«Қолданбалы ғылымдар»


Қамқорлықтағы адамдардың арнаулы әлеуметтiк



бет94/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

4. Қамқорлықтағы адамдардың арнаулы әлеуметтiк
қызметтерге қажеттiлiгiн айқындау және оңалтудың жеке
бағдарламасын әзiрлеу
18. МӘҰ-да тұрақты немесе уақытша тұратын қамқорлықтағы адамдарға арналған арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi мен көлемiн: терапевт, психиатр, психотерапевт, психолог, невропатолог, еңбек жөнiндегi инструктор, дене шынықтыру жөнiндегi инструктор, ән-күй қызметкерi және де басқа мамандар (бұдан әрi – МӘҰ мамандары) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын (бұдан әрi – ОЖБ) ескере отырып айқындайды.
Меншiк нысаны жеке МӘҰ-да қамқорлықтағы адамдарға арналған бюджет қаражатынан тыс көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң түрлерi мен көлемi МӘҰ-ның ауданы, материалдық–техникалық базасы, кадрлық ресурстары және шарт талаптары негiзiнде МӘҰ мен қамқорлықтағы адамның заңды өкiлдерi арасында жасалған келiсiм бойынша айқындалады.
19. Осы Ереженiң 18-тармағына сәйкес айқындалған арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiк негiзiнде МӘҰ мамандары бiр жылға арналған мерзiмге қамқорлықтағы әр қамқорлықтағы адамға жұмыс жоспарын (бұдан әрi - жеке жоспар) әзiрлейдi (осы Үлгi ережеге 3-қосымша).
20. Жеке жоспарды МӘҰ мамандары қамқорлықтағы адамды қарап тексергеннен кейiн ол МӘҰ-ға келiп түскен күннен бастап немесе алдыңғы жеке жоспарының қолданыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн 14 күнтiзбелiк күн iшiнде әзiрленедi, келесi 5 жұмыс күнi iшiнде толтырылады және оны МӘҰ-ның басшысы бекiтедi.
21. Жеке жоспарда көрсетiлген оңалту iс-шаралар кешенi жеке жоспарда белгiленген мерзiмде iске асырылады.
Қамқорлықтағы адамдардың қажеттiлiгi мен олардың өмiр сүру сапасын МӘҰ-ның мамандары ұдайы (тоқсанына бiр реттен кем емес) қарауға және жеке жоспарда көрсетуге тиiс.
Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингi мен қамқорлықтағы адамның жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға/электронды картотекаға тiркейдi (осы Үлгi ережеге 4-қосымша).
22. МӘҰ-да қажеттi мамандар болмаған жағдайда, МӘҰ әкiмшiлiгi жеке жоспарды әзiрлеу, оңалту, психотерапиялық iс-шараларының нәтижелiлiгiн бағалау немесе консультация беру үшiн басқа ұйымдар мен ведомстволардан мамандар тартуына болады.
23. МӘҰ-ның әрбiр маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетуге қатысады.
24. МӘҰ-ның барлық мамандарына қатысты қызметтiк мiндеттерiнiң сапалы орындалуына МӘҰ әкiмшiлiгi тұрақты бақылауды жүзеге асырады.
Жеке жоспар әзiрлеу және iске асырылуын бақылау, оның сапалы орындалуын және қамқорлықтағы адамдарды дұрыс дамыту мақсатында ұдайы мониторинг әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маманға жүктеледi. Жеке жоспардың орындалуының тоқсан сайынғы мониторингi мен қамқорлықтағы адамның жай-күйiндегi өзгерiстердiң қорытындыларын әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман журналға/электронды картотекаға тiркейдi.
25. МӘҰ мамандары тоқсанына кемiнде бiр рет қамқорлықтағы адамдардың жеке жоспарына түзетулер енгiзедi және өткiзiлген iс-шаралар мен тоқсан сайынғы мониторинг нәтижелерiн журналда/электронды картотекада көрсетедi.
26. Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi мамандардың жұмыс сапасы:
1) тұрмыстық және еңбек қызметiне тартылған қамқорлықтағы адамдардың саны бойынша;
2) өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтендiрiлген адамдардың саны бойынша бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет