«Қолданбалы ғылымдар»



бет98/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

8. МӘҰ-ны басқару
49. МӘҰ-ны уәкiлеттi орган (құрылтайшысы) тағайындайтын және жұмыстан босататын басшы басқарады.
50. МӘҰ-ның әкiмшiлiк-шаруашылық қызметкерлерi штатының санын бюджеттiң қажеттiлiгi мен мүмкiндiктерiн ескере отырып, құрылтайшы өзi белгiлейдi.
Қызметкерлердiң штаттық нормативтерiн құрылтайшы Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартында көзделгеннен кем емес көлемде белгiлейдi.
51. Басшы:
МӘҰ-ның жұмысын ұйымдастырады және МӘҰ-ның санитарлық-гигиеналық және техникалық жай-күйiне, қамқорлықтағы адамдардың ұсталуы мен әлеуметтiк қызметтiң көрсетiлу сапасына жауап бередi;
МӘҰ-ның атынан әрекет етедi, оның атынан мекемелер мен ұйымдарда өкiлдiк етедi, азаматтық заңнамада белгiленген тәртiппен МӘҰ-ның мүлкi мен заттарына иелiк етедi, шарттар жасасады, банктерде МӘҰ шоттарын ашады;
кадрларды iрiктеудi және тағайындауды қамтамасыз етедi, қызметкерлердiң жұмысына, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ МӘҰ-ны қамқорлықтағы адамдармен жасақтауға қатысады;
жабдықталған кабинеттердiң болуын ескере отырып, арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi мамандардың жаңа штаттық бiрлiктерiн қалыптастырады;
МӘҰ қызметiне қатысты бұйрықтар шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады/бұзады, қызметкерлердi көтермелейдi, тәртiптiк жаза қолданады.
52. МӘҰ-да шағымдар мен ұсыныстар кiтабы ресiмделедi, ол МӘҰ-ның басшысында сақталады және келушiлердiң бiрiншi талап етуi бойынша берiледi.
53. Шағымдар мен ұсыныстар кiтабын МӘҰ басшысы апта сайын, ал уәкiлеттi орган (құрылтайшы) ай сайын қарап отырады.
54. МӘҰ басшысы, құрылтайшы мен уәкiлеттi орган «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде шағымдар мен ұсыныстарды қарастырады және өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тиiстi шаралар қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет