10-дәріс.Тақырып Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну ережесi
10
Негізгі мақсаты: Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну ережесiмен таныстыру.
Жоспар:
1.Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптар.
Түйін сөздер:психоневрологиялық медико-әлеуметтік балалар мекеме,Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, ПМПК,
Әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 306-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасында 2005 жылғы 23 желтоқсанда тiркелдi. Тiркеу N 3985.
1:
1) Тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары бар балаларға арналған мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi;
2) Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi;
3) Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерiнде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi;
3-1) Мүмкiндiгi шектеулi балаларға, мүгедек балаларға, 1,5 жастан 3 жасқа дейiнгi қатер тобындағы балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгi ережесi;
3-2) Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға жартылай стационар жағдайында әлеуметтiк қызмет көрсетудiң үлгi ережесi;
4) Стационарлық үлгiдегi психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi;
4-1) Жартылай стационарлық үлгiдегi психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi;
4-2) Үйде әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерiнiң әлеуметтiк қызмет көрсету үлгi ережесi;
5) Аумақтық әлеуметтiк қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi;
6) Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-Министрi Т.Қ.Дүйсеноваға жүктелсiн.
Тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылушылықтары
бар балаларға арналған мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк
мекемелер мен мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк
ұйымдарда әлеуметтiк қызмет көрсетудiң
Үлгiлiк Ережесi
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1. Осы Тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балаларға арналған мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелер мен мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдарда әлеуметтiк қызмет көрсетудiң Үлгiлiк Ережесi (бұдан әрi - Үлгiлiк Ереже) меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балаларға арналған мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелердiң және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк ұйымдардың (бұдан әрi - МӘҰ) қызмет тәртiбiн, тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балаларды қабылдау, ұстау және оларды МӘҰ-нан шығару шарттарын белгiлейдi.
2. МӘҰ бөгде адамның тұрақты күтiмiне және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж интеллектi сақталған, 4 жастан 18 жасқа дейiнгi мынадай:
түрлi этиологиядағы церебралды сал, қалпына келтiру және резидуалды кезеңдегi полиемелит салдары, тiрек-қозғалу аппаратының туа бiткен және кейiн пайда болған кемiстiктерi, артрогриппоз, хондродистрофия, тұқым қуалайтын дегенеративтi және жүйке-бұлшық ет аурулары бар тiрек-қозғалу аппараты функцияларының бұзылулары бар балалардың (бұдан әрi - балалар) уақытша немесе тұрақты тұруына арналған.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеудi талап ететiн белсендi процесс стадиясындағы туберкулездiң, карантиндi инфекциялардың, жұқпалы терi мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖҚТБ, психикалық аурулардың, барлық дәрежедегi олигофренияның, жиi эпилептиформалық ұстамалылардың (айына 5 реттен артық), мiнез-құлықтың психоұқсас бұзылушылықтары, қайтымсыз гидроцефалияның, нашақорлық пен жiтi психотикалық симптоматикалы, мiнез-құлықтың психоұқсас түрлерi мен (немесе) интеллектмнестикалық бұзылушылықтары бар алкоголизмнiң болуы МӘМ-де әлеуметтiк қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.
3. МӘҰ заңды тұлға болып табылады және оны құрылтайшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.
4. МӘҰ өз қызметiн құрылтай құжаттарына сәйкес медициналық және бiлiм беру қызметiне арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырады.
5. МӘҰ өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, осы Үлгiлiк Ереженi басшылыққа алады.