«Қолданбалы ғылымдар»


-бөлiм. МӘҰ ұстау жағдайлары



бет44/156
Дата07.02.2022
өлшемі418,81 Kb.
#93079
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   156
Байланысты:
АӘЖБ УМКД 2017 docx

4-бөлiм. МӘҰ ұстау жағдайлары
11. Балаларды ұстау жағдайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, қауiпсiздiк талаптарына, оның iшiнде өртке қарсы талаптарға сәйкес болуға тиiс.
12. МӘҰ ғимараты, оған кедергiсiз кiрудi қамтамасыз ету, ғимараттың iшiнде тұру қолайлылығы, жүрiп-тұру, оңалту және ойын-сауық iс-шараларын өткiзу мақсатында арнаулы құрылғылармен жабдықталады.
13. МӘҰ ғимаратының iшiндегi үй-жайлар көлемi, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз етуге тиiс.
14. Құрылтайшы МӘҰ қазiргi заманға сай техникалық жабдықталуын қамтамасыз етедi.
15. МӘҰ-да ұстаудың бескүндiк (алты күндiк) режимiне рұқсат етiледi.
16. Балалар бөлмелерге денсаулығының жай-күйi, жынысы және жеке басының мүдделерi ескерiле отырып орналастырылады.
17. Әлеуметтiк қызмет түрлерi әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарында көзделгеннен кем емес көлем мен түрде көрсетiледi.
18. Әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету кезiнде баланың жасы мен денсаулығының жай-күйi, мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны ескерiледi.
19. Балаға көрсетiлетiн әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң кезеңдiлiгi мен түрлерiн МӘҰ директоры бекiтедi.
20. МӘҰ-да тұрудың тәртiбi, уәкiлеттi орган немесе құрылтайшы бекiтетiн Iшкi тәртiп ережелерiнде белгiленедi.
21. Балаларға жәрдемақылар және өзге де әлеуметтiк төлемдер қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес төленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет