiм жүргiзедi;
2) әлеуметтiк-тұрмыстық дағдыларды (өзiне өзi қызмет көрсету, жеке гигиена, тамақ дайындау, киiмдi ұсақ жөндеу, тұрғын жайды күту және тағы да басқалай), әлеуметтiк-еңбек дағдылары және әлеуметтiк бейiмделу дағдыларын (тұрмыста және қоғамдық орындарда өзiн өзi ұстау, қарым-қатынас жасау дағдылары және тұрмыс-тiршiлiктiң басқа да нысандары) қалыптастыру жөнiндегi жұмыс фронтальдi және жеке жұмыс жоспары бойынша жүргiзiледi;
3) әлеуметтiк-тұрмыстық қызметтi iске асыру үшiн тұрмыстық бағдар негiздерi мен қол шеберлiгiне үйретуге жәрдемдесетiн арнайы кабинеттер құрылады.
Қамқорлықтағы адамдардың қажеттi дағдыларын қалыптастырудың нәтижелерiне аралық бағалауды тоқсан сайын жүргiзу, сондай-ақ жеке жоспарларға өзгерiстер енгiзу, аралық бағалау нәтижелерi жеке жоспарларда, журналда/электронды картотекада көрсетiледi.
35. Әлеуметтiк-еңбек қызметтерi:
1) қамқорлықтағы адамдардың еңбек дағдыларының деңгейi бойынша тексеру жүргiзiледi, тексеру нәтижелерi жеке жоспарда көрсетiледi;
2) қамқорлықтағы адамдардың жеке қажеттiлiктерiнiң негiзiнде:
арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда) еңбекпен оңалту;
шамасы келетiн еңбек дағдыларын қалыптастыру үшiн фронтальдi және жеке сабақтар;
қамқорлықтағы адамдардың еңбек қызметiне оның әртүрлi бағыттарын (түрлерiн) реттеу мақсатында тарту бойынша iс-шаралар;
МӘҰ ұжымының қоғамдық өмiрiне қатысу үшiн қамқорлықтағы адамдарды олардың қалдық еңбек мүмкiндiктерiн пайдалана отырып және әлеуметтiк және коммуникативтiк байланыстарын жөнге сала отырып, әлеуметтiк-еңбек қызметiне тарту бойынша iс-шаралар еңбек тағайындалады.
тиiстi дағды, бiлiм мен бiлiк қалыптастыру мақсатында еңбек қызметiнiң түрлерi.
3) қолжетiмдi кәсiптiк дағдыларды оқыту, тұлғалық және әлеуметтiк мәртебенi қалпына келтiру бойынша iс-шараларды жүргiзу үшiн жағдай жасалады;
4) қамқорлықтағы адамдар үшiн жұмыс орындарын құру.
36. Әлеуметтiк-мәдени қызметтер:
1) мынадай әлеуметтiк–мәдени қызметтердi көрсету жоспарын әзiрлеу бойынша қызмет жүзеге асырылады:
экскурсия, театрға, көрмелерге, кинотеатрларға бару;
көркемөнерпаздар концерттерiн өткiзу;
мерекелер, мерейтойлар және басқа да мәдени iс-шаралар өткiзу;
2) көркемөнерпаздар үйiрмелерiн ұйымдастыру үшiн жағдай жасалады;
3) қамқорлықтағы адамдармен бiрлесе отырып, концерттердiң бағдарламалары мен өткiзiлетiн iс-шаралардың сценарийлерi әзiрленедi, талқыланады.
37. Әлеуметтiк-экономикалық қызметтер:
1) «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi, «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес тиiстi жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттердi және басқа да төлемдердi алуға жәрдемдесу;
2) банктiк шотта сақталатын ақшаны МӘҰ басшысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2008 жылғы 19 наурыздағы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5193 тiркелген) № 72-ө бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын мүгедектердiң зейнетақы төлемдерiн және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларын пайдалану ережесiне сәйкес қамқорлықтағы адамдардың жеке мұқтаждығына, қосымша тамақ, бiрiншi қажеттiлiк заттарын, жұмсақ және қатты инвентарь сатып алуға пайдаланады;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 3 қарашадағы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5766 тiркелген) № 323-ө бұйрығымен бекiтiлген ең төменгi киiм нормаларына сәйкес қамқорлықтағы адамдардың тиiстi өлшемi мен қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз ету.
38. Әлеуметтiк-құқықтық қызметтер:
1) әлеуметтiк қызмет алу және өздерiнiң мүдделерiн қорғау құқығына қатысты мәселелер бойынша консультация беру;
2) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсететiн және қамқорлықтағы адамдардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтiн ұйымдардың әрекетiне немесе әрекетсiздiгiне шағым дайындау және беруде көмек көрсету;
3) құжаттарды рәсiмдеуге көмек көрсету;
4) заңнамада белгiленген жеңiлдiктер мен басымдықтарды, әлеуметтiк төлемдердi алуға заңгерлiк көмек көрсету және жәрдемдесу;
5) сенiмхат бойынша жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтiк төлемдердi алу;
6) жеке куәлiктi, төлқұжатты, әлеуметтiк төлемдер мен заңды мәнi бар басқа да құжаттарды алу үшiн құжаттарды ресiмдеу;
7) қамқорлықтағы адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн сотта өкiлдiк етудi қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет